"Неміс толқынының " тарихы, қазіргі жағдайы

19 Қыркүйек 2013, 03:25

1953 жылы Кельн қаласында "Неміс толқыны" «Deutshe Welle» (КВ.) "Немецкая волна" радиостанциясы ісін бастап, кейіннен телебағдарламалары шетелдік көрермендерге арнап ашты. 1920 жылдан кейін 1965-1970 жылдары эфирге ең алғаш "Неміс толқынының" телевизиялық нұсқасы шыға бастады. Бастапқы кезде бұл бағдарламаларды транскрипциялық арнайы "Халықаралык аудиторияға" арналған қыызмет тобы дайындайтын еді. Ол бағдарламалар неміс, ағылшын, франпуз, испан, португал және араб тілдеріңде шығып отырды. Мұндай бағдарламалар көбінесе жоғары оку орындарына бейнетаспа түрінде таратылатын. Жоғарыда аталған тарнскрипциялық қызмет тобы әлі күнге дейін дәл осындай функция атқарады. Жыл сайын 25 мыңға жуық таспа таратылды. 1983 жылдан бастап "Неміс толқыны" өзінің журналистерімен дайындалған "Іс болған жер - Германия" ("Место действия - Германия") атты бағдарлама шығарады. Әрбір 30 минуттық бағдарламада Германияның бір облысы, қаласы туралы шағын тарих, казіргі жағдайы, болашағына болжау жасау, немістердің салт-дәстүрі, психологсясы, өмір сүру деңгейімен етене танысуға мүмкіңдік берді. Осыдан кейін "Еуропадағы фокус" ("В фокусе Европа") атты бағдарлама жарық көрді. Бұл да өзіңдік ерекшелігімен, атап айтқаңда, жедел мен шебер дайыңдаған сюжеттерімен жаңалықты таратымды шығаруымен көрермен қызығушыпығын туғызған болатын. "Неміс толқынының" телебағдарламалары халықаралық деңгейде мойыңдалып, халықаралық телебағдарламалар байқауында жүлделі орындар алып жатты. Олар: "Еуропадағы фокус" ("В фокусе Европа"), "Еуропа журналы" ("Европеский журнал"), "Іс болған жер -Германия" ("Место действия - Германия") бағдарламалары еді. Ал "Спорт репортажы" ("Спортивный репортаж") бағдарламасы Нью-Иорктегі телевизиялық фестивальде "Final Award" жүлдесін алды. "Неміс толқынына" жаңа бір леп, жаңа импульс әкелген 1989 жылы бас директор болып келген Дитер Вайрихпен байланысты еді. Берлин қабырғасы құлатылғаннан кейін "Неміс толқьшының" жұмысы одан әрі жаңдана түсті. Вайрихтің айтуынша: "Әлемдегі барша қауым елде не болып жатқанын, қандай жаңалықтар мен оқиғаға толы өмірімізден хабардар болғысы келеді. Оның үстіне соңғы уақытта неміс мәдениетіне, телерадиобағдарламаларына, неміс тіліне деген қызығушылық көбейді. "Жалпы батыс үйінде" 120 миллионға жуық адам неміс тіліңде сөйлейді. Германияның бірігуінен кейін жаңа техникалық мүмкіндіктер пайда болды. Сондықтан, "Неміс толқынында" жаңа телебағдарламалар легін өмірге келе бастады. 1988 жылы "РИАСС" радио базасында құрылған Американдық телестанциямен бірігіп болашаққа арналған жобалар құрды. "Неміс толқыны" үшін оның ұлымды жағы техникалық жабдықтауы еді. Соның нәтижесінде Берлинде телевизиялық екі дирекция құрылып, оның функциясы өзекті мәселелерге арналған телебағдарламалар дайындау, ал Кельндегі дирекция болса бағдарламаларды бес тілге аударып, маркетинг және жалпы өнімді әлемге таратумен айналысады. Қазіргі уақытта "Неміс толқыны" тәулік бойы жұмыс істеуге толығымен ауысқан. Бағдарламалары тұрақты түрде неміс, ағылшын, испан тілінде шығарады. Әрбір бағдарламалық сағат екіге бөлінеді. Небары бағдарлама үш сағат беріледі. Олар шартты түрде А, В және С деп аталады. Сонымен олар тәулік бойы кезек-кезек қайталанады (ағылшын және неміс тілдерінде). Қалған екі сағат бойы испан тілінде жүргізіледі. "Неміс толқынының" тұрақты телебағдарламалары: ақпараттың "Жаңалықтар", "Саясат", "Мәдениет галереясы", "Германия саяхатқа шақырады", "Қабырғада ойнау", "Бүгінгі Германия", "Іс болған жер -Германия" т.б. Казіргі "Неміс толқынын" қазақстанда тамашалау, яғни көрермен болу мүмкіндігі бар. Кабельді кабылдағыш антенналар көмегімен «Deutshe Well»бағдарламалардьң  неміс және ағылшын тілінде тәулік бойы көруге болады. " Deutshe Wellенің" басты ұстанымы ... «Aus der Mittel Europa»яғни "Еуропаның жұрегі неміс орталығынан"' деген мағынаны білдіреді. Дереккөз: Шындалиева Меңдігүл "Шетел Журналистикасы"

1953 жылы Кельн қаласында "Неміс толқыны" «Deutshe Welle» (КВ.) "Немецкая волна" радиостанциясы ісін бастап, кейіннен телебағдарламалары шетелдік көрермендерге арнап ашты. 1920 жылдан кейін 1965-1970 жылдары эфирге ең алғаш "Неміс толқынының" телевизиялық нұсқасы шыға бастады. Бастапқы кезде бұл бағдарламаларды транскрипциялық арнайы "Халықаралык аудиторияға" арналған қыызмет тобы дайындайтын еді. Ол бағдарламалар неміс, ағылшын, франпуз, испан, португал және араб тілдеріңде шығып отырды. Мұндай бағдарламалар көбінесе жоғары оку орындарына бейнетаспа түрінде таратылатын. Жоғарыда аталған тарнскрипциялық қызмет тобы әлі күнге дейін дәл осындай функция атқарады. Жыл сайын 25 мыңға жуық таспа таратылды. 1983 жылдан бастап "Неміс толқыны" өзінің журналистерімен дайындалған "Іс болған жер - Германия" ("Место действия - Германия") атты бағдарлама шығарады. Әрбір 30 минуттық бағдарламада Германияның бір облысы, қаласы туралы шағын тарих, казіргі жағдайы, болашағына болжау жасау, немістердің салт-дәстүрі, психологсясы, өмір сүру деңгейімен етене танысуға мүмкіңдік берді. Осыдан кейін "Еуропадағы фокус" ("В фокусе Европа") атты бағдарлама жарық көрді. Бұл да өзіңдік ерекшелігімен, атап айтқаңда, жедел мен шебер дайыңдаған сюжеттерімен жаңалықты таратымды шығаруымен көрермен қызығушыпығын туғызған болатын. "Неміс толқынының" телебағдарламалары халықаралық деңгейде мойыңдалып, халықаралық телебағдарламалар байқауында жүлделі орындар алып жатты. Олар: "Еуропадағы фокус" ("В фокусе Европа"), "Еуропа журналы" ("Европеский журнал"), "Іс болған жер -Германия" ("Место действия - Германия") бағдарламалары еді. Ал "Спорт репортажы" ("Спортивный репортаж") бағдарламасы Нью-Иорктегі телевизиялық фестивальде "Final Award" жүлдесін алды. "Неміс толқынына" жаңа бір леп, жаңа импульс әкелген 1989 жылы бас директор болып келген Дитер Вайрихпен байланысты еді. Берлин қабырғасы құлатылғаннан кейін "Неміс толқьшының" жұмысы одан әрі жаңдана түсті. Вайрихтің айтуынша: "Әлемдегі барша қауым елде не болып жатқанын, қандай жаңалықтар мен оқиғаға толы өмірімізден хабардар болғысы келеді. Оның үстіне соңғы уақытта неміс мәдениетіне, телерадиобағдарламаларына, неміс тіліне деген қызығушылық көбейді. "Жалпы батыс үйінде" 120 миллионға жуық адам неміс тіліңде сөйлейді. Германияның бірігуінен кейін жаңа техникалық мүмкіндіктер пайда болды. Сондықтан, "Неміс толқынында" жаңа телебағдарламалар легін өмірге келе бастады. 1988 жылы "РИАСС" радио базасында құрылған Американдық телестанциямен бірігіп болашаққа арналған жобалар құрды. "Неміс толқыны" үшін оның ұлымды жағы техникалық жабдықтауы еді. Соның нәтижесінде Берлинде телевизиялық екі дирекция құрылып, оның функциясы өзекті мәселелерге арналған телебағдарламалар дайындау, ал Кельндегі дирекция болса бағдарламаларды бес тілге аударып, маркетинг және жалпы өнімді әлемге таратумен айналысады.

Қазіргі уақытта "Неміс толқыны" тәулік бойы жұмыс істеуге толығымен ауысқан. Бағдарламалары тұрақты түрде неміс, ағылшын, испан тілінде шығарады. Әрбір бағдарламалық сағат екіге бөлінеді. Небары бағдарлама үш сағат беріледі. Олар шартты түрде А, В және С деп аталады. Сонымен олар тәулік бойы кезек-кезек қайталанады (ағылшын және неміс тілдерінде). Қалған екі сағат бойы испан тілінде жүргізіледі. "Неміс толқынының" тұрақты телебағдарламалары: ақпараттың "Жаңалықтар", "Саясат", "Мәдениет галереясы", "Германия саяхатқа шақырады", "Қабырғада ойнау", "Бүгінгі Германия", "Іс болған жер -Германия" т.б.

Казіргі "Неміс толқынын" қазақстанда тамашалау, яғни көрермен болу мүмкіндігі бар. Кабельді кабылдағыш антенналар көмегімен «Deutshe Well»бағдарламалардьң  неміс және ағылшын тілінде тәулік бойы көруге болады. " Deutshe Wellенің" басты ұстанымы ... «Aus der Mittel Europa»яғни "Еуропаның жұрегі неміс орталығынан"' деген мағынаны білдіреді.

Дереккөз: Шындалиева Меңдігүл

"Шетел Журналистикасы"

Бөлісу: