Тек қана шынайы ақыл жалған сағымдармен күресе алады, тек қана шынайы жүрек өшпенділіктің уын қайтара алады. Қадым замандардан бері қараңғылық бос кеңістікте қанат жайған, бірақ ол тазалыққа, таза жанға орын босатып бере алады. Сен де сол тазалыққа талпын...
Бүгінгі жазбамыз тым қысқа болғанымен, айтар ақылы мол деп ойлаймыз. Төмендегі әуенмен бірге оқып шығыңыз:
Шығыс халықтарындағы тазалықтың 7 ережесі:
1. "Қол тазалығы" – артық нәрсені алмау дегенді білдіреді. Сондай-ақ, кірістің біршама бөлігін мұқтаж жандарға бөліп беру еске алынады.
2. "Құлақ тазалығы" – үрейдің құрсауында жүретін, ашуға берілгіш, ырымшыл адамдардың сөзіне құлақ аспау, бос сөздер мен өсекті сүейтіндерден бойыңды алыс ұстау дегенді білдіреді.
3. "Көз тазалығы" – көзіңді кектен, ашу-ызадан, қызғаныштан, құмарлықтан сақтауды нұсқайды.
4. "Ауыз тазалығы" – бұл дегенің ауызды артық сөзден және балағаттаудан тыю.
5. "Тән және киім тазалығы" – дене мен киімді әрдайым тазалықта ұстау кез келген адамның міндеті.
6. "Ой тазалығы" – басты негативті ойлар мен теріс ниеттерден тазарту, өзіңді аяудан алыс болу.
7. "Жан мен жүрек тазалығы" – бұл өзіңнің ішкі сезімдеріңді кірлетпей, сақтау білу. Сүйіңіз, сүйікті болыңыз, бірақ ақысына ештеме сұрамаңыз. Сүйіспеншіліктің өзі бақыт емес пе?
http://massaget.kz