Дастарбасы аймағының құпиялары

19 Қыркүйек 2013, 11:49

Оңтүстік Қазақстан өлкесінің Отырар аймағы көне заманда қалың қазаққа пана болған киелі мекеннің бірі саналады. Оған ешкім де дау айта алмас. Бұл – тарихи шындық. Кешегі жаугершілік заманда қас дұшпанға қасқайып қарсы тұрған Отырар шаһары ержүректіктің, батырлықтың ерен үлгісін көрсетті деп айта аламыз. Сол құтты қоныстың айналасында талай тарихи қаланың болғанын тасқа басылған тарих беттері айғақтап отыр. Әрине, олардың көпшілігіне әлі күнге дейін жоғары деңгейде зерделі зерттеу жүргізіле қойған жоқ. Алайда біздің ата-бабалардың көзіндей мұралар бізді тарихқа қайта қараудың тағы да қажеттігін аңғартып отыр. Сондай ерекше жерлердің бірі – Отырар ауданының аумағындағы Дастарбасы деп аталатын қоныс. Негізінде, бұл аймақ жазыққа орын тепкен. Дегенмен сол жерлерде аласа деңгейдегі тау шоқы­лары көзге шалынады. Оны да табиғаттың бір ерекше­лігі деп қарасақ та болады. Бұл мекен неге Дастарбасы деп аталған? Оған айтылатын жорамал да сан алуан. Туған жердің шежіресіне үңіліп жүрген зерттеушілер осы тұрғыда былайша түсіндірме жасайды: «Араб тілінде «дастар» деген сөз бар, ол жалпақ тілімізбен айтқанда, «сәлде» деген мағынаны білдіреді екен. Расында, бұл пікірдің негізі бар секілді. Өйткені тау маңындағы көріністер сәлдені көзге елестетері сөзсіз. Аласа деңгейдегі таулы белестен асар сәтте түйенің өркеші іспетті бір-біріне сүйене қалған екі төбе алдың­нан шығады. Олардың ұшар басындағы қойтастар төбені тізіле айналып шығады. Ол көрініске қарай отырып, тұп-тура сәлде көз алдыңа келеді. Сондықтан осы аймақтың «Дастарбасы» аталуы мүмкін» дейді ғалымдар. Шындығында, бұл өлкенің ерекшелігі әлі де өз деңгейінде таразыға тартыла қоймаған секілді. Әртүр­лі кітаптарда бірен-саран деректер кездескені­мен, толық­тай мәлімет алу мүмкін болмай тұр. Тіпті энци­клопедиялық еңбектерде де бұл жайында айтыла бермейді. Бұл салғырттық па, енжарлық па? Оның жауабын толық түсіне алмай жүрген жайымыз бар. Болмаса табиғаттың нағыз кереметі осы жерлерде кездеседі емес пе? Дастарбасы тауы Отырар ауданының Қожатоғай елді мекенінен таяқ тастам жерде жатыр. Ауылдан солтүстік-шығысқа бет алған жолаушының қарсы алдынан Дастарбасы шығады. Оның биіктігі 600 метрге жетер-жетпес. Салыстырмалы биіктігі 90-120 метр­ге жуықтайды. Тау батыстан шығысқа қарай созы­лып жатыр. Ұзындығы жеті шақырымды маңайлайды. Енді жері екі шақырымды әрең құрайды. Осы жерлерде Дастарбасы таңбалы жартас бар. Ғалымдар оны ежелгі шимай­лы жартастарға жатқызады. Бұл тұрғыда жергілікті ғалымдар біршама зерттеу жүргізген. Атап айтқанда, 2003-2004 жыл­дары Отырар мемлекеттік археология қорық-мұражайы мен Шымкент қаласын­дағы Археология және этнология орталы­ғының мамандары тарихты тану бағытында жұмыстар жүргізген. Олардың айтуынша, Дастарбасы тауында биіктігі – 50, ұзын­дығы 40 метрге созыла жатқан жартастар бар. Жартастың оң жақ шетінде екі қатар 12 дөңгелек ойық саты бар. Олардың бет­терінде айқыш белгілер салынған. Сондай-ақ сол жерлерде сондай туындылар са­лын­ған төрт ойық таңба да анадайдан көз­ге түседі. Ғалымдар Дастарбасы маңында ежелгі қорымдар болғанын айтады. Жоғарыда айтылған ғалымдар бұл тұрғыда да бір­ша­ма жұмыстар жүргізді. Ежелгі қорым тау­дың ең биік жеріне орын тепкен екен. Тағы да бір осындай қорым одан 100 метр­­дей қашықтықта кездеседі. Қорым­дарда жер­ленген мүрде жатқан жерде дөңгелекше тастар шашылып жатқаны байқалады. Зерттеушілер бұл тұрғыда қорымдардың ежелгі бір кезеңдерде тоналған болуы мүмкін деп болжайды. Қорымның сыртқы пішініне қарап, оларды орта ғасырлардағы мұралар қатарына жатқызады. Көнеден жеткен кейбір деректерде кезінде Дастарбасы маңы дүниежүзін кез­ген жиһанкездердің жиі ат басын бұра­тын орны болғаны айтылады. Десе де, бертін келе қараусыз қалған бұл орын маңынан ел де басқа жақтарға қоныс аударған болуы әбден мүмкін. Тарихшы Дүкей Тәлиев Отырардың жанын­да көптеген қалалар орын тепкенін тілге тиек етеді. Солардың қатарында Дастарбасы да болуы ғажап емес. Өйткені осы құт қонған аймақта Пышақтөбе, Ал­тынтөбе, Марданкүйік, Көкмардан және өзге де шаһарлардың өркендегенін жұрт­шылық жақсы біледі. Жалпы, біздің өткеннің бағасын әлі де толық тани алмай келеміз. Кейбір елдерде мұндай орындар көзден таса қалмайды. Өздерінің ежелгі заманнан қалған байлы­ғы ретінде оларды қазыналы жерлер деп бағалайды. Әргі-бергі қиырына ат тұяғы талып әрең жететін қазақ даласында ондай құтты қоныстар жетіп-артылады. Дегенмен біз оларды өзіміз де толық тани алмай отырған жайымыз бар. Өз шежіремізді өзіміз таразылай алмай жүрген сәтте басқаға қалайша дәріптейміз? Қалай десек те, қазақ жерінің осындай байлығына көз жұма қарағанымыз дұрыс болмас. Автор: Жанәділ БЕКТҰРСЫН "Алаш айнасы"

Оңтүстік Қазақстан өлкесінің Отырар аймағы көне заманда қалың қазаққа пана болған киелі мекеннің бірі саналады. Оған ешкім де дау айта алмас. Бұл – тарихи шындық. Кешегі жаугершілік заманда қас дұшпанға қасқайып қарсы тұрған Отырар шаһары ержүректіктің, батырлықтың ерен үлгісін көрсетті деп айта аламыз. Сол құтты қоныстың айналасында талай тарихи қаланың болғанын тасқа басылған тарих беттері айғақтап отыр. Әрине, олардың көпшілігіне әлі күнге дейін жоғары деңгейде зерделі зерттеу жүргізіле қойған жоқ. Алайда біздің ата-бабалардың көзіндей мұралар бізді тарихқа қайта қараудың тағы да қажеттігін аңғартып отыр. Сондай ерекше жерлердің бірі – Отырар ауданының аумағындағы Дастарбасы деп аталатын қоныс.

Негізінде, бұл аймақ жазыққа орын тепкен. Дегенмен сол жерлерде аласа деңгейдегі тау шоқы­лары көзге шалынады. Оны да табиғаттың бір ерекше­лігі деп қарасақ та болады. Бұл мекен неге Дастарбасы деп аталған? Оған айтылатын жорамал да сан алуан. Туған жердің шежіресіне үңіліп жүрген зерттеушілер осы тұрғыда былайша түсіндірме жасайды: «Араб тілінде «дастар» деген сөз бар, ол жалпақ тілімізбен айтқанда, «сәлде» деген мағынаны білдіреді екен. Расында, бұл пікірдің негізі бар секілді. Өйткені тау маңындағы көріністер сәлдені көзге елестетері сөзсіз. Аласа деңгейдегі таулы белестен асар сәтте түйенің өркеші іспетті бір-біріне сүйене қалған екі төбе алдың­нан шығады. Олардың ұшар басындағы қойтастар төбені тізіле айналып шығады. Ол көрініске қарай отырып, тұп-тура сәлде көз алдыңа келеді. Сондықтан осы аймақтың «Дастарбасы» аталуы мүмкін» дейді ғалымдар.

Шындығында, бұл өлкенің ерекшелігі әлі де өз деңгейінде таразыға тартыла қоймаған секілді. Әртүр­лі кітаптарда бірен-саран деректер кездескені­мен, толық­тай мәлімет алу мүмкін болмай тұр. Тіпті энци­клопедиялық еңбектерде де бұл жайында айтыла бермейді. Бұл салғырттық па, енжарлық па? Оның жауабын толық түсіне алмай жүрген жайымыз бар. Болмаса табиғаттың нағыз кереметі осы жерлерде кездеседі емес пе?

Дастарбасы тауы Отырар ауданының Қожатоғай елді мекенінен таяқ тастам жерде жатыр. Ауылдан солтүстік-шығысқа бет алған жолаушының қарсы алдынан Дастарбасы шығады. Оның биіктігі 600 метрге жетер-жетпес. Салыстырмалы биіктігі 90-120 метр­ге жуықтайды. Тау батыстан шығысқа қарай созы­лып жатыр. Ұзындығы жеті шақырымды маңайлайды. Енді жері екі шақырымды әрең құрайды.

Осы жерлерде Дастарбасы таңбалы жартас бар. Ғалымдар оны ежелгі шимай­лы жартастарға жатқызады. Бұл тұрғыда жергілікті ғалымдар біршама зерттеу жүргізген. Атап айтқанда, 2003-2004 жыл­дары Отырар мемлекеттік археология қорық-мұражайы мен Шымкент қаласын­дағы Археология және этнология орталы­ғының мамандары тарихты тану бағытында жұмыстар жүргізген. Олардың айтуынша, Дастарбасы тауында биіктігі – 50, ұзын­дығы 40 метрге созыла жатқан жартастар бар. Жартастың оң жақ шетінде екі қатар 12 дөңгелек ойық саты бар. Олардың бет­терінде айқыш белгілер салынған. Сондай-ақ сол жерлерде сондай туындылар са­лын­ған төрт ойық таңба да анадайдан көз­ге түседі.

Ғалымдар Дастарбасы маңында ежелгі қорымдар болғанын айтады. Жоғарыда айтылған ғалымдар бұл тұрғыда да бір­ша­ма жұмыстар жүргізді. Ежелгі қорым тау­дың ең биік жеріне орын тепкен екен. Тағы да бір осындай қорым одан 100 метр­­дей қашықтықта кездеседі. Қорым­дарда жер­ленген мүрде жатқан жерде дөңгелекше тастар шашылып жатқаны байқалады. Зерттеушілер бұл тұрғыда қорымдардың ежелгі бір кезеңдерде тоналған болуы мүмкін деп болжайды. Қорымның сыртқы пішініне қарап, оларды орта ғасырлардағы мұралар қатарына жатқызады.

Көнеден жеткен кейбір деректерде кезінде Дастарбасы маңы дүниежүзін кез­ген жиһанкездердің жиі ат басын бұра­тын орны болғаны айтылады. Десе де, бертін келе қараусыз қалған бұл орын маңынан ел де басқа жақтарға қоныс аударған болуы әбден мүмкін.

Тарихшы Дүкей Тәлиев Отырардың жанын­да көптеген қалалар орын тепкенін тілге тиек етеді. Солардың қатарында Дастарбасы да болуы ғажап емес. Өйткені осы құт қонған аймақта Пышақтөбе, Ал­тынтөбе, Марданкүйік, Көкмардан және өзге де шаһарлардың өркендегенін жұрт­шылық жақсы біледі.

Жалпы, біздің өткеннің бағасын әлі де толық тани алмай келеміз. Кейбір елдерде мұндай орындар көзден таса қалмайды. Өздерінің ежелгі заманнан қалған байлы­ғы ретінде оларды қазыналы жерлер деп бағалайды. Әргі-бергі қиырына ат тұяғы талып әрең жететін қазақ даласында ондай құтты қоныстар жетіп-артылады. Дегенмен біз оларды өзіміз де толық тани алмай отырған жайымыз бар.

Өз шежіремізді өзіміз таразылай алмай жүрген сәтте басқаға қалайша дәріптейміз? Қалай десек те, қазақ жерінің осындай байлығына көз жұма қарағанымыз дұрыс болмас.

Автор: Жанәділ БЕКТҰРСЫН

"Алаш айнасы"

Бөлісу: