Бабажан қырғыны

20 Қыркүйек 2013, 04:49

Шапқыншылардың шекараға жақын келіп, тоқайласқан жері – осы Бабажан бекінісі. Бұл қолды басқарушылар құрамында Бөрі Тәукин, Елікей Қасымов, Алданазар да бар. Кешегі еліне қорған болуға тиісті Жанғазының ұлы Алданазар Қамыстыбастағы қазақтарды шапқан.  Бұның алдында Жанғазы хан орыстар жаққа шығып кеткен Жанқожаға бірнеше рет қорқытып хат жазып, дарияның сол жағына, демек Хиуаға өтуді ұсынған болатын (АВПР қоры. Бас мұрағат. 1-9 іс. 681-683 беттер).  Осы аласапыран кездегі оқиғаларда өздеріне түсінікті, бүгінгі жұртқа түсініксіз бір жайт бар. Ол бірімен бірі бақталас әр мемлекеттерге бөлініп кеткен көбі аралас отырған ағайындардың, кейде тіпті руластардың өздерінің бір-бірімен қырқысулары. Ақмешіт маңын шөмекей, жаныс, шекті, әлімұлы, шөмішті табын мекендесе, іргелеc Хиуада өзбектер, тәжіктер, түрікмендермен қатар шөмекей, әлімдер де мекендеген. Құжаттарда атап көрсетілген. Мал таппақ талаппен арғы беттегі ағайын бергі беттегі өз бауырларын тонап жүр. Сондағы сылтаулардың бірі – орысқа берілген оң жағалаудағы қазақтардың «кәпірленуі». Бұл уақытта Ресей халық ашы­нар­лықтай зорлық көрсеткен жоқ. Қарапайым жұрттың қамқоры ретінде мысықтабандап келе жатты. Өзара қырқыстан берекесі кеткен Қоқан мен Хиуадағы қазақтар Сырдың оң жағына өтуді ойластыра бастады. Бұдан қауіп алған хиуалықтар бекіністерде әр рудан кепіл ұстап отырды.  Хиуа, Қоқан хандықтарының қазаққа деген жойдасыз озбырлық әрекеттері ата жұртын тастап кете алмай отырған оларды орысты паналауға мәжбүрлей берді.  1848-1850 жылдары елді аштық жайлады. Шаруа баққан қазақтар одан әрі тұралай түсті.  Барып шағынар, мұңын шағар, ел басын құрайтын хан жоқ, сұлтан-правительдер орыстан жем жеп отырған қуыршақ. Олар орыстар жағына да, Хиуа мен Қоқаннан келген басқыншыларға да сөздерін өткізе алмаған. Қара бастары мен азғантай малын күйттеген майда билердің өздері қамқорлыққа зәру. Сол алмағайып кезде батырдың Райым бекінісіндегі қарулы орыстардан өзге сүйеніші қалмаған. Бұған шағын өз руларын күйттеген қазақтардың алауыз, оның үстіне от қарудан жұрдай екендігін тағы қосыңыз.  Осы жайттарды санаға салып ба­йып­­­тағанда барып, қорғансыз қалған қазақ­тардың шын жағдайын айқынырақ түсінуге болар.  1847 жылы генерал-губернатор Обручевке жазған хатында Жанқожа Жанғазы ханның дәргейіндегі қазақтардың 500 түйесін, 58000 қойын, 700 сиырын, 600 жылқысын қайтарып алдық. Бұл олардың біздің қазақтарға бұрын жасаған бес шапқыншылығында таланған малдың бестен бірі ғана деп көрсетеді.  Молдахмет Қаназ

Шапқыншылардың шекараға жақын келіп, тоқайласқан жері – осы Бабажан бекінісі. Бұл қолды басқарушылар құрамында Бөрі Тәукин, Елікей Қасымов, Алданазар да бар. Кешегі еліне қорған болуға тиісті Жанғазының ұлы Алданазар Қамыстыбастағы қазақтарды шапқан. 

Бұның алдында Жанғазы хан орыстар жаққа шығып кеткен Жанқожаға бірнеше рет қорқытып хат жазып, дарияның сол жағына, демек Хиуаға өтуді ұсынған болатын (АВПР қоры. Бас мұрағат. 1-9 іс. 681-683 беттер). 

Осы аласапыран кездегі оқиғаларда өздеріне түсінікті, бүгінгі жұртқа түсініксіз бір жайт бар. Ол бірімен бірі бақталас әр мемлекеттерге бөлініп кеткен көбі аралас отырған ағайындардың, кейде тіпті руластардың өздерінің бір-бірімен қырқысулары. Ақмешіт маңын шөмекей, жаныс, шекті, әлімұлы, шөмішті табын мекендесе, іргелеc Хиуада өзбектер, тәжіктер, түрікмендермен қатар шөмекей, әлімдер де мекендеген. Құжаттарда атап көрсетілген. Мал таппақ талаппен арғы беттегі ағайын бергі беттегі өз бауырларын тонап жүр. Сондағы сылтаулардың бірі – орысқа берілген оң жағалаудағы қазақтардың «кәпірленуі».

Бұл уақытта Ресей халық ашы­нар­лықтай зорлық көрсеткен жоқ. Қарапайым жұрттың қамқоры ретінде мысықтабандап келе жатты. Өзара қырқыстан берекесі кеткен Қоқан мен Хиуадағы қазақтар Сырдың оң жағына өтуді ойластыра бастады. Бұдан қауіп алған хиуалықтар бекіністерде әр рудан кепіл ұстап отырды. 

Хиуа, Қоқан хандықтарының қазаққа деген жойдасыз озбырлық әрекеттері ата жұртын тастап кете алмай отырған оларды орысты паналауға мәжбүрлей берді. 

1848-1850 жылдары елді аштық жайлады. Шаруа баққан қазақтар одан әрі тұралай түсті. 

Барып шағынар, мұңын шағар, ел басын құрайтын хан жоқ, сұлтан-правительдер орыстан жем жеп отырған қуыршақ. Олар орыстар жағына да, Хиуа мен Қоқаннан келген басқыншыларға да сөздерін өткізе алмаған. Қара бастары мен азғантай малын күйттеген майда билердің өздері қамқорлыққа зәру. Сол алмағайып кезде батырдың Райым бекінісіндегі қарулы орыстардан өзге сүйеніші қалмаған. Бұған шағын өз руларын күйттеген қазақтардың алауыз, оның үстіне от қарудан жұрдай екендігін тағы қосыңыз. 

Осы жайттарды санаға салып ба­йып­­­тағанда барып, қорғансыз қалған қазақ­тардың шын жағдайын айқынырақ түсінуге болар. 

1847 жылы генерал-губернатор Обручевке жазған хатында Жанқожа Жанғазы ханның дәргейіндегі қазақтардың 500 түйесін, 58000 қойын, 700 сиырын, 600 жылқысын қайтарып алдық. Бұл олардың біздің қазақтарға бұрын жасаған бес шапқыншылығында таланған малдың бестен бірі ғана деп көрсетеді. 

Молдахмет Қаназ

Бөлісу: