Нұрмұхан Жантөрин экранда содаған рөлдері

20 Қыркүйек 2013, 06:41

Нұрмұхан Жантөрин экранда Шоқан, Құрманғазы, Бейбарыс, Бату секілді тарихи тұлғалар бейнесін сомдады. Одақ ыдырардың алдында Нұрмұхан ағаны Одесса киностудиясы «Даниил – князь Галицкий» фильміндегі Батудың бейнесін жасауға шақырады. «Шыңғыс ханның осы бір тұнжыр, қатыгез, сонымен қатар ақылды ұрпағы мені қатты қызықтырды. Көптеген кітаптарды ақтарып, ол туралы деректерді там-тұмдап таптым. Содан Еуропа мен Азиядағы моңғол шапқыншылығын қозғаған Бартольдтың, Янның, Чивилихиннің зерттеу мақалаларын оқып шыққаннан кейін фильмге түсү үшін жолға шықтым. Бірақ, онда әріптестерімді 20 күндей күтіп қалдым. Бірақ, оған еш өкінбеймін. Бұл рольден мен керемет ләззат алдым», – деді Нұрмұхан аға.  Расында, актер тарихи әдеби, танымдық кітаптарды көп оқыды. «Мұның не қажеті бар?» – деп сұрағандарға: «Тірлікте бәрін де оқу керек, бәрін де білу керек. Біз кинода да, театрда да қасиеті, мінез-құлқы, ой-өрісі әр түрлі рольдерге, бейтаныс образдарға тап боламыз. Сонда әлгі оқығандарыңның керегі болады, пайдасы болмаса зияны болмайды», – дейтін. 1989 жылы «Қазақфильм» киностудиясында Египеттің «Эль Аламия» кинокомпаниясының қатысуымен түсірілген режиссер Б. Мансұровтың «Сұлтан Бейбарыс» фильмі одақтық экранға жолдама алды. Мұнда Жантөрин өз бойындағы талантын, қажыр-қайратын образды ашу үшін жұмсады. Сұлтанның ішкі дүниесін, оның ойларының арпалысын дәл береді. Оның үнсіз көзқарасында да терең сыр жатады. «Жантөрин пауза жасаудың шебері болатын. Осындай қабілетімен үлкен актер екенін ұқтыратын. Онымен кездесу мен үшін үлкен мектеп болды», – дейді Болот Шамшиев. Ал кинотанушы Гүлжан Құрманғалиқызы: «... осы рөлді сомдаған Нұрмұхан Жантөриннің актерлік шеберлігімен келген кейіпкер психологиясының тереңдігі нәтижесінде тарихи тұлғаның озық үлгісіне айналды. Сондықтан да фильмдегі сұлтан Бейбарыс бір ғана ұлттың өкілі дәрежесінен әлдеқайда биіктетіліп, жалпы адамзаттың еркіндікке ұмтылған батыр тұлғасына айналды», – деп пікір білдірді. Расында, Бейбарыстың ойлы жүзінен «Мен кіммін?», «Туған елім қайда?» деген беймазалықты аңғарасың. Осы жөнінде айналасындағыларға да сауал тастайды. Олардың жауабынан өзінің қыпшақ, түрік даласынан екендігін естиді. Балалық шақтағы үзік-үзік суреттер, жусан исі жанына байыз таптырмай оны қайтадан туған жеріне алып келеді. Билікті де, байлықты да туған еліне айырбастамайды. Актер бұл бейнені терең психолизм, ішкі монолог арқылы шығарды. Осыдан біз Жантөриннің өзі сомдаған рөлдерін қайталамай, әр біріне жанкешті ізденіспен келетінін байқаймыз. Бейбарыс рөлінде Жантөриннің актерлік таланты жаңа қырынан жарқырады. Фильм режиссері Болат Мансұров: «Жантөринмен түсіру алаңында жұмыс істеу маған жеңіл болды. Мен тек тапсырма беріп, оператордың мизансценаларды қалай түсіру керектігін айттым. Рөлді Жантөриннің өзі алып шықты»,– деп еске алады.   1990 жылы Тверь қаласында өткен «Созвездие – 90» бүкілодақтық кинофестивалінде «Қазақфильм» киностудиясының туындысы «Сұлтан Бейбарыс» фильмі көрсетіледі. Осы кинофестивальде Нұрмұхан Жантөрин мен Нонна Мордюкова «Актерлік мамандықтың дамуына үлес қосқаны үшін» дипломымен марапатталады. Сонда гүл шоғы мен сыйлықты алған актер залға қарап: «Бұл мен үшін көп қой», – дейді жымиып. Бұл актердің риясыз шындығы еді. Сонымен қатар бұл сәт Жантөриннің даңқ шыңына шыққан сәті болатын. Сол шыңнан Жантөриннің енді төмендемейтіні ақиқат еді. Нұрмұхан Жантөриннің экранда сомдаған тұлғалары үлкен шеберлікпен жасалған дүниелер. Бұл фильмдерден адам жанына терең үңілетін, бейнені кәсіпқойлықпен, ізденіспен бере білетін үлкен суреткерді көреміз. Ол әрбір рөлін биік дәрежеге көтерді.  Шәкен Аймановтың «Атаманның ақыры» фильмі «Қазақфильм» киностудиясының ірі табыстарының бірі. Мұнда Нұрмұхан аға патша өкіметінің офицері, Дутов әскерінің штаб бастығы, полковник Абылайхановтың бейнесін сомдайды. Кейіпкердің экрандағы өмірінен өзінің мақсат-мүддесіне берілген тұлғаны көреміз. Оның бойынан тектілікті жинақылықты байқаймыз. Үстіндегі әскери киім, көзіндегі жарқ еткен пенсне, сөзі және қимылымен Жантөрин өзінің кейіпкерінің мінезін аша түседі.  Шыңғыс Айтматов ертеректе «Литера­турная газетаға» берген бір сұхбатында «Мен қазақ актері Нұрмұхан Жантөринге арнап бір шығарма жазсам деймін. Бірақ, Жантурин оған келіссе?!» – деп жазды.  1970 жылы Ш. Айтматовтың «Қош бол, Гүлсары» шығармасының желісімен «Жорғаның жүрісі» фильмі түсіріледі. Режиссер Сергей Урусевский фильмдегі операторлық түсіру әдістеріне баса ден қояды. (Оның негізгі мамандығы оператор болатын). Осыдан барып басты кейіпкер сырттап қалады. Бұған наразы болған Нұрмұхан аға 4 күн бойы қонақүйден шықпай жатып алады. Ақыры режиссер Жантөриннің айтқандарымен келісуге мәжбүр болады.  Ол өзгелерге тәуелді болудан бойын алшақ ұстайтын. Ешқашан жан-дүниесіндегі күйзелісті отбасында айтып, шағынған емес. Оның экрандағы тұлғалары өз мақсаттарына жету үшін, өз көзқарастары үшін күресті. Мұндай қасиет Жантөриннің де бойында болды. Ол ешкімге қол жаймай, өмірден сол биік те, тәккәппар күйінде өтті. Осынау бекзадалық Шоқаннан, Бейбарыстан, полковник Абылайхановтан, бәлкім қарапайым жылқышы Танабайдан келген болар? Пушкиннің өзі: «Өзін-өзі сыйлау және өзгеге тәуелді болмау адамды күйкі тіршілік пен өмір дауылдарынан асқақтатары даусыз», – деген болатын.   Оны әріптестері сыйлап, көрермендері жақсы көрді. Бірақ, Жантөрин мен Әзірбайжан Мәмбетовтің бірін-бірі түсінуі қиын болды. Титандар қақтығысынан ұтылатын көрермен ғана. Сондықтан көрермен мұндай жайға бей-жай қарай алмады. Көңілінің түкпірінде «қос саңлақ табысса екен» деген үміттің маздағаны анық. Екі алыптың қарым-қатынасы туралы бүгінгі қазақ киносының ақсақалдарының бірі Нұржұман Ықтымбаев: «Туған бауырлардың арасында да өкпе болады. ... Екеуі де дарынды адамдар. Екеуін де өнердің жаялығына орап тастаған адамдар. Олай қарауға болмайды. Бірін-бірі аңсап, бірін-бірі сағынып жүрді», – деді бір сұхбатында. Нұрлан Есенов

Нұрмұхан Жантөрин экранда Шоқан, Құрманғазы, Бейбарыс, Бату секілді тарихи тұлғалар бейнесін сомдады. Одақ ыдырардың алдында Нұрмұхан ағаны Одесса киностудиясы «Даниил – князь Галицкий» фильміндегі Батудың бейнесін жасауға шақырады. «Шыңғыс ханның осы бір тұнжыр, қатыгез, сонымен қатар ақылды ұрпағы мені қатты қызықтырды. Көптеген кітаптарды ақтарып, ол туралы деректерді там-тұмдап таптым. Содан Еуропа мен Азиядағы моңғол шапқыншылығын қозғаған Бартольдтың, Янның, Чивилихиннің зерттеу мақалаларын оқып шыққаннан кейін фильмге түсү үшін жолға шықтым. Бірақ, онда әріптестерімді 20 күндей күтіп қалдым. Бірақ, оған еш өкінбеймін. Бұл рольден мен керемет ләззат алдым», – деді Нұрмұхан аға. 

Расында, актер тарихи әдеби, танымдық кітаптарды көп оқыды. «Мұның не қажеті бар?» – деп сұрағандарға: «Тірлікте бәрін де оқу керек, бәрін де білу керек. Біз кинода да, театрда да қасиеті, мінез-құлқы, ой-өрісі әр түрлі рольдерге, бейтаныс образдарға тап боламыз. Сонда әлгі оқығандарыңның керегі болады, пайдасы болмаса зияны болмайды», – дейтін.

1989 жылы «Қазақфильм» киностудиясында Египеттің «Эль Аламия» кинокомпаниясының қатысуымен түсірілген режиссер Б. Мансұровтың «Сұлтан Бейбарыс» фильмі одақтық экранға жолдама алды. Мұнда Жантөрин өз бойындағы талантын, қажыр-қайратын образды ашу үшін жұмсады. Сұлтанның ішкі дүниесін, оның ойларының арпалысын дәл береді. Оның үнсіз көзқарасында да терең сыр жатады. «Жантөрин пауза жасаудың шебері болатын. Осындай қабілетімен үлкен актер екенін ұқтыратын. Онымен кездесу мен үшін үлкен мектеп болды», – дейді Болот Шамшиев. Ал кинотанушы Гүлжан Құрманғалиқызы: «... осы рөлді сомдаған Нұрмұхан Жантөриннің актерлік шеберлігімен келген кейіпкер психологиясының тереңдігі нәтижесінде тарихи тұлғаның озық үлгісіне айналды. Сондықтан да фильмдегі сұлтан Бейбарыс бір ғана ұлттың өкілі дәрежесінен әлдеқайда биіктетіліп, жалпы адамзаттың еркіндікке ұмтылған батыр тұлғасына айналды», – деп пікір білдірді.

Расында, Бейбарыстың ойлы жүзінен «Мен кіммін?», «Туған елім қайда?» деген беймазалықты аңғарасың. Осы жөнінде айналасындағыларға да сауал тастайды. Олардың жауабынан өзінің қыпшақ, түрік даласынан екендігін естиді. Балалық шақтағы үзік-үзік суреттер, жусан исі жанына байыз таптырмай оны қайтадан туған жеріне алып келеді. Билікті де, байлықты да туған еліне айырбастамайды. Актер бұл бейнені терең психолизм, ішкі монолог арқылы шығарды. Осыдан біз Жантөриннің өзі сомдаған рөлдерін қайталамай, әр біріне жанкешті ізденіспен келетінін байқаймыз. Бейбарыс рөлінде Жантөриннің актерлік таланты жаңа қырынан жарқырады. Фильм режиссері Болат Мансұров: «Жантөринмен түсіру алаңында жұмыс істеу маған жеңіл болды. Мен тек тапсырма беріп, оператордың мизансценаларды қалай түсіру керектігін айттым. Рөлді Жантөриннің өзі алып шықты»,– деп еске алады. 

 1990 жылы Тверь қаласында өткен «Созвездие – 90» бүкілодақтық кинофестивалінде «Қазақфильм» киностудиясының туындысы «Сұлтан Бейбарыс» фильмі көрсетіледі. Осы кинофестивальде Нұрмұхан Жантөрин мен Нонна Мордюкова «Актерлік мамандықтың дамуына үлес қосқаны үшін» дипломымен марапатталады. Сонда гүл шоғы мен сыйлықты алған актер залға қарап: «Бұл мен үшін көп қой», – дейді жымиып. Бұл актердің риясыз шындығы еді. Сонымен қатар бұл сәт Жантөриннің даңқ шыңына шыққан сәті болатын. Сол шыңнан Жантөриннің енді төмендемейтіні ақиқат еді.

Нұрмұхан Жантөриннің экранда сомдаған тұлғалары үлкен шеберлікпен жасалған дүниелер. Бұл фильмдерден адам жанына терең үңілетін, бейнені кәсіпқойлықпен, ізденіспен бере білетін үлкен суреткерді көреміз. Ол әрбір рөлін биік дәрежеге көтерді.

 Шәкен Аймановтың «Атаманның ақыры» фильмі «Қазақфильм» киностудиясының ірі табыстарының бірі. Мұнда Нұрмұхан аға патша өкіметінің офицері, Дутов әскерінің штаб бастығы, полковник Абылайхановтың бейнесін сомдайды. Кейіпкердің экрандағы өмірінен өзінің мақсат-мүддесіне берілген тұлғаны көреміз. Оның бойынан тектілікті жинақылықты байқаймыз. Үстіндегі әскери киім, көзіндегі жарқ еткен пенсне, сөзі және қимылымен Жантөрин өзінің кейіпкерінің мінезін аша түседі.

 Шыңғыс Айтматов ертеректе «Литера­турная газетаға» берген бір сұхбатында «Мен қазақ актері Нұрмұхан Жантөринге арнап бір шығарма жазсам деймін. Бірақ, Жантурин оған келіссе?!» – деп жазды.

 1970 жылы Ш. Айтматовтың «Қош бол, Гүлсары» шығармасының желісімен «Жорғаның жүрісі» фильмі түсіріледі. Режиссер Сергей Урусевский фильмдегі операторлық түсіру әдістеріне баса ден қояды. (Оның негізгі мамандығы оператор болатын). Осыдан барып басты кейіпкер сырттап қалады. Бұған наразы болған Нұрмұхан аға 4 күн бойы қонақүйден шықпай жатып алады. Ақыры режиссер Жантөриннің айтқандарымен келісуге мәжбүр болады.

 Ол өзгелерге тәуелді болудан бойын алшақ ұстайтын. Ешқашан жан-дүниесіндегі күйзелісті отбасында айтып, шағынған емес. Оның экрандағы тұлғалары өз мақсаттарына жету үшін, өз көзқарастары үшін күресті. Мұндай қасиет Жантөриннің де бойында болды. Ол ешкімге қол жаймай, өмірден сол биік те, тәккәппар күйінде өтті. Осынау бекзадалық Шоқаннан, Бейбарыстан, полковник Абылайхановтан, бәлкім қарапайым жылқышы Танабайдан келген болар? Пушкиннің өзі: «Өзін-өзі сыйлау және өзгеге тәуелді болмау адамды күйкі тіршілік пен өмір дауылдарынан асқақтатары даусыз», – деген болатын. 

 Оны әріптестері сыйлап, көрермендері жақсы көрді. Бірақ, Жантөрин мен Әзірбайжан Мәмбетовтің бірін-бірі түсінуі қиын болды. Титандар қақтығысынан ұтылатын көрермен ғана. Сондықтан көрермен мұндай жайға бей-жай қарай алмады. Көңілінің түкпірінде «қос саңлақ табысса екен» деген үміттің маздағаны анық. Екі алыптың қарым-қатынасы туралы бүгінгі қазақ киносының ақсақалдарының бірі Нұржұман Ықтымбаев: «Туған бауырлардың арасында да өкпе болады. ... Екеуі де дарынды адамдар. Екеуін де өнердің жаялығына орап тастаған адамдар. Олай қарауға болмайды. Бірін-бірі аңсап, бірін-бірі сағынып жүрді», – деді бір сұхбатында.

Нұрлан Есенов

Бөлісу: