Сарыарқа – сақтардың саф алтын мекен

19 Қыркүйек 2013, 11:37

Сарыарқа – еліміздің көне дәуір ескерткіштеріне бай өңір. Мұны дәуір тарихының дамуы қалай жүргендігін ғалымдар тапқан археологиялық қазбалар мен сол орайда жасаған тұжырымдары дәлелдеп бере алады. Бір ғана ең алғаш жылқы қолға үйретілген Ботай тұрағы мен Беғазы-Дәндібай мәдениетінің алып кесенелерін айтсақ та, талай құндылықтарымыз айқындала түсетіні даусыз. Одан кейінгі кезеңде ерте темір дәуірі атанған сақ дәуірінің баға жетпес жауһарлары да Сарыарқа жерінің айбарын асқақтата түсіп қана қоймай, бабалар жолы бойымызға рух дарытқандай әсер қалдырады. Өйткені мұнда басқа аймақтармен салыс­тырғанда, сақ заманында бой көтерген ай­рықша құрылыстар көптеп кездеседі. Осындай құрылыстары бар мәдениет археология тарихында Тасмола мәдениеті (б.з.д.7-4 ғғ.) деп аталған екен. Тасмола мәдениетінің негіздемесі мен сипатының ерекшелігі оба үйінділерінен шығады. Осындай оба үйіндісінен бастау алып, шығысқа қарай тартылған тас тізбектер – «мұртты обалар» деп аталады. Ә.Х.Марғұлан атындағы Археология институтының кіші ғылыми қызметкері Д. Дүйсенбайдың айтуынша, обаның өзі батысында үлкен үйіндіден және оның шығысында орналасқан кішкентай үйіндіден тұрады. Негізгі обада тұрақтылық бойынша арнайы шұңқыр қазылып адам жерленсе, қосымша обаға жылқының сүйектері мен жебенің ұштары, сондай-ақ әдейі сындырылып қойылған қыш ыдыстың сынықтары жер бетіне қойылады. Шығысқа қарай тартылып, оның әр жерінде от жағылған тас тізбектер өлген адамның жанын күнге жеткізетін отты баспалдақтар ретінде қолданған. Ал жылқыны құрбандық малы ретінде күнге апаратын көлік деп санаған. Тас тізбектері бар обалар кешенінің элементтерінен отты күнге атты немесе оның белгілі бір мүшесін құрбан ету дәстүрінің болуы, үнемі «кірер аузы» шығысқа, күннің шығар тұсына бағытталып салынатын тас тізбектер күнге табынушылықтың ерекше белгілері екендігін байқатқандай. Әсіресе оттың қасиеті қазаққа да таңсық болмағаны белгілі. Үйге жаңа түскен келіннің отқа май құюы – сонау замандардан қалған рәсімдік ғұрыптың сарқыншағы. – Тасмола мәдениетінің «мұртты» обаларының басты ерекшелігі – жерлеу орны ғана емес, ғұрып­тық-табыну орны сипатындағы құрылыс ретінде де салынуында. Тасмола мәдениетінің ескерткіштері жерлеу құрылыстары және тағы басқа да жағынан Алтайдың Майемер мәдениетімен ұқсастықтары бар. Алтай мен Сарыарқа­ның өзара жақын байланысы барына тек жерлеу орындары­ның ұқсастықтары ғана емес, заттай артефактілер де нақтылай түседі. 2003 жылы Зайсан ауданы Шілікті алқабындағы Бәйгетөбе обасынан табыл­ған алтын бұйымдар Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы Қ. Аманжолов ауылы маңында орналасқан Талды-2 қорымынан шыққан алтын заттармен өте ұқсас. Бүкіл Еуразия даласында таралған атақты «аң стилінде» жасалған заттар бір тұтас дүние­танымдық түсініктің болғандығына  қалып­тасқан­дығын көрсетеді, – дейді Ә.Марғұ­лан атындағы  Археология институтының кіші ғылыми қызметкері Д. Дүйсенбай. Талды-2 қорымы –  бірегей архео­ло­­гия­лық жәдігерлердің сақталып қа­луы­мен ерек­шеленетін ірі ескерт­кіш­тердің бірі. Мұндағы алтын бұйым­дардың көптігін 20 мыңнан астам алтын заттардың табылуынан көруге болады. Ал бұл – тонаушылықтың нәтижесінде олжаланған дүниелер. Тағы бір ғажабы сол, бұл нақты дерек тек иненің көзіндей ұсақ заттарға тиесілі. Одан бөлек 1800-ден астам орташа көлемдегі қабыр­шақ­ты алтын мен 200-дей салмақты алтын заттардың табылуы да зерттеушілер үшін орасан зор құндылыққа айналып отыр. Аң стилінде жасалған алтын бұйымдардың көрі­ністері сол дәуірде өмір сүрген бабала­рымыздың таным-түсінігі, қолөнері, эт­но­гра­фиясы,  діни және мифтік ойлау жүйе­ле­рі қандай болғандығынан анық хабар беріп тұр. Д. Дүйсенбай, Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институтының кіші ғылыми қызметкері: –  Талды-2 алтындары Шіліктіден табылған заттармен өте ұқсас. Әрине, Ресейдің Тыва жерінен табылған Ар­жан-2 обасының алтын заттарымен де аналогиялық жағынан жақындау. Бірақ  Шілікті алтындарының біріне-бірі жа­қын екендігіне ұқсас бұйымдар дәлел болады. Демек, қазіргі таңда тек әкім­ші­лік территория арқылы бөлінген осы­нау ұлы даланың ғажайып ескерткіштері әлемге қазақ жерінің тарихының тамы­ры тереңге тартқан дала екендігін әс­пет­тейді. Бұл жәдігерлер тек тарихы­мыз­ды зерттеудің бастауы ғана, әлі та­лай төрткіл дүниені таңғалдырар тама­ша туындылар табылары анық. Автор: Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ "Алаш айнасы"

Сарыарқа – еліміздің көне дәуір ескерткіштеріне бай өңір. Мұны дәуір тарихының дамуы қалай жүргендігін ғалымдар тапқан археологиялық қазбалар мен сол орайда жасаған тұжырымдары дәлелдеп бере алады. Бір ғана ең алғаш жылқы қолға үйретілген Ботай тұрағы мен Беғазы-Дәндібай мәдениетінің алып кесенелерін айтсақ та, талай құндылықтарымыз айқындала түсетіні даусыз.

Одан кейінгі кезеңде ерте темір дәуірі атанған сақ дәуірінің баға жетпес жауһарлары да Сарыарқа жерінің айбарын асқақтата түсіп қана қоймай, бабалар жолы бойымызға рух дарытқандай әсер қалдырады. Өйткені мұнда басқа аймақтармен салыс­тырғанда, сақ заманында бой көтерген ай­рықша құрылыстар көптеп кездеседі. Осындай құрылыстары бар мәдениет археология тарихында Тасмола мәдениеті (б.з.д.7-4 ғғ.) деп аталған екен. Тасмола мәдениетінің негіздемесі мен сипатының ерекшелігі оба үйінділерінен шығады. Осындай оба үйіндісінен бастау алып, шығысқа қарай тартылған тас тізбектер – «мұртты обалар» деп аталады.

Ә.Х.Марғұлан атындағы Археология институтының кіші ғылыми қызметкері Д. Дүйсенбайдың айтуынша, обаның өзі батысында үлкен үйіндіден және оның шығысында орналасқан кішкентай үйіндіден тұрады. Негізгі обада тұрақтылық бойынша арнайы шұңқыр қазылып адам жерленсе, қосымша обаға жылқының сүйектері мен жебенің ұштары, сондай-ақ әдейі сындырылып қойылған қыш ыдыстың сынықтары жер бетіне қойылады. Шығысқа қарай тартылып, оның әр жерінде от жағылған тас тізбектер өлген адамның жанын күнге жеткізетін отты баспалдақтар ретінде қолданған. Ал жылқыны құрбандық малы ретінде күнге апаратын көлік деп санаған. Тас тізбектері бар обалар кешенінің элементтерінен отты күнге атты немесе оның белгілі бір мүшесін құрбан ету дәстүрінің болуы, үнемі «кірер аузы» шығысқа, күннің шығар тұсына бағытталып салынатын тас тізбектер күнге табынушылықтың ерекше белгілері екендігін байқатқандай. Әсіресе оттың қасиеті қазаққа да таңсық болмағаны белгілі. Үйге жаңа түскен келіннің отқа май құюы – сонау замандардан қалған рәсімдік ғұрыптың сарқыншағы.

– Тасмола мәдениетінің «мұртты» обаларының басты ерекшелігі – жерлеу орны ғана емес, ғұрып­тық-табыну орны сипатындағы құрылыс ретінде де салынуында. Тасмола мәдениетінің ескерткіштері жерлеу құрылыстары және тағы басқа да жағынан Алтайдың Майемер мәдениетімен ұқсастықтары бар.

Алтай мен Сарыарқа­ның өзара жақын байланысы барына тек жерлеу орындары­ның ұқсастықтары ғана емес, заттай артефактілер де нақтылай түседі. 2003 жылы Зайсан ауданы Шілікті алқабындағы Бәйгетөбе обасынан табыл­ған алтын бұйымдар Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы Қ. Аманжолов ауылы маңында орналасқан Талды-2 қорымынан шыққан алтын заттармен өте ұқсас. Бүкіл Еуразия даласында таралған атақты «аң стилінде» жасалған заттар бір тұтас дүние­танымдық түсініктің болғандығына  қалып­тасқан­дығын көрсетеді, – дейді Ә.Марғұ­лан атындағы  Археология институтының кіші ғылыми қызметкері Д. Дүйсенбай.

Талды-2 қорымы –  бірегей архео­ло­­гия­лық жәдігерлердің сақталып қа­луы­мен ерек­шеленетін ірі ескерт­кіш­тердің бірі. Мұндағы алтын бұйым­дардың көптігін 20 мыңнан астам алтын заттардың табылуынан көруге болады. Ал бұл – тонаушылықтың нәтижесінде олжаланған дүниелер. Тағы бір ғажабы сол, бұл нақты дерек тек иненің көзіндей ұсақ заттарға тиесілі. Одан бөлек 1800-ден астам орташа көлемдегі қабыр­шақ­ты алтын мен 200-дей салмақты алтын заттардың табылуы да зерттеушілер үшін орасан зор құндылыққа айналып отыр. Аң стилінде жасалған алтын бұйымдардың көрі­ністері сол дәуірде өмір сүрген бабала­рымыздың таным-түсінігі, қолөнері, эт­но­гра­фиясы,  діни және мифтік ойлау жүйе­ле­рі қандай болғандығынан анық хабар беріп тұр.

Д. Дүйсенбай, Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институтының кіші ғылыми қызметкері:

–  Талды-2 алтындары Шіліктіден табылған заттармен өте ұқсас. Әрине, Ресейдің Тыва жерінен табылған Ар­жан-2 обасының алтын заттарымен де аналогиялық жағынан жақындау. Бірақ  Шілікті алтындарының біріне-бірі жа­қын екендігіне ұқсас бұйымдар дәлел болады. Демек, қазіргі таңда тек әкім­ші­лік территория арқылы бөлінген осы­нау ұлы даланың ғажайып ескерткіштері әлемге қазақ жерінің тарихының тамы­ры тереңге тартқан дала екендігін әс­пет­тейді. Бұл жәдігерлер тек тарихы­мыз­ды зерттеудің бастауы ғана, әлі та­лай төрткіл дүниені таңғалдырар тама­ша туындылар табылары анық.

Автор: Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ

"Алаш айнасы"

Бөлісу: