ЖОО-дағы ІТ-технологиясы

20 Қыркүйек 2013, 03:36

ІТ-технологиялар саласында ЖОО үшін жоғары дамыған ақпараттық-технологиялық платформаларды зерттеу қызығушылық туғызуда. Еуропада – 36, Ресейде 27 технологиялық платформа табысты қолданылуда. Озық ақ­параттық технологиялар базасында ақпараттық инфрақұрылым қалыптастыру қазақстандық уни­верситеттердің бәсекеге қабілет­тілігін арттырары сөзсіз. Бұл бағытта ШҚМТУ белсенді жұмыс істеуде, ақпараттық технологиялар саласында халықаралық ынтымақтастығын кеңейтіп келеді: Санкт-Петербург ақпараттық технологиялар, механика және оптика университетімен келісімге қол қойды, ERDAS (Швейцария) компаниясымен бірлесе жұмыс атқарылуда, Swenson College of Science and Engineering of the University of Minesota (АҚШ) оқу орындарымен және Вроцлав (Польша) университетімен «Ақпараттық жүйелер» бағыты бойынша магистрлік және PhD диссертацияларын әзірлеу аясында бірлескен ғылыми зерттеу­лер жүргізілуде. ШҚМТУ ІТ-тех­нологиялар бағыты бойын­ша Шан­хай ынтымақтастық ұйы­мымен келісім бойынша база­лық жоғары оқу орны болып белгіленген. Қазір Ресейдің, ТМД-ның басқа да елдерінің жетекші оқу орындарымен университеті аясында магистрлік бағдарламаларды өткізу жөнінде келісімдерге қол қойылды. Олардың арасында Астрахан, Новосібір, Қырғыз мемлекеттік университеттері бар. ШҚМТУ «Предприятие КС», «Рейтинг», «1С-Рейтинг» сияқ­ты қалалық, облыстық, рес­пуб­ли­калық ІТ-кәсіп­орын­дармен, Өскеменде құрылып жатқан ІТ-паркімен бірлесіп белсенді жұмыс істеуде. Уни­верситетте жыл сайын әртүрлі деңгейдегі тақырыптық шаралар өткізіліп тұрады. Уни­верситетте республикалық, халық­аралық олимпиадалар, ғылымға қа­тысты ашық конкурстар ұйым­дастырылады. Жоғары оқу орнында бірнеше ақпараттық жобалар табысты іске асырылды. Солардың бірі құжат айналымы жүйесін ақпараттандыруға бағытталған. Оның нәтижесінде басқару шешімдерін қабылдау тиімді деңгейге көшті. Ол – Directum электрондық құжат айна­лымы жүйесі. Сөйтіп, ішкі про­цестерді жетілдіруге, құжат айналымын жеделдетуге қол жетті, оның ашықтығы мен бақылауға жеңілдігі қамтамасыз етілді. Екінші ірі жоба – «1С- Өндірістік кәсіпорынды басқару 8.2» – университет көлемінде жоспарлауды, есептеуді, барлық негізгі бизнес-процестерді автоматтандыруға арналған кәсіпорынды басқарудың кешенді корпоративті жүйесі. Ақпараттық инфрақұрылым құру аясында 1С пен Directumды қосуға қол жетті. Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті озық ақпараттық технологиялар негізінде өзінің ақпараттық инфрақұрылымын қалыптастыруда. Ол ЖОО-ның бәсекеге қабілеттілігін ғана арттырып қоймай, оның еліміздің инновациялық дамуына белсене қатысуына ықпал етеді. Таяуда университетте өтетін халықаралық конференция ЖОО ғалымдарын жаңа ғылыми ізденістерге шабыттандырары сөзсіз. Оңдасын ЕЛУБАЙ

ІТ-технологиялар саласында ЖОО үшін жоғары дамыған ақпараттық-технологиялық платформаларды зерттеу қызығушылық туғызуда. Еуропада – 36, Ресейде 27 технологиялық платформа табысты қолданылуда. Озық ақ­параттық технологиялар базасында ақпараттық инфрақұрылым қалыптастыру қазақстандық уни­верситеттердің бәсекеге қабілет­тілігін арттырары сөзсіз.

Бұл бағытта ШҚМТУ белсенді жұмыс істеуде, ақпараттық технологиялар саласында халықаралық ынтымақтастығын кеңейтіп келеді: Санкт-Петербург ақпараттық технологиялар, механика және оптика университетімен келісімге қол қойды, ERDAS (Швейцария) компаниясымен бірлесе жұмыс атқарылуда, Swenson College of Science and Engineering of the University of Minesota (АҚШ) оқу орындарымен және Вроцлав (Польша) университетімен «Ақпараттық жүйелер» бағыты бойынша магистрлік және PhD диссертацияларын әзірлеу аясында бірлескен ғылыми зерттеу­лер жүргізілуде. ШҚМТУ ІТ-тех­нологиялар бағыты бойын­ша Шан­хай ынтымақтастық ұйы­мымен келісім бойынша база­лық жоғары оқу орны болып белгіленген. Қазір Ресейдің, ТМД-ның басқа да елдерінің жетекші оқу орындарымен университеті аясында магистрлік бағдарламаларды өткізу жөнінде келісімдерге қол қойылды. Олардың арасында Астрахан, Новосібір, Қырғыз мемлекеттік университеттері бар.

ШҚМТУ «Предприятие КС», «Рейтинг», «1С-Рейтинг» сияқ­ты қалалық, облыстық, рес­пуб­ли­калық ІТ-кәсіп­орын­дармен, Өскеменде құрылып жатқан ІТ-паркімен бірлесіп белсенді жұмыс істеуде. Уни­верситетте жыл сайын әртүрлі деңгейдегі тақырыптық шаралар өткізіліп тұрады. Уни­верситетте республикалық, халық­аралық олимпиадалар, ғылымға қа­тысты ашық конкурстар ұйым­дастырылады.

Жоғары оқу орнында бірнеше ақпараттық жобалар табысты іске асырылды. Солардың бірі құжат айналымы жүйесін ақпараттандыруға бағытталған. Оның нәтижесінде басқару шешімдерін қабылдау тиімді деңгейге көшті. Ол – Directum электрондық құжат айна­лымы жүйесі. Сөйтіп, ішкі про­цестерді жетілдіруге, құжат айналымын жеделдетуге қол жетті, оның ашықтығы мен бақылауға жеңілдігі қамтамасыз етілді.

Екінші ірі жоба – «1С- Өндірістік кәсіпорынды басқару 8.2» – университет көлемінде жоспарлауды, есептеуді, барлық негізгі бизнес-процестерді автоматтандыруға арналған кәсіпорынды басқарудың кешенді корпоративті жүйесі. Ақпараттық инфрақұрылым құру аясында 1С пен Directumды қосуға қол жетті.

Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті озық ақпараттық технологиялар негізінде өзінің ақпараттық инфрақұрылымын қалыптастыруда. Ол ЖОО-ның бәсекеге қабілеттілігін ғана арттырып қоймай, оның еліміздің инновациялық дамуына белсене қатысуына ықпал етеді. Таяуда университетте өтетін халықаралық конференция ЖОО ғалымдарын жаңа ғылыми ізденістерге шабыттандырары сөзсіз.

Оңдасын ЕЛУБАЙ

Бөлісу: