«Көк Ту және достар» атты анимациялық фильмнің тұсаукесері өтті.
«Жебе» кинокомпаниясы жасап шығарған бұл туынды мемлекеттік рәміздерді, ұлттар мен ұлыстар арасындағы татулықты насихаттайтын тұңғыш қоғамдық саяси идеологиялық бағыттағы қысқаметражды анимациялық фильм.
Фильмнің түсірілімін ұйымдастырған ОҚО Ішкі саясат басқармасы отансүйгіштікке жетелейтін, рухани және отбасылық құндылықтарды бала тілімен дәріптейтін қызықты оқиғаға толы мултьтфильм кішкентай бүлдіршіндердің көңілдерінен шығатынына сенімді екендірін жеткізді.
«Келесі жылы да анимациялық фильм түсіруді жоспарлап отырмыз. Ол «Бір шаңырақ астында жиылған қазақ» деп аталады», – дейді облыстық ішкі-саясат басқармасының бастығы Гүлмира Жаппарқызы.
Жарты жылға жуық уақытта түсіріліп біткен фильмнің авторы Бақытжан Ауданбай.
Baq.kz