Ермұхамед (Елікей) Қасымов

20 Қыркүйек 2013, 04:50

Бабажан қырғыны кезінде Хиуаға, одан Ресей жа­ғына өтіп, елді алатайдай бүлдіріп жүрген белсенді сұлтандардың бірі – Ермұхамед (Елікей) Қасымов.  Хиуа қызметінде жүрген сұлтан Елі­кей Жанқожаға бірде орыстарға шабалық, бірде орыстарға салық төлеме, бері өт деп­ хат жазады. Бұл жайттан хабардар бо­лып отырған орыстар едәуір дүрлігеді, Елі­кейді көзден таса етпей мықтап бақылауға ала­ды.  Қазақтардың ішкі ауанын барлап қайтуға жіберілген губерния хатшысы Житков 1847 жылы Хиуаның ықпа­лын­дағы сұлтан Елікей Қасымов бергі беттегі 1000 үй төртқаралар мен шөмекейлерді арғы бетке алып кетуге азғырып жүр деп мәлім етеді. Сұлтанның сөзіне еліккен шөмекейлердің бірсыпырасы сол жылы әрі өткенмен келесі жылы бергі бетке қайта ошарыла көшіп келген.  1849 жылдың жазында Хиуа ханы Елікейді өзіне шақырып алып, Бұқармен арақатынаста алаяқтық жасағаны үшін бүкіл отбасымен тұтқындайды.  ХІХ ғасырдағы орыс әкімшілігінің бұл­тартпас түпкі саясаты Орта Азияны жаулап алуды аяқтау болатын. Оған жетудің жалғыз жолы қазақ жері. Қаншама саяси айла-шаралар жүргізгенмен әскер бекінбей мақсат жүзеге аспайтындығы тағы белгілі. Орыстар қазақ шоғырланған жерлерге бекіністер салып, бірте-бірте ішкерілей берді.  Ол мүдде көп шығынсыз тиянақты орын­далуы үшін алдын ала қазақ жері­не дүркін-дүркін әр түрлі барлау экс­пе­дициялары аттандырылды. Экспе­ди­ция­лардың сырты бейбіт, момақан, дос іздеп жүр, бауырға тартады, ал олардың әрқайсысына нақты міндет – саяси ахуалды, күш-қуатты, елдің бірлігін білу, өздері жағына кісілер тарту, болашақ әскер жүретін жолдарды анықтау («...снять на бумагу земли»).  Сол барлаудың бірі 1845 жылдың жа­зында штабс-капитан Рыльцов бастаған 40 казак, 3 урядник, 2 аудармашы, 2 қазақ жолбасшыдан құралған Мұғаджар тауы аймағын картаға түсіруге шыққан әс­кери топографтар отряды. Отрядқа жүктелген нақты міндеттердің негізгілері – құпия жағдайда Кенесарының туыстары, жанында жүрген рулар, олардың қанша екендігін анықтау, адамдарды өздеріне тарту (осы мақсатқа 45 рубль бөлініп, қазақтарға сый-сияпат ретінде жұмсалған – М.Қ.), Хиуаның өзі де ұнатпайтын Жанқожа мен Кенесарының араларындағы дүрдараздық немен бітті, ханның Бұқара, Хиуамен қатынасы қалай, Кенесары қарсыластарының бастарын біріктіруге тырысу, тағысын тағы.  Орскіден (Жаманқала) 1845 жылдың 3 наурызында шыққан отряд қазақ же­рінде 3 маусымға дейін мағлұмат жи­нады. Отряд мүшелері кездескен қазақтарды қонаққа шақырып, сый-сияпат беріп, ауыздарын аңқитып өздеріне керекті мағлұматтарын алған.  Осы экспедицияның жұмысы туралы қа­зақша білетін шенеунік коллежский регис­тра­тор Намчинов әкімшілікке тапсырған есе­бінде былай деп атап көрсеткен: «Кроме отделения киргизов чиклинского р. как то: джакаимовцы, куттуковцы, джулшаринцы и другие, есть приверженцы Джанходжи Нур-Мухаметова, все они по возможности уклоняются от влияния на них Кенесары и если некоторые из них кочуют совместно с ним находят над категорию его приверженцев, то это лишь из страха и беззащитности, но­ ничуть не из преданности и уважения». (КРОММ. №4 қор, №1 тізбе. 2346 іс, 375 бума, 20-бет).  Шенеуніктің бөліп көрсетуі бойынша, төрт­қаралар мен шөмекейлер де Кенесарыны қол­д­амайды.  Ол тағы да былай деп ерекше атап көр­се­теді: «Киргизы чиклинского и джакаимского отделения с особенными уважением и преданностью отзываются об однородце своем би куттукова отделения Джан-Ходже Нур-Мухаметове, который в настоящее время прикочевал к Кзыл-Кабаку. Известная вражда его с Кенисарием оканчивается. Кенисары писал к Джан-Ходже примирительное письмо и он ответил ему на него согласием. Не боязнь и не собственное желание побудило Джанходжу примириться с Кенисарием, на которых Кенисары в особенности простирал свои нападения...» (Сонда. 21-бет).  Бейтарап шенеуніктің қызмет бабымен жаз­ған бұл есебінен мына жайттарға көз жет­кіземіз:  Шектілер батырды қорғаныш тұтып, оны жоғары бағалайды; Кенесары өзіне бағынбағандарды шабады. Олар­ іштерін бермей, амалсыз бірге қонысты болып отыр;  Жанқожаға қараған ел Мұғаджар жақ­қа – Қызылқабаққа Бабажан бекінісі талқан­дал­ған­нан кейін көшіп келген; Кенесары мен Жанқожаның араларындағы Фатимаға байланысты ағайынаралық дүрда­раз­дықты орыстарға дейін біліп отыр. Олар ба­тырды Кенесарыға қарсы қойып, осы араз­дықты өз мүдделеріне пайдаланғылары келе­ді;  Кенесары кейін «айып бізден болды» деген ма­ғынада Жанқожаға кешірім хат жазған. Батыр оны кешірген. Кілемжайғанбопайда отырған Кенесарыға сәлемдесуге содан кейін ғана барған.  Халық жадында таңбаланып, ауызекі ай­ты­лып жүретін кейбір оқиғалардың қағаз жү­зін­де де тайға таңба басқандай ап-анық дәлел­денетіні бар. Сондай жайттардың бірі – осы­ Бабажан қырғыны.  Бұрын Мәскеу, Ташкент мұрағаттарында жұмыс істеген кездерімде бұл оқиға жайлы әлде­қандай дерек кезікпес пе екен деп алаңдап жүре­тін ем. Кезікпеді. Дерек жақында ғана өз мұрағатымыздан ұшырасты. Бар болғаны алты-ақ бет. Аз болғанымен біраз шындықтың бе­тін ашатын құжат.  Орта орданың правителі қызметін ат­қа­­рушы (Бұл кезде бекітілмеген – «ат­қа­рушы» –М.Қ.) Арыстан Жантөрин 1843 жылдың 25 көкегінде Орынбор ше­кара комиссиясына өзіне сұлтандар Али Юлбарысов, Умергазы Шергазбиев, Қашар­ғали Сұлтан-Мухаммедовтер келіп, өткен жылдың қарашасында жеті мыңдай қазақ­тың бұлардың адамдарын және өзге де қазақ­тарды шауып, кісі өлтіріп, мал-мүліктерін тала­ғандарын, енді осы жаққа көшіп кеткен сол айыптыларды жазалауды өтінгендерін хабарлайды (ҚРООМ. №4 қор, №4227-іс,4-бет).  Бұлардың көрсетулері бойынша, шап­­қын­шылықты бастап жүргендер («пред­во­ди­тельство») кішкене шектілердің билері (Кейбір жеке кісілерге байланысты болмаса, орыс жазбаларында Асан, Үсен, Жиеней, Жолшара, Құрманай, Құттық деп кіш­кенелерді жіктеп жатпайды, жалпы кіш­кене шекті деп атай салады. – М.Қ.). Кө­терілген қазақтар Құсалы Батыров, Тәтүкен деген сұлтандар мен жеті төлеңгітті өлтірген. 242 түйе, 336 жылқы, 3580 сиыр, 5256 қой, киім-кешек, азық-түлік, мол дүние талан-та­ражға түскен. Шағымданушылардың көр­се­ту­лерінде таланған бар мал-мүліктің құны 34746 червонец.  Осы мазмұндағы шағым орданың батыс бө­лігінің правителіне де жеткен. Бұнда Сұлтан Баймұхамедов Жанқожаның бекініс бастығы Бабажанды да (Бабаджан) өлтіріп, оның жас баласын тұтқындап, өзімен бірге қырға алып кеткендігін, бүгіндері бала батырдың қолында екендігін анықтағандығын мәлім етеді. Баланы босатуға тілеу, қабақтың басқарушысы Утаралы Чунгаевқа әрекет етуін тапсырдым деп баяндайды ол тағы да шекара комиссиясына. Демек Мұсабай жыраудың: Баласын Майқарадай ұстап алды, Артына Төлек батыр мінгестіріп, Сәлем де Кенесары ханыма деп, Алашты алты күн жүре аралатты, – деуі ақындық қиял емес, нақты шындық.  Шағымданушылар орыс әкімдігінен бекі­ніс­ті талқандауды ұйымдастырып, оларға бас­шылық еткен мына билерді жазалауды сұрай­ды. Олар кішкененің билері (кісі аттары қағаз­ға түскен күйінде – М.Қ.): кішкене шектілер – Джанхуджа Нурмухаммедов, Раманкул Кусбармаков, Шайты Топаев, Бердыбай Чапаков, Айбусун Сутанов, Джармуган Тогусов, Диянки Кульбаев, Кудайберган Чулакин, Кульджан Кусаев, шекті жақайымның билері – Байсалбай Бай­чукин, Турки Сурбасов, Турганбай Чубанов, Тулюбий Минбаев, Буранбай Карабатыров, қаракесектің би-батырлары – Актан Кабанов, Таймас Кыйтаров, Каир Иорапов, шекті – алтынбай Иткул, Нурман Ботенов, төртқараның басшылары – Утявли Бегай­даров, Сатыбалды Баялов, Қара Тляпов, Муса Алин, Баймухаммед Нарчабеков, қара­са­қал – Давыл Бекшин, Есет (?) Чагараев, Кубек Чункарин.  Сұлтан Жантөрин 1845 жылдың тамызына дейін істің ақырын бағып үндемей отырған. Бұған орданың батыс бөлігінің правителі Сұлтан Баймұхаммедов екінші рет хат жазады. Осы хат арқылы сұлтан Баймұхаммедов бар істі шекара комиссиясына хабарлап отыр. Баланы босатып алуды Утаралы Чун­гаев­ке тапсырған. Арызданушылар сұлтан Бай­мұхам­мед Айшуақовқа, сұлтан Арыстан Жан­тө­ринге де өздері барады.  Орта орданың сұлтан-правителі Баймұхам­мед Айшуақов шекара комиссиясына бұл көр­се­тілген жазықты қазақтар біздің аймақта тұр­майтындықтан мәселені шеше алмаймын деп жазады.  Ресми жағынан алып қарағанда оқиға Хиуа жерінде өткендіктен ол туралы әлдеқандай мәліметтің орыс тарапынан кезігуі неғайбыл еді. Оңтайы келіп, бұл шағын құжаттың бізде сақталуына себеп – көтерілісшілердің осы оқиғадан кейін Ресей дәргейіндегі ата қонысқа ошарылып көшіп кетулері. Енді Хиуа жағынан шапқыншылық болатындығын білгендіктен. Арызданушылардың мақсаттары – бауырлас сұлтан-правительдерінен көмек болар ма деген үміт. Ал сұлтандар болса, орыс өкіметінің қолындағы қуыршақтар. Орыстар болса іс жүзінде мәселеге пәруана-пайым, мүддесі бөлек бөтен мемлекет. Шағым Орынбор шекара комиссиясында қаралғанда айыптыларды жазалау туралы әңгіме не әрекет жоқ, бұлардың араларында бұндай оқиғалар бола береді деген жайбарақат шешімге келген. Молдахмет Қаназ

Бабажан қырғыны кезінде Хиуаға, одан Ресей жа­ғына өтіп, елді алатайдай бүлдіріп жүрген белсенді сұлтандардың бірі – Ермұхамед (Елікей) Қасымов. 

Хиуа қызметінде жүрген сұлтан Елі­кей Жанқожаға бірде орыстарға шабалық, бірде орыстарға салық төлеме, бері өт деп­ хат жазады. Бұл жайттан хабардар бо­лып отырған орыстар едәуір дүрлігеді, Елі­кейді көзден таса етпей мықтап бақылауға ала­ды. 

Қазақтардың ішкі ауанын барлап қайтуға жіберілген губерния хатшысы Житков 1847 жылы Хиуаның ықпа­лын­дағы сұлтан Елікей Қасымов бергі беттегі 1000 үй төртқаралар мен шөмекейлерді арғы бетке алып кетуге азғырып жүр деп мәлім етеді. Сұлтанның сөзіне еліккен шөмекейлердің бірсыпырасы сол жылы әрі өткенмен келесі жылы бергі бетке қайта ошарыла көшіп келген. 

1849 жылдың жазында Хиуа ханы Елікейді өзіне шақырып алып, Бұқармен арақатынаста алаяқтық жасағаны үшін бүкіл отбасымен тұтқындайды. 

ХІХ ғасырдағы орыс әкімшілігінің бұл­тартпас түпкі саясаты Орта Азияны жаулап алуды аяқтау болатын. Оған жетудің жалғыз жолы қазақ жері. Қаншама саяси айла-шаралар жүргізгенмен әскер бекінбей мақсат жүзеге аспайтындығы тағы белгілі. Орыстар қазақ шоғырланған жерлерге бекіністер салып, бірте-бірте ішкерілей берді. 

Ол мүдде көп шығынсыз тиянақты орын­далуы үшін алдын ала қазақ жері­не дүркін-дүркін әр түрлі барлау экс­пе­дициялары аттандырылды. Экспе­ди­ция­лардың сырты бейбіт, момақан, дос іздеп жүр, бауырға тартады, ал олардың әрқайсысына нақты міндет – саяси ахуалды, күш-қуатты, елдің бірлігін білу, өздері жағына кісілер тарту, болашақ әскер жүретін жолдарды анықтау («...снять на бумагу земли»). 

Сол барлаудың бірі 1845 жылдың жа­зында штабс-капитан Рыльцов бастаған 40 казак, 3 урядник, 2 аудармашы, 2 қазақ жолбасшыдан құралған Мұғаджар тауы аймағын картаға түсіруге шыққан әс­кери топографтар отряды. Отрядқа жүктелген нақты міндеттердің негізгілері – құпия жағдайда Кенесарының туыстары, жанында жүрген рулар, олардың қанша екендігін анықтау, адамдарды өздеріне тарту (осы мақсатқа 45 рубль бөлініп, қазақтарға сый-сияпат ретінде жұмсалған – М.Қ.), Хиуаның өзі де ұнатпайтын Жанқожа мен Кенесарының араларындағы дүрдараздық немен бітті, ханның Бұқара, Хиуамен қатынасы қалай, Кенесары қарсыластарының бастарын біріктіруге тырысу, тағысын тағы. 

Орскіден (Жаманқала) 1845 жылдың 3 наурызында шыққан отряд қазақ же­рінде 3 маусымға дейін мағлұмат жи­нады. Отряд мүшелері кездескен қазақтарды қонаққа шақырып, сый-сияпат беріп, ауыздарын аңқитып өздеріне керекті мағлұматтарын алған. 

Осы экспедицияның жұмысы туралы қа­зақша білетін шенеунік коллежский регис­тра­тор Намчинов әкімшілікке тапсырған есе­бінде былай деп атап көрсеткен: «Кроме отделения киргизов чиклинского р. как то: джакаимовцы, куттуковцы, джулшаринцы и другие, есть приверженцы Джанходжи Нур-Мухаметова, все они по возможности уклоняются от влияния на них Кенесары и если некоторые из них кочуют совместно с ним находят над категорию его приверженцев, то это лишь из страха и беззащитности, но­ ничуть не из преданности и уважения». (КРОММ. №4 қор, №1 тізбе. 2346 іс, 375 бума, 20-бет). 

Шенеуніктің бөліп көрсетуі бойынша, төрт­қаралар мен шөмекейлер де Кенесарыны қол­д­амайды. 

Ол тағы да былай деп ерекше атап көр­се­теді: «Киргизы чиклинского и джакаимского отделения с особенными уважением и преданностью отзываются об однородце своем би куттукова отделения Джан-Ходже Нур-Мухаметове, который в настоящее время прикочевал к Кзыл-Кабаку. Известная вражда его с Кенисарием оканчивается. Кенисары писал к Джан-Ходже примирительное письмо и он ответил ему на него согласием. Не боязнь и не собственное желание побудило Джанходжу примириться с Кенисарием, на которых Кенисары в особенности простирал свои нападения...» (Сонда. 21-бет). 

Бейтарап шенеуніктің қызмет бабымен жаз­ған бұл есебінен мына жайттарға көз жет­кіземіз: 

Шектілер батырды қорғаныш тұтып, оны жоғары бағалайды;

Кенесары өзіне бағынбағандарды шабады. Олар­ іштерін бермей, амалсыз бірге қонысты болып отыр; 

Жанқожаға қараған ел Мұғаджар жақ­қа – Қызылқабаққа Бабажан бекінісі талқан­дал­ған­нан кейін көшіп келген;

Кенесары мен Жанқожаның араларындағы Фатимаға байланысты ағайынаралық дүрда­раз­дықты орыстарға дейін біліп отыр. Олар ба­тырды Кенесарыға қарсы қойып, осы араз­дықты өз мүдделеріне пайдаланғылары келе­ді; 

Кенесары кейін «айып бізден болды» деген ма­ғынада Жанқожаға кешірім хат жазған. Батыр оны кешірген. Кілемжайғанбопайда отырған Кенесарыға сәлемдесуге содан кейін ғана барған. 

Халық жадында таңбаланып, ауызекі ай­ты­лып жүретін кейбір оқиғалардың қағаз жү­зін­де де тайға таңба басқандай ап-анық дәлел­денетіні бар. Сондай жайттардың бірі – осы­ Бабажан қырғыны. 

Бұрын Мәскеу, Ташкент мұрағаттарында жұмыс істеген кездерімде бұл оқиға жайлы әлде­қандай дерек кезікпес пе екен деп алаңдап жүре­тін ем. Кезікпеді. Дерек жақында ғана өз мұрағатымыздан ұшырасты. Бар болғаны алты-ақ бет. Аз болғанымен біраз шындықтың бе­тін ашатын құжат. 

Орта орданың правителі қызметін ат­қа­­рушы (Бұл кезде бекітілмеген – «ат­қа­рушы» –М.Қ.) Арыстан Жантөрин 1843 жылдың 25 көкегінде Орынбор ше­кара комиссиясына өзіне сұлтандар Али Юлбарысов, Умергазы Шергазбиев, Қашар­ғали Сұлтан-Мухаммедовтер келіп, өткен жылдың қарашасында жеті мыңдай қазақ­тың бұлардың адамдарын және өзге де қазақ­тарды шауып, кісі өлтіріп, мал-мүліктерін тала­ғандарын, енді осы жаққа көшіп кеткен сол айыптыларды жазалауды өтінгендерін хабарлайды (ҚРООМ. №4 қор, №4227-іс,4-бет). 

Бұлардың көрсетулері бойынша, шап­­қын­шылықты бастап жүргендер («пред­во­ди­тельство») кішкене шектілердің билері (Кейбір жеке кісілерге байланысты болмаса, орыс жазбаларында Асан, Үсен, Жиеней, Жолшара, Құрманай, Құттық деп кіш­кенелерді жіктеп жатпайды, жалпы кіш­кене шекті деп атай салады. – М.Қ.). Кө­терілген қазақтар Құсалы Батыров, Тәтүкен деген сұлтандар мен жеті төлеңгітті өлтірген. 242 түйе, 336 жылқы, 3580 сиыр, 5256 қой, киім-кешек, азық-түлік, мол дүние талан-та­ражға түскен. Шағымданушылардың көр­се­ту­лерінде таланған бар мал-мүліктің құны 34746 червонец. 

Осы мазмұндағы шағым орданың батыс бө­лігінің правителіне де жеткен. Бұнда Сұлтан Баймұхамедов Жанқожаның бекініс бастығы Бабажанды да (Бабаджан) өлтіріп, оның жас баласын тұтқындап, өзімен бірге қырға алып кеткендігін, бүгіндері бала батырдың қолында екендігін анықтағандығын мәлім етеді. Баланы босатуға тілеу, қабақтың басқарушысы Утаралы Чунгаевқа әрекет етуін тапсырдым деп баяндайды ол тағы да шекара комиссиясына.

Демек Мұсабай жыраудың:

Баласын Майқарадай ұстап алды,

Артына Төлек батыр мінгестіріп,

Сәлем де Кенесары ханыма деп,

Алашты алты күн жүре аралатты, – деуі ақындық қиял емес, нақты шындық. 

Шағымданушылар орыс әкімдігінен бекі­ніс­ті талқандауды ұйымдастырып, оларға бас­шылық еткен мына билерді жазалауды сұрай­ды. Олар кішкененің билері (кісі аттары қағаз­ға түскен күйінде – М.Қ.): кішкене шектілер – Джанхуджа Нурмухаммедов, Раманкул Кусбармаков, Шайты Топаев, Бердыбай Чапаков, Айбусун Сутанов, Джармуган Тогусов, Диянки Кульбаев, Кудайберган Чулакин, Кульджан Кусаев, шекті жақайымның билері – Байсалбай Бай­чукин, Турки Сурбасов, Турганбай Чубанов, Тулюбий Минбаев, Буранбай Карабатыров, қаракесектің би-батырлары – Актан Кабанов, Таймас Кыйтаров, Каир Иорапов, шекті – алтынбай Иткул, Нурман Ботенов, төртқараның басшылары – Утявли Бегай­даров, Сатыбалды Баялов, Қара Тляпов, Муса Алин, Баймухаммед Нарчабеков, қара­са­қал – Давыл Бекшин, Есет (?) Чагараев, Кубек Чункарин. 

Сұлтан Жантөрин 1845 жылдың тамызына дейін істің ақырын бағып үндемей отырған. Бұған орданың батыс бөлігінің правителі Сұлтан Баймұхаммедов екінші рет хат жазады. Осы хат арқылы сұлтан Баймұхаммедов бар істі шекара комиссиясына хабарлап отыр. Баланы босатып алуды Утаралы Чун­гаев­ке тапсырған. Арызданушылар сұлтан Бай­мұхам­мед Айшуақовқа, сұлтан Арыстан Жан­тө­ринге де өздері барады. 

Орта орданың сұлтан-правителі Баймұхам­мед Айшуақов шекара комиссиясына бұл көр­се­тілген жазықты қазақтар біздің аймақта тұр­майтындықтан мәселені шеше алмаймын деп жазады. 

Ресми жағынан алып қарағанда оқиға Хиуа жерінде өткендіктен ол туралы әлдеқандай мәліметтің орыс тарапынан кезігуі неғайбыл еді. Оңтайы келіп, бұл шағын құжаттың бізде сақталуына себеп – көтерілісшілердің осы оқиғадан кейін Ресей дәргейіндегі ата қонысқа ошарылып көшіп кетулері. Енді Хиуа жағынан шапқыншылық болатындығын білгендіктен. Арызданушылардың мақсаттары – бауырлас сұлтан-правительдерінен көмек болар ма деген үміт. Ал сұлтандар болса, орыс өкіметінің қолындағы қуыршақтар. Орыстар болса іс жүзінде мәселеге пәруана-пайым, мүддесі бөлек бөтен мемлекет. Шағым Орынбор шекара комиссиясында қаралғанда айыптыларды жазалау туралы әңгіме не әрекет жоқ, бұлардың араларында бұндай оқиғалар бола береді деген жайбарақат шешімге келген.

Молдахмет Қаназ

Бөлісу: