19 Қыркүйек 2013, 06:34
1976 жылдың қаңтарында Э. Скальфари әлі 52 жасқа да толмаған еді. Жиырма жыл бұрын ол 1955 жылы «Эспрессоны» шығарып, өзі басқарған еді. Э. Скальфари Италия Парламентінің депутаты болып, көп жылдар саяси басылымдарда жұмыс істейді. Бұл газет өзінің басқалардан басты ерекшелігі жаңа бағьгг ұстануыңда еді. Алайда ол «Репубблика» сияқты дәстүрге қарсы шыға алмайды. «Репубблика» тек жеке аймақ үшін емес, мемлекет үшін маңызды құбылыстар мен әрекеттер жайлы ақпараттар беріп отырды. Ұлттық басылымның тағы бір ерекшелігі - бүкіл мемлекетке таралуы. Таралу аумағы жайлы айта отырып, мемлекет аумағында тарау кұқығы деген ұғымның да бар екенін ескере кеткен жөн. «Репуббликаның» дәл осы көрсеткіші басты артықшылығы.
Э.Скальфари «омнибус-газеттің» ұлттық итальяндык моделін жоққа шығарған болатын. «Репубблика» элиталық баспасөзге айналып, жоғары топтағы адамдарға арналды. Скальфари «Intelligenza Laica» деп аталатын топ ушін үлкен газет шығаруды жоспарлады. Бұл топқа саяси және діни нақты көзқарасы мен тұжырымы қалыптаскан адамдар кірді. Бұл оның «Коррьере Делла Сера» газетінен басты ерекшелігі болды, себебі, бұл газет өзінің саяси көзқарасы арқылы демократияның үлкен бөлшегі. Діни бағьттағы христиандарға қаратылды. Газеттің алғашқы кездегі концепциясы мынадай болды: екінші плаңдағы ұлттық газет (ол солай есептелінді: «Стамп» пен «Коррьере Делла Сера» атты негізгі ұлттық газеттермен салыстыру үшін сатып алып отырды) көп ұзамай бірінші орындағы ұлттық газетке айналды. Олар әлеуметтік белсенді итальяңдықтарға арналып, мазмұңды жаңалықты бірінші болып жеткізуге талпынып отырған. Бұл телеақпараттың күрт өсуіне орай туыңдаған бағыт еді, сондықтан да 1970 жылдардағы итальян газетгерінің басты ерекшелігі пікір алуандығы. Осы бағытты Скальфари өз басылымының қазығы етті. «Республикада» басылған материалдардың негізгі тақырыбы ішкі және сыртқы саясат, экономика және мәдениет болды. Алғашқы сандарында спорт жайлы материалдар болмады, бұл оның ең негізгі ерекшелігі болды. Джорджо Фораттини шебер жасаған карикатуралар комментарий беттерінен алдынғы бетке бірден шықты. Бұл газетті «күнделікті апталық» деп атауға мүмкіңдік берді. Басылымның сыртқы түрі 1976 жылы 14 қаңтарда «Респубблика» деген атпен шыққан саны мүлдем жаңа үлгіде шықты. 1975 жылдың ортасында Скальфари өзі қандай пішінді таңдарын нактылай алмады. Қарапайым ба, әлде жиырма беттен тұратын таблоид түрін таңдайтынын білмеді. Кейінірек, үлгі ретінде «Моңд» пішінін алды. Бұл пішіннің дұрыс таңдалуы оқырмандарды тартудың басты кұралы болып саналды. «Репубблика» араласу тәсілінің жаңашылдығымен бірден көзге түсіп, бірінші беті өзгерді. Барлык материалдарды бірінші беттегі тақырыпты ашып отырды, ол екі-үш сөзден тұрады. Бұл такырьптар манифест немесе лозунг сияқты әсерлі, үндескен, тартымды болып, «Репуббликаның» құрылымы да өзгеше болды. Скальфари өз мақалаларын алғашқы бетте емес, алтыншы бетте жариялады. Ол барлық комментарийлерді ағылшын-саксондық газеттер сияқты бір бағанаға біріктірді. Үшінші бетін жетінші бетпен алмастырып, қарапайым күйге енгізіп, бұл қосымша «Мәдениет» деп аталды және газетті Бенедетти идеясы бойынша екі негізгі бөлімге бөлді. Бірінші бөлім ішкі саясат, комментарийлер, есеп, сырткы саясаттан тұрса, екінші бөлімде болған оқиғалар, құбылыстар жайлы айтады. Оны «Екі Астана» деп атады (бірішпі жартысы Римге, екінші жартысы Миланға арналды). Алайда бұл ұзақ уақытқа созылмай, бесінші бет «Экономика және ұйымдар» деп аталды. «Республика» газетін құру неоцентаризм дағдарысымен түспа-түс келіп, Скальфари газет саяси қолдауға ие болды деп айтуы шындыққа жанаспайтын еді. Газет тек өңдіріс капиталы арқасында ғана пайда болды. Оның пайда болу кезеңі газеттердің саясилана басталуымен сәйкес келді. Бұл тенденцияны «Репуббликаға» дейін жарты жыл бұрын пайда болған «Джорнале» бастады. Басылымның саяси кредосына келер болсак, онда ең алғашқы саныңда айтылған сөз уакыт өте келе де өзгермеді: «Біз еркінбіз, бірақ нейтралды емеспіз». Газет саяси жағдайларды жазып, сын айту құқығын дұрыс пайдалана білді. Себебі, ешбір саяси партия немесе топпен байланыста болмаған «Репубблика» өзінің пішінін либеральды модель деп атап, позитивті деректермен қоса, Италия журналистикасының негативті жағын да талдап, саратап берді.
Дереккөз: Шындалиева Меңдігүл
"Шетел Журналистикасы"