19 Қыркүйек 2013, 04:32
Тәуелсіз Италиядағы БАҚ-тың қалыптасуы бірнеше маңызды оқиғаларға байланысты дамыды. Қоғамның демократиялануы бұқаралық ақпарат құралдары үшін ең маңызды тақырыпқа айналады. Фашистік журналистер одақтастығы таратылып, «Стефан» агенттігі мен «ЭИАР» хабар таратуын тоқтатады. Олардың орнына келген антифашистік одақтастық басылымдары мен радиолары ақпараттандыру қажеттігін толық қамтамасыз ете алмайды. Барлық компоненттерге ие ақпараттық жүйе құру қажеттігі туыңдайды. Бұл үрдістің дамуы әр жылы түрлі ерекшеліктерге толы. 1945-1946 жылдары өтпелі кезенді басынан кешіріп, бұл жылдар аралығында БАҚ-тың атқару органының негізгі қағидалары қалыптасып, заң нормалары қабылдаңды. 1948-1953 жылдары БАҚ жүйесі өзіне тән белгілерге ие болып қалмай, саяси билікпен қарым-қатынас жасау амалдарын ойлап табады.
Алғашқы өтпелі кезең ұйымның және антафашистік партиялардың, олардың бақылауындағы радиолардың атқарған қызметімен байланыстың дамып, бұл ұйымдар одақтастарының тура, не жанама бақылауыңда болады және партиялық баспасөз көбейеді. Әлі де сақталған антифашистік газетгер қатарына жаңа атаулар қосылып, Сәуір көтерілісінен кейін Милан мен Римде демократиялық партияның «Италия Либера», социалистік «Аванти», коммунистік «Унита», христиандық «Дем Пополо», либералдық «Либера», республикалық «Пополо Соврано» басылымдары жарық көреді. 1945 жылы 26 сәуірде алғаш және соңғы рет «Ною карьере», кейіннен «Ново карьере де ла сера» басылымы жарыққа шығады. «Стампа» деген басқа газетті «Фиат» басқарады. Кноси бұл газеттің жаңарып жарық көруіне қарсы болғанымен, ол шілде айында қайта басып шығарылады. «Стампа» бұрынырақ заңсыз түрде жүргізілген фашистер ықпалынан толық арылып, жаңартылып тәуелсіз баспасөзге айналғаңдығы туралы мәлімдеме жасайды. Бұл газет Туриңде жайсыз толқын туғызады, соңдықтан одақтастарына бұл баспасөзді жабуына тура келеді. 21 шілдеде «Нова Стампа» басылымы пайда болып, осы тәсілмен фашизм кезінде шығарылған көп газеттер өз жұмыстарын жаңғыртты. 1946 жылы сәуір айында «Мессаджеро» және «Ново джорнале д'Итале» шыға бастайды. Басылымдар оқырман аудиториясын қарқынды жинап, өздері ұстанатын саяси көзқарастарын партаялық газеттегідей ашық жарияламайды. Жекеменшік «Капр», «Стампа Сера», «Гадзетта сера» кешкілік басылым ретінде өз оқырман аудиториясының санын көбейтті. Қалған газеттер де оқырманның өзіне тартуға тырысып, хроника, қылмыс, спорт жаңалықтарын көптеп жариялайды. Күнделікті басылымдар өз жұмысын қайта жандандырады, оның ішіңдегі ең табыстылары Римде шығарығарылатын қаржылық- экономикалық «Глобо», Миландық «Солее», Туриндік «Коммеро» басылымдары болды.
«1946 жылы халықаралық саяси жағдай қиыңдай түсіп, Черчиль Фултоңда Италияға суық соғыс жариялайтыньш хабарлайдьі. Өз кезегінде бүл Батыс мемлекеттерінің, соньщ ішіңде Италияньщ ішкі жэне сыртқы саясатында қиыншылық туғьгзды. 1946 жылы осыдан баска тағы да бірнеше тарихи оқиғалар болып, рефереңдум өткізіліп, үкімет билігі ауысады. Осымен БАҚ-тың өтпелі кезең аяқталады».
Дереккөз: Шындалиева Меңдігүл
"Шетел Журналистикасы"