Мүсірәлі баба

19 Қыркүйек 2013, 12:14

1680 жылы Күлтөбе басында үш жүздің жұрты Тәукені хан етіп сайлайды. Осыдан кейін бүкіл қазақтың басын қоса білетін пірді сайлауды дұрыс көреді. Бұл сәтте елдің таңдауы Мүсірәлі бабамызға түседі. Бұлай болуы тегіннен-тегін емес. Үш жүздің билері сынақтан өтеді. Дегенмен Мүсірәлі бабамызға халықтың ықыла­сы ерекше ауады. Өйткені жұрттың арасында «Жеті адамға жан берген» деген аңыз жиі айтылатын. Тәуке ханның тұсында қазақтың «Жеті жарғысы» өмірге келді. Оны дайындауға беделі биік, абыройы асқақ азаматтар белсене атсалысты. Солардың қата­рында Мүсірәлі бабамыз да болған. Ханның жанында елдің діни сенімін нығайтуда дін қайраткерінің өз орны болды. Себебі Құран Кәрімде жазылған тәртіпті негізге ала отырып, ел басқарудың жарғысын дайындау кезек күттірмейтін мәселенің бірі саналды. Дала заңы санал­ған «Жеті жарғының» алғашқы бөлігінде «Халықтың ханы, сұлтаны, пір әзіреті қастықпен өлтірілсе, олар­дың әрқайсысы үшін жеті кісінің құны мөлшерінде құн төленсін» деп атап көрсетілген. Осыдан-ақ пір әзіреттің орны қандай деңгейде екені аңғарылып тұр. Халықтың арасында әлі күнге дейін айтылатын жеті өлікке жан беру қасиеті жайына тоқтала кетелік. Түркістан шаһарында медреседе білім алып жүрген Мүсірәлі бабаны әкесі Жәдік еліне алып келе жатқан кезі екен. Жолай қорым басына жиналған жұртты көреді. Олардан кімнің қайтыс болғанын сұрайды. Пәни­ден өткен адам сол күні таң ата өмірден өткен екен. Сол уақытта қазақ өліктің денесі суымай жатып, жер қойнына беретінге ұқсайды. Осы сәтте Мүсірәлі бабамыздың ерекше қасиеті байқалады. «Бисимиллаһир рахманир-рахим» деп қолымен әлгі қайтыс болған адамның денесін сипап өткенде өлікке жан бітеді. Жақын туысын жерлеуге келген жұрт қайта тірілген бауырларын қастарына ертіп, үйлеріне алып қайтады. Жиналған жамағат Мүсірәлі баба­мыздың айрықша адам екенін ұғына­ды. Дәл осындай жағдай біршама уақыттан кейін тағы да қайталанады. Қасиетті жанның бала кезі екен. Ауыл сыртында өз құрдас­тарымен ойнап жүреді. Сол уақытта ауыл ішінен жылаған дауыстар естіледі. Бабамыз оның мәнісін сұрайды. Сонда естияр болып қалған бір бала «Біздің ауылда бір жесір кемпір бар. Сол кісінің ауру қызы бар еді. Әжеміздің сол қызы бүгін қайтты» дейді. Бала Мүсірәлі сол үйге тезірек жетеді. Мәйітті бөлек қойған екен. Бала мәйіттің қасына баруға рұқсат сұрайды. Үлкендер қорқып қалма­сын деп алғашқыда мұрсат бермейді. Ақырында ортақ шешімге келеді. Мүсірәлі бабамыз медреседе имам берген таяғы­мен әлгі қайтыс болған адамды түртіп қалған кезде бойжеткен ауруынан құлан-таза айығып, қатарға қосылған екен. Ара­да біршама уақыт өткенде абыз атамыз тағы да бір қаралы үйге тап келеді. Ол ша­ңы­рақта бес бірдей баласы өмірден өтіп, әлгі отбасы қайғыдан қара жамылыпты. Дұға оқып, бес мүрденің денесін сипаған сәтте олардың барлығына жан бітіпті. Осы­лайша діндар бабамыз «Жеті өлікке жан берген Мүсірәлі» атанған деседі көнекөз­дер. Аты аңызға айналған абыз бабамыз сексен жылға жуық ғұмыр кешкен. 1639 жылы жарық дүние есігін ашқан ол кісі 1721 жылы өмірден өтеді. Бала жасынан зерек болып өскен Мүсірәлі бабамыз 1650-1660 жылдар аралығында Түркістан шаһарындағы медреседе білім алады. Сонда жүргенде оның алғырлығы мен бі­лім­ділігін ұстаздары байқайды. Медреседе шәкірттерге дәріс беруге қалады. Білімдар­лығы арқасында «ахун» дәрежесіне ие болады. Одан кейін де білімін жетілдіруді қалайды. Бұл жайында түрліше жорамал­дар айтылады. Кейбір ғалымдар Мүсірәлі баба Бағдат, Басыра шаһарларында сопы­лық ілімнің қазынасын игерді дейді. Ендігі бірі алты жасынан Үргеніш қаласында мұ­сылманша хат таныған деп болжам жасай­ды. Содан соң Ауғанстандағы Мазари Шариф, Ғазия кенттеріндегі сопылық ағымдағы оқымыстылардан тәлім алған деседі. Мүсірәлі бабамыздың ұрпақтары да әулие кісілер болған екен. Ол кісінің кіші әйелі Мәриямнан Қосым атты ұл дүниеге келеді. Бұл баласы он сегізінші ғасырдың шамасында Кіші жүзге пір сайланады. Ел­дің бірлігі мен татулығын сақтауға күш салады. Одан туған Әбужәлел де елдің ықыласына бөленген жан болған екен. Бірқатар дерек көздерінде ол кісі де пір болған деген әңгімелер айтылып қалады. Нұралы ханның тұсында ел арасында оз­быр­­лық қатты күшейіп кетеді. Оның мұн­дай қатыгездігі халық арасында абыройлы адамдардың жанын ауыртады. Кіші жүздің 50-ден астам биі Екатерина ІІ-ге арнайы хат жазады. Оларды ұйымдастырған, арызын бекітіп, қол қойған адамдардың көшбасында Сырым Датұлы мен Әбужәлел Қосымов болған екен. Мүсірәлі бабаның шөбересі Нұрмұхаммед Орынбор шекаралық комиссия жиналысына депутат болып, қазылық жасаған екен. Қашаннан дін жолында тер төккен абыз бабалар халықтың ауызбірлігін сақ­тау­ға белсене араласты. Сондай тұғырлы тұлғамыз – Мүсірәлі бабамыз жайында күні бүгінге дейін аңызға бергісіз әңгімелер айтылады. Автор: Әділжан ҮМБЕТ "Алаш айнасы"

1680 жылы Күлтөбе басында үш жүздің жұрты Тәукені хан етіп сайлайды. Осыдан кейін бүкіл қазақтың басын қоса білетін пірді сайлауды дұрыс көреді. Бұл сәтте елдің таңдауы Мүсірәлі бабамызға түседі. Бұлай болуы тегіннен-тегін емес. Үш жүздің билері сынақтан өтеді. Дегенмен Мүсірәлі бабамызға халықтың ықыла­сы ерекше ауады. Өйткені жұрттың арасында «Жеті адамға жан берген» деген аңыз жиі айтылатын.

Тәуке ханның тұсында қазақтың «Жеті жарғысы» өмірге келді. Оны дайындауға беделі биік, абыройы асқақ азаматтар белсене атсалысты. Солардың қата­рында Мүсірәлі бабамыз да болған. Ханның жанында елдің діни сенімін нығайтуда дін қайраткерінің өз орны болды. Себебі Құран Кәрімде жазылған тәртіпті негізге ала отырып, ел басқарудың жарғысын дайындау кезек күттірмейтін мәселенің бірі саналды. Дала заңы санал­ған «Жеті жарғының» алғашқы бөлігінде «Халықтың ханы, сұлтаны, пір әзіреті қастықпен өлтірілсе, олар­дың әрқайсысы үшін жеті кісінің құны мөлшерінде құн төленсін» деп атап көрсетілген. Осыдан-ақ пір әзіреттің орны қандай деңгейде екені аңғарылып тұр.

Халықтың арасында әлі күнге дейін айтылатын жеті өлікке жан беру қасиеті жайына тоқтала кетелік. Түркістан шаһарында медреседе білім алып жүрген Мүсірәлі бабаны әкесі Жәдік еліне алып келе жатқан кезі екен. Жолай қорым басына жиналған жұртты көреді. Олардан кімнің қайтыс болғанын сұрайды. Пәни­ден өткен адам сол күні таң ата өмірден өткен екен. Сол уақытта қазақ өліктің денесі суымай жатып, жер қойнына беретінге ұқсайды.

Осы сәтте Мүсірәлі бабамыздың ерекше қасиеті байқалады. «Бисимиллаһир рахманир-рахим» деп қолымен әлгі қайтыс болған адамның денесін сипап өткенде өлікке жан бітеді. Жақын туысын жерлеуге келген жұрт қайта тірілген бауырларын қастарына ертіп, үйлеріне алып қайтады. Жиналған жамағат Мүсірәлі баба­мыздың айрықша адам екенін ұғына­ды. Дәл осындай жағдай біршама уақыттан кейін тағы да қайталанады. Қасиетті жанның бала кезі екен. Ауыл сыртында өз құрдас­тарымен ойнап жүреді. Сол уақытта ауыл ішінен жылаған дауыстар естіледі. Бабамыз оның мәнісін сұрайды.

Сонда естияр болып қалған бір бала «Біздің ауылда бір жесір кемпір бар. Сол кісінің ауру қызы бар еді. Әжеміздің сол қызы бүгін қайтты» дейді. Бала Мүсірәлі сол үйге тезірек жетеді. Мәйітті бөлек қойған екен. Бала мәйіттің қасына баруға рұқсат сұрайды. Үлкендер қорқып қалма­сын деп алғашқыда мұрсат бермейді. Ақырында ортақ шешімге келеді. Мүсірәлі бабамыз медреседе имам берген таяғы­мен әлгі қайтыс болған адамды түртіп қалған кезде бойжеткен ауруынан құлан-таза айығып, қатарға қосылған екен. Ара­да біршама уақыт өткенде абыз атамыз тағы да бір қаралы үйге тап келеді. Ол ша­ңы­рақта бес бірдей баласы өмірден өтіп, әлгі отбасы қайғыдан қара жамылыпты. Дұға оқып, бес мүрденің денесін сипаған сәтте олардың барлығына жан бітіпті. Осы­лайша діндар бабамыз «Жеті өлікке жан берген Мүсірәлі» атанған деседі көнекөз­дер.

Аты аңызға айналған абыз бабамыз сексен жылға жуық ғұмыр кешкен. 1639 жылы жарық дүние есігін ашқан ол кісі 1721 жылы өмірден өтеді. Бала жасынан зерек болып өскен Мүсірәлі бабамыз 1650-1660 жылдар аралығында Түркістан шаһарындағы медреседе білім алады. Сонда жүргенде оның алғырлығы мен бі­лім­ділігін ұстаздары байқайды. Медреседе шәкірттерге дәріс беруге қалады. Білімдар­лығы арқасында «ахун» дәрежесіне ие болады. Одан кейін де білімін жетілдіруді қалайды. Бұл жайында түрліше жорамал­дар айтылады. Кейбір ғалымдар Мүсірәлі баба Бағдат, Басыра шаһарларында сопы­лық ілімнің қазынасын игерді дейді. Ендігі бірі алты жасынан Үргеніш қаласында мұ­сылманша хат таныған деп болжам жасай­ды. Содан соң Ауғанстандағы Мазари Шариф, Ғазия кенттеріндегі сопылық ағымдағы оқымыстылардан тәлім алған деседі.

Мүсірәлі бабамыздың ұрпақтары да әулие кісілер болған екен. Ол кісінің кіші әйелі Мәриямнан Қосым атты ұл дүниеге келеді. Бұл баласы он сегізінші ғасырдың шамасында Кіші жүзге пір сайланады. Ел­дің бірлігі мен татулығын сақтауға күш салады. Одан туған Әбужәлел де елдің ықыласына бөленген жан болған екен. Бірқатар дерек көздерінде ол кісі де пір болған деген әңгімелер айтылып қалады. Нұралы ханның тұсында ел арасында оз­быр­­лық қатты күшейіп кетеді. Оның мұн­дай қатыгездігі халық арасында абыройлы адамдардың жанын ауыртады. Кіші жүздің 50-ден астам биі Екатерина ІІ-ге арнайы хат жазады. Оларды ұйымдастырған, арызын бекітіп, қол қойған адамдардың көшбасында Сырым Датұлы мен Әбужәлел Қосымов болған екен. Мүсірәлі бабаның шөбересі Нұрмұхаммед Орынбор шекаралық комиссия жиналысына депутат болып, қазылық жасаған екен.

Қашаннан дін жолында тер төккен абыз бабалар халықтың ауызбірлігін сақ­тау­ға белсене араласты. Сондай тұғырлы тұлғамыз – Мүсірәлі бабамыз жайында күні бүгінге дейін аңызға бергісіз әңгімелер айтылады.

Автор: Әділжан ҮМБЕТ

"Алаш айнасы"

Бөлісу: