Нұржұман Жантөриннің шығармашылығы

20 Қыркүйек 2013, 06:46

Театр және кино актерлерінің әншілік, музыкалық қабілеттері болса, ол көрермен үшін екі есе бақыт. Маршал Жуковтың бейнесін жасаған Михаил Ульянов аккордеоншы, Андрей Миронов, Вахтанг Кикабидзе, Никита Михалков, Владимир Высоцкий – әнші болса, Юрий Никулин циркте жұмыс істеді. Ал, Шәкен Аймановтың домбыра шертіп, ән салғаны «Транссібір экспресі» фильмінде қалса, Кәукен Кенжетаев опера әншісі болып сахнаға шықты.   «Нұрмұхан ағаның көп дүниесін менен артық білетін адам жоқ. Нұрмұхан ағадай «Зәурешті» шырқаған адамды көргенім жоқ. Актерлік шеберлікпен айтатын еді. Ол кісі айтқанда сай-сүйегіңді сырқыратып жіберетін», – дейді Нұржұман аға. Тек осы әннің экранда қалмағаны өкінішті.  Көрнекті жазушы Шыңғыс Айтматов 1998 жылдың 16 маусымында актердің жары М.В. Иовлева-Жантуринаға жазған хатында: «Сізге кештеу хабарласып отырғаныма кешірім өтінем. Менің Нұрмұхан Жан­төриндей керемет тұлғаны тануым тіз­бектелген жылдарға қатысты, оны мен Н.С. Жантөрин кинодәуірі деп атаймын. Арада көп жылдар өткенде ғана біз ақиқатты танып отырмыз. Менің әдеби шығармаларымдағы кейіпкерлер Н.С. Жантөриннің қайталанбас бейнелеуінде экранға шыққанына шексіз бақыттымын. Менің Жантөринмен әрбір кездесуім оған тәнті етіп, мені жаңа іс­терге құлшындыратын. Мен оны мақтан тұтамын. Тума талант әрқашанда жарқырап, сөнбейді. Оның ұлы образы – қазақ және қырғыз кинематографиясының негізін қа­лаушылардың бірі ретінде мәңгілікке есте қалады», – деп жазды.  Нұрмұхан аға «Қазақфильм», «Қыр­ғызфильм», «Өзбекфильм», «Мосфильм», «Ленфильм», т.б. көптеген киностудиялармен шығармашылық байланыста болды. Қазақ актерларының арасында осындай арнада жұмыс жасағандары некен-саяқ. Ол өз қарымын режиссер ретінде байқап «Орман балладасы», «Медальдың үшінші жағы», «Қара маржан» фильмдерін түсірді. Бірақ, қашанда ол актер мамандығына адал болып қала берді. Жантөрин кинодәуірі өткен ғасырдың қырқыншы жылдарының соңынан 1990 жылға дейін созылды.  «Қырғызфильм» киностудиясында монтажер болып 30 жылға жуық еңбек етіп, бүгінде өнер ордасында білім беріп жатқан Ракыя Шершеновадан Нұрмұхан аға жайлы сұрағанымызда: «О, Жантөрин – ұлы актер ғой!» – деп жауап берді. Осы бір ауыз сөз Нұрмұхан Жантөриннің талантына ұялаған ұлылықты паш етіп тұр. Актер пайғамбар жасына қараған шағында дүниеден өтті.   Өнердің басты міндетін Нұрмұхан Жантөрин «Қозы-Көрпеш – Баян сұлу» спектакліндегі кейіпкердің тілімен: «Мен адамдардың бойындағы жағымды қасиеттерін жырлап, жамандығын мінеп өтемін, өйткені халқымның жақсылыққа бет түзеп, қатыгездік пен зұлымдықтан қашық болғанын қалаймын», – деп жеткізді. Жантөрин кинодәуірінен бүгінгі және келер ұрпақтың алар тәрбиесі мен тағылымы мол. Бұл кинотуындылардың адамдық болмысты қалыптастыруға қызмет етері даусыз. Нұрлан Есенов

Театр және кино актерлерінің әншілік, музыкалық қабілеттері болса, ол көрермен үшін екі есе бақыт. Маршал Жуковтың бейнесін жасаған Михаил Ульянов аккордеоншы, Андрей Миронов, Вахтанг Кикабидзе, Никита Михалков, Владимир Высоцкий – әнші болса, Юрий Никулин циркте жұмыс істеді. Ал, Шәкен Аймановтың домбыра шертіп, ән салғаны «Транссібір экспресі» фильмінде қалса, Кәукен Кенжетаев опера әншісі болып сахнаға шықты. 

 «Нұрмұхан ағаның көп дүниесін менен артық білетін адам жоқ. Нұрмұхан ағадай «Зәурешті» шырқаған адамды көргенім жоқ. Актерлік шеберлікпен айтатын еді. Ол кісі айтқанда сай-сүйегіңді сырқыратып жіберетін», – дейді Нұржұман аға. Тек осы әннің экранда қалмағаны өкінішті.

 Көрнекті жазушы Шыңғыс Айтматов 1998 жылдың 16 маусымында актердің жары М.В. Иовлева-Жантуринаға жазған хатында: «Сізге кештеу хабарласып отырғаныма кешірім өтінем. Менің Нұрмұхан Жан­төриндей керемет тұлғаны тануым тіз­бектелген жылдарға қатысты, оны мен Н.С. Жантөрин кинодәуірі деп атаймын. Арада көп жылдар өткенде ғана біз ақиқатты танып отырмыз. Менің әдеби шығармаларымдағы кейіпкерлер Н.С. Жантөриннің қайталанбас бейнелеуінде экранға шыққанына шексіз бақыттымын. Менің Жантөринмен әрбір кездесуім оған тәнті етіп, мені жаңа іс­терге құлшындыратын. Мен оны мақтан тұтамын. Тума талант әрқашанда жарқырап, сөнбейді. Оның ұлы образы – қазақ және қырғыз кинематографиясының негізін қа­лаушылардың бірі ретінде мәңгілікке есте қалады», – деп жазды.

 Нұрмұхан аға «Қазақфильм», «Қыр­ғызфильм», «Өзбекфильм», «Мосфильм», «Ленфильм», т.б. көптеген киностудиялармен шығармашылық байланыста болды. Қазақ актерларының арасында осындай арнада жұмыс жасағандары некен-саяқ. Ол өз қарымын режиссер ретінде байқап «Орман балладасы», «Медальдың үшінші жағы», «Қара маржан» фильмдерін түсірді. Бірақ, қашанда ол актер мамандығына адал болып қала берді. Жантөрин кинодәуірі өткен ғасырдың қырқыншы жылдарының соңынан 1990 жылға дейін созылды. 

«Қырғызфильм» киностудиясында монтажер болып 30 жылға жуық еңбек етіп, бүгінде өнер ордасында білім беріп жатқан Ракыя Шершеновадан Нұрмұхан аға жайлы сұрағанымызда: «О, Жантөрин – ұлы актер ғой!» – деп жауап берді. Осы бір ауыз сөз Нұрмұхан Жантөриннің талантына ұялаған ұлылықты паш етіп тұр. Актер пайғамбар жасына қараған шағында дүниеден өтті. 

 Өнердің басты міндетін Нұрмұхан Жантөрин «Қозы-Көрпеш – Баян сұлу» спектакліндегі кейіпкердің тілімен: «Мен адамдардың бойындағы жағымды қасиеттерін жырлап, жамандығын мінеп өтемін, өйткені халқымның жақсылыққа бет түзеп, қатыгездік пен зұлымдықтан қашық болғанын қалаймын», – деп жеткізді. Жантөрин кинодәуірінен бүгінгі және келер ұрпақтың алар тәрбиесі мен тағылымы мол. Бұл кинотуындылардың адамдық болмысты қалыптастыруға қызмет етері даусыз.

Нұрлан Есенов

Бөлісу: