Қостанай өңіріндегі құнды мұралар

19 Қыркүйек 2013, 11:22

Қазақ даласының топырағын түрте қалса­ңыз, бағзы кезеңнен шежіре шертетін қанша­ма құнды қазынаны табуға барлық мүмкінді­гі­ңіз бар. Бұл біздің туған өлкеміздің тарихы тереңнен тамыр тартатынын айғақтай түседі. Шындығын айтқанда, кейбір шетелдік ғалым­дар оны көзге ілгісі келмей, қазақтың өткен өмір жолдарын бергі кезеңдегі төрт-бес ғасыр­дан бастағысы келеді. Бүгінгі күні жер көле­мі жөнінен әлемде тоғызыншы орын ала­тын Қазақстан жерін кезінде ата-бабалар үнемі аттың үстінен түспей, кірпік қақпай, түн ұй­қысын төрт бөліп, бүгінгі ұрпаққа аманат етті емес пе? Бұл тек мақтаныш емес, біз сол жердің тарихын түгендеп, кешегісі мен бүгінгісін таразылап, жұртшы­лық­қа кеңінен насихаттауға жол ашуға тиіспіз. Мәсе­лен, қазақ даласында грек тілінде жаңа тас дәуірі деп аталатын неолит кезеңіне жатқызылған ескерткіштер де кездеседі. Аталмыш кезең шамамен біздің зама­ны­мыздан бұрынғы 5500-3000 жылдарды қамтиды. Жал­пы алғанда, неолиттің қалыптасуы мен аяқталу мерзімі дүниежүзінде әртүрлі жағдайда өрбіді. Оның өту кезеңі де түрліше болды. Еуразия мен Африка құр­лық­тарының көптеген табиғи-климаттық аймақтарын­да, негізінен, неолиттің хронологиялық шеңбері біздің заманымыздан бұрынғы 6-4 мыңжылдықтарда бас­тал­са, сол дәуірдегі 3 мыңжылдықта аяқталды деуге бо­лады. Қазақ даласындағы неолит заманын­дағы мә­дени мұралар қатарында Қостанай өңіріндегі Мақан­жар мәдениетіне жатқызылатын ескерткіштер сана­лады. Аталмыш ескерткіштер Торғай иіні аймағында орын тепкен. Бұл бағалы дүниелер 1970-1990 жылдар аралығында Қостанай және Торғай археологиялық экспедициясын басқарған В.Н. Логвиннің зерттеуі барысында жалпақ жұртқа мәлім болды. Негізгі деректер Мақанжар, Тұздыкөл-2, Екідің-24 қоныстары бойынша анықталған. Археологтер Мақанжар мәде­ние­тіне жататын ескерткіштер саны 16 екенін айтады. Олар­дың арасында 13-іне қазба жұмыстары жүр­гізіл­ген. Мәселен, мұндай орындар қатарында Алқау, Аман­­гелді, Бестамақ, Түрлі, Дүзбай, Екідің, Қа­рамыр­за, Сұлукөл секілді орындар бар. Айта кетерлігі, ескі за­ман­ның тынысын білдіретін ескерткіштердің барлы­ғы өзен жағалауында орын тепкен. Өкініштісі, олар­да құ­рылыс іздері сақталмаған. Тек Дүзбай ма­ңын­дағы мәдени мұраларды зерттеу барысында тікбұ­рыш­ты тұрғын үйдің орнының бір бөлігі көзге ұшырас­қан. Мақанжар мәдениетіне жататын ыдыстар өте жұқа болып келеді. Олардың көпшілігі ұзынша етіп жасалған. Ыдыстардың сыртына өрнектер салынған. Өрнектер, негізінен, тарақ сияқты өткір затпен тігінен немесе тол­қын секілді етіп көлденең түсірілген. Сондай-ақ тас құралдары сұр түсті екені аңғарылады. Олар кварцит, кварцитті құмтастардан дайындалған. Зерттеушілер сол маңнан сүмбі (конус), кеспел (призма) тәрізді өзек­тастардың өзгелеріне қарағанда басым екенін айтады. Автор: Әділжан ТҰРСЫНБЕКҰЛЫ "Алаш айнасы"

Қазақ даласының топырағын түрте қалса­ңыз, бағзы кезеңнен шежіре шертетін қанша­ма құнды қазынаны табуға барлық мүмкінді­гі­ңіз бар. Бұл біздің туған өлкеміздің тарихы тереңнен тамыр тартатынын айғақтай түседі. Шындығын айтқанда, кейбір шетелдік ғалым­дар оны көзге ілгісі келмей, қазақтың өткен өмір жолдарын бергі кезеңдегі төрт-бес ғасыр­дан бастағысы келеді. Бүгінгі күні жер көле­мі жөнінен әлемде тоғызыншы орын ала­тын Қазақстан жерін кезінде ата-бабалар үнемі аттың үстінен түспей, кірпік қақпай, түн ұй­қысын төрт бөліп, бүгінгі ұрпаққа аманат етті емес пе?

Бұл тек мақтаныш емес, біз сол жердің тарихын түгендеп, кешегісі мен бүгінгісін таразылап, жұртшы­лық­қа кеңінен насихаттауға жол ашуға тиіспіз. Мәсе­лен, қазақ даласында грек тілінде жаңа тас дәуірі деп аталатын неолит кезеңіне жатқызылған ескерткіштер де кездеседі. Аталмыш кезең шамамен біздің зама­ны­мыздан бұрынғы 5500-3000 жылдарды қамтиды. Жал­пы алғанда, неолиттің қалыптасуы мен аяқталу мерзімі дүниежүзінде әртүрлі жағдайда өрбіді. Оның өту кезеңі де түрліше болды. Еуразия мен Африка құр­лық­тарының көптеген табиғи-климаттық аймақтарын­да, негізінен, неолиттің хронологиялық шеңбері біздің заманымыздан бұрынғы 6-4 мыңжылдықтарда бас­тал­са, сол дәуірдегі 3 мыңжылдықта аяқталды деуге бо­лады. Қазақ даласындағы неолит заманын­дағы мә­дени мұралар қатарында Қостанай өңіріндегі Мақан­жар мәдениетіне жатқызылатын ескерткіштер сана­лады.

Аталмыш ескерткіштер Торғай иіні аймағында орын тепкен. Бұл бағалы дүниелер 1970-1990 жылдар аралығында Қостанай және Торғай археологиялық экспедициясын басқарған В.Н. Логвиннің зерттеуі барысында жалпақ жұртқа мәлім болды. Негізгі деректер Мақанжар, Тұздыкөл-2, Екідің-24 қоныстары бойынша анықталған. Археологтер Мақанжар мәде­ние­тіне жататын ескерткіштер саны 16 екенін айтады. Олар­дың арасында 13-іне қазба жұмыстары жүр­гізіл­ген. Мәселен, мұндай орындар қатарында Алқау, Аман­­гелді, Бестамақ, Түрлі, Дүзбай, Екідің, Қа­рамыр­за, Сұлукөл секілді орындар бар. Айта кетерлігі, ескі за­ман­ның тынысын білдіретін ескерткіштердің барлы­ғы өзен жағалауында орын тепкен. Өкініштісі, олар­да құ­рылыс іздері сақталмаған. Тек Дүзбай ма­ңын­дағы мәдени мұраларды зерттеу барысында тікбұ­рыш­ты тұрғын үйдің орнының бір бөлігі көзге ұшырас­қан.

Мақанжар мәдениетіне жататын ыдыстар өте жұқа болып келеді. Олардың көпшілігі ұзынша етіп жасалған. Ыдыстардың сыртына өрнектер салынған. Өрнектер, негізінен, тарақ сияқты өткір затпен тігінен немесе тол­қын секілді етіп көлденең түсірілген. Сондай-ақ тас құралдары сұр түсті екені аңғарылады. Олар кварцит, кварцитті құмтастардан дайындалған. Зерттеушілер сол маңнан сүмбі (конус), кеспел (призма) тәрізді өзек­тастардың өзгелеріне қарағанда басым екенін айтады.

Автор: Әділжан ТҰРСЫНБЕКҰЛЫ

"Алаш айнасы"

Бөлісу: