Болат Аюханов өмірі

20 Қыркүйек 2013, 03:13

2010 жылы Халық әртісі Болат Аюханов мәдениет және өнер саласының «International Socrates Prize» атты Халықаралық Сократ сыйлығының лауреаты атанды. Салтанатты марапаттау рәсімі туралы дүниежүзі басылымдары жарыса жазды. Жүлдеге ұсынған Еуропалық Бизнес Ассамблея Аталымдық комитетінің (ЕВА, Оксфорд, Ұлыбритания) бас директоры Джон В.Нетти «Сізді жоғарғы қоғамдық баға алғаныңызбен құттықтай­­мыз. Бұл сіздің әлемдік өнерге және Қазақстан Республикасының алдыңғы қатарлы балет ұжымының жетекшісі ретінде қосқан үлесіңіздің мойындалғаны», деп ілтипатын білдірді. Шынында да «Socrates Award Ceremony» атты Халықаралық Сократ сыйлығы – бұл кәсіби саладағы жоғарғы жетістіктердің бағасы, ең жоғарғы, халықаралық дәрежеде мойындалғандықтың белгісі болатын. Қырық бес жылдың ішінде «Алматының жас балеті» репертуары бай, шеберлігі жоғары Мемлекеттік академиялық классикалық би ансамбліне айналып, бүкіл тірлік тынысы біздің көз алдымызда өтуде. Аюхановтың қолтаңбасына ізденіс, музыкалық биік мәдениет, классикалық көркем би тәсілдерінің таусылмайтын қазынасын меңгеруге ұмтылыс, жаңалыққа құштарлық, графикалық па, зергерлік пе, әйтеуір, кез келген қойылымының бүге-шігесіне шейін дәл, нақтылық тән. Соның арқасында шетелге де, республикамызға да кеңінен танымал болып, хореографиялық өнерді игеруі жөнінен бұл ансамбль әлемдік балет ұжымдарының ең үздігі саналатын алғашқы ондығына еніп отыр. Болат Ғазизұлының «Менің балетім», «Сезімдер өмірбаяны» атты кітаптары бар. Соңғысына алғысөз жазып, кезінде өңдеп-дайындалуына қол ұшын бергенмін. Еуропа мәдениетінің 20-шы ғасырдағы 60 жарық жұлдызы туралы шығатын 25 кітаптың біреуі Аюхановтың өмірі мен өнеріне арналған (авторы австралиялық өнер зерттеушісі Юри Рюнтю). Арнайы шақырумен Түркияда «Махаббат аңызы», Ташкентте «Алдар Көсе» балеттерін қойған, көптеген медаль, орден иегері. Т.Жүргенов атындағы Өнер академиясының профессоры, халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Ыстамбұл, Семей, Екібастұз қалаларының құрметті азаматы Саналы өмірін балет өнеріне арнаған Болат Ғазизұлының қойған қойылым­­­дары, тәрбиелеген шәкірттері қазақ балет өнерінің негізін қалады. Атағынан ат үркеді, толып жатқан марапатын тізіп, қолпаштай бастасаң: «Фаина Ранев­ская айтқандай бәрі әншейін... жерлеу рәсімінің меншік заттары ғана» деп шорт кеседі. Ұдайы жанұшыра мазасызданып, тыным таппайтынынына қарамастан «уақытты асықтырғым келмейді» дейді. Аты-жөні құбылысқа айналған Аюханов жұмбағын өз басым уақыт атты құдіретпен байланыстырамын. Міне, жарты ғасырға жуық өнер аренасында уақыттың куәгері бола жүріп, дәуір дүбірінен шынайылықпен, көркемдікпен балет шежіресін жасады. Бұл оның бүкіл өмірінің мәні, мазмұны, намысы, идеялогиясы, ар-ұяты. Әрдайым қоғамның алдыңғы қатарында болып, өзінің шыққан ортасын ізгілікке, сұлулыққа, білімге баулуда. Қателесуге хақым жоқ деп есептейді, кез-келген спектаклі біртұтас, мызғымайтын мүсін іспеттес, алып-қосар мін таппайсың. Сахнада эксперимент жасамайды, қандай да қойылымы титтей күдік туғызбауы тиіс, ой елегінен өтіп, әбден пісіп-жетіліп қана ұсынылады көпшілікке. Көрермен алдындағы, мейлі ол Талдықорған, әлде Парижде ме, бәрібір, жауапкершілікті сезінуі таңғалдырады. Тұрақсыз, сөзінде тұрмайтын, шашылып-шашырап жүретіндерді ұнатпайды. Айналасындағылардан жинақылықты, тастүйін тәртіпті талап етеді. Тұрмыс-тірліктің қандай жағдайына да икемді, ірілі-ұсақты шаруаның бәрі қолынан келеді. Қасындағыларды тойғызып, сыйлық жасағаннан, түйткіл мәселелерін шешіп бергеннен рахат табады. Қарамағындағылардың ешқайсының қарны ашып, үй-күйсіз қалғаны жоқ. Бәріне бірден бақыт сыйлай алмағанымен, кез келгенінің мұң-мұқтажын орындауға жанұшыра жүгіреді. Ешқашан жеңіл жол таңдаған емес. Қойылымдарының хореографиялық күрделілігі сонша, академиялық басқа театр солистерінің мұны игеріп-меңгеруі екіталай. Ол үшін ұжымындағы әрбір әртіс сирек ұшырасар жауһар, кез келгенінің орны бөлек. Ансамблінің дүние жүзіне шығандаған даңқының бір себебі осы. Майя Плисецкая тәрізді «балеттің бағындырмайтын құдіреті жоқ» екеніне сенгендіктен де өмір музыкасын, әлем әуенін «көріп», таңғажайып туындыларымен таңдай қақтыруда. Жарты ғасырдан бері тынымсыз айналысқан кәсібінің әрі патшасы, әрі құлы, «менің отаным – сахна» деуінің астарында былайғылардың өресі жете қоймайтын талай сыр жасырынған. Мағира ҚОЖАХМЕТОВА

2010 жылы Халық әртісі Болат Аюханов мәдениет және өнер саласының «International Socrates Prize» атты Халықаралық Сократ сыйлығының лауреаты атанды. Салтанатты марапаттау рәсімі туралы дүниежүзі басылымдары жарыса жазды. Жүлдеге ұсынған Еуропалық Бизнес Ассамблея Аталымдық комитетінің (ЕВА, Оксфорд, Ұлыбритания) бас директоры Джон В.Нетти «Сізді жоғарғы қоғамдық баға алғаныңызбен құттықтай­­мыз. Бұл сіздің әлемдік өнерге және Қазақстан Республикасының алдыңғы қатарлы балет ұжымының жетекшісі ретінде қосқан үлесіңіздің мойындалғаны», деп ілтипатын білдірді. Шынында да «Socrates Award Ceremony» атты Халықаралық Сократ сыйлығы – бұл кәсіби саладағы жоғарғы жетістіктердің бағасы, ең жоғарғы, халықаралық дәрежеде мойындалғандықтың белгісі болатын.

Қырық бес жылдың ішінде «Алматының жас балеті» репертуары бай, шеберлігі жоғары Мемлекеттік академиялық классикалық би ансамбліне айналып, бүкіл тірлік тынысы біздің көз алдымызда өтуде. Аюхановтың қолтаңбасына ізденіс, музыкалық биік мәдениет, классикалық көркем би тәсілдерінің таусылмайтын қазынасын меңгеруге ұмтылыс, жаңалыққа құштарлық, графикалық па, зергерлік пе, әйтеуір, кез келген қойылымының бүге-шігесіне шейін дәл, нақтылық тән. Соның арқасында шетелге де, республикамызға да кеңінен танымал болып, хореографиялық өнерді игеруі жөнінен бұл ансамбль әлемдік балет ұжымдарының ең үздігі саналатын алғашқы ондығына еніп отыр. Болат Ғазизұлының «Менің балетім», «Сезімдер өмірбаяны» атты кітаптары бар. Соңғысына алғысөз жазып, кезінде өңдеп-дайындалуына қол ұшын бергенмін. Еуропа мәдениетінің 20-шы ғасырдағы 60 жарық жұлдызы туралы шығатын 25 кітаптың біреуі Аюхановтың өмірі мен өнеріне арналған (авторы австралиялық өнер зерттеушісі Юри Рюнтю). Арнайы шақырумен Түркияда «Махаббат аңызы», Ташкентте «Алдар Көсе» балеттерін қойған, көптеген медаль, орден иегері. Т.Жүргенов атындағы Өнер академиясының профессоры, халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Ыстамбұл, Семей, Екібастұз қалаларының құрметті азаматы

Саналы өмірін балет өнеріне арнаған Болат Ғазизұлының қойған қойылым­­­дары, тәрбиелеген шәкірттері қазақ балет өнерінің негізін қалады. Атағынан ат үркеді, толып жатқан марапатын тізіп, қолпаштай бастасаң: «Фаина Ранев­ская айтқандай бәрі әншейін... жерлеу рәсімінің меншік заттары ғана» деп шорт кеседі. Ұдайы жанұшыра мазасызданып, тыным таппайтынынына қарамастан «уақытты асықтырғым келмейді» дейді. Аты-жөні құбылысқа айналған Аюханов жұмбағын өз басым уақыт атты құдіретпен байланыстырамын. Міне, жарты ғасырға жуық өнер аренасында уақыттың куәгері бола жүріп, дәуір дүбірінен шынайылықпен, көркемдікпен балет шежіресін жасады. Бұл оның бүкіл өмірінің мәні, мазмұны, намысы, идеялогиясы, ар-ұяты. Әрдайым қоғамның алдыңғы қатарында болып, өзінің шыққан ортасын ізгілікке, сұлулыққа, білімге баулуда. Қателесуге хақым жоқ деп есептейді, кез-келген спектаклі біртұтас, мызғымайтын мүсін іспеттес, алып-қосар мін таппайсың. Сахнада эксперимент жасамайды, қандай да қойылымы титтей күдік туғызбауы тиіс, ой елегінен өтіп, әбден пісіп-жетіліп қана ұсынылады көпшілікке. Көрермен алдындағы, мейлі ол Талдықорған, әлде Парижде ме, бәрібір, жауапкершілікті сезінуі таңғалдырады. Тұрақсыз, сөзінде тұрмайтын, шашылып-шашырап жүретіндерді ұнатпайды. Айналасындағылардан жинақылықты, тастүйін тәртіпті талап етеді. Тұрмыс-тірліктің қандай жағдайына да икемді, ірілі-ұсақты шаруаның бәрі қолынан келеді. Қасындағыларды тойғызып, сыйлық жасағаннан, түйткіл мәселелерін шешіп бергеннен рахат табады. Қарамағындағылардың ешқайсының қарны ашып, үй-күйсіз қалғаны жоқ. Бәріне бірден бақыт сыйлай алмағанымен, кез келгенінің мұң-мұқтажын орындауға жанұшыра жүгіреді. Ешқашан жеңіл жол таңдаған емес. Қойылымдарының хореографиялық күрделілігі сонша, академиялық басқа театр солистерінің мұны игеріп-меңгеруі екіталай. Ол үшін ұжымындағы әрбір әртіс сирек ұшырасар жауһар, кез келгенінің орны бөлек. Ансамблінің дүние жүзіне шығандаған даңқының бір себебі осы. Майя Плисецкая тәрізді «балеттің бағындырмайтын құдіреті жоқ» екеніне сенгендіктен де өмір музыкасын, әлем әуенін «көріп», таңғажайып туындыларымен таңдай қақтыруда. Жарты ғасырдан бері тынымсыз айналысқан кәсібінің әрі патшасы, әрі құлы, «менің отаным – сахна» деуінің астарында былайғылардың өресі жете қоймайтын талай сыр жасырынған.

Мағира ҚОЖАХМЕТОВА

Бөлісу: