Ульштайнның газеттері

19 Қыркүйек 2013, 03:22

Ульштайнға қарасты газеттерге: «Берлинер Цайтунг», "Дойчес Хайм", "Берлинер Гартенлаубе", "Дойче Уннон", "Берлинер Абеңдпост", "Берлинер Иллюстриерте Цайтунг", "Моргенпост - Нонес Берлиер Локальблатт", «БЦ ам Миттаг", "Фоссише Цайтунг", "Моде Вельт", ''Иллюстриерте фрауэнцайтунг", "Дизес блат гекерт Дф хауэзфрау", ''Практише Берлиннерин'', "Ульштайн-Шниттмустер" жатады. Ульштайнның ең басты бәсекелесі - Авгут Гуго Фридрих Шерл болды (1849-1921жж). 1880 жыддан бастап әкесінен мұра ретінде калған "Иллюстрирте Цайтунг'' газетін басқару Шерлге тиеді. Кейіннен Лейпцигтік баспагер Генчпен бірлесіп "Тэглихе Берлинер Найихкайтен" (''Күңделікті Берлиндік жаңалықтар") атты газет шығарады. Бірақ, бұл газеттен ешқандай да түсім болмағаңдықтан олар тағы да жаңадан Берлинге қоныстаған қала тұрғындары үшін арнайы "Нью-Берлинер" ("Жаңа Берлиндік") атты "Чикаго Денли Трибюн" типтес газет шығарады. 1883 жылдан бастап Шерлдің өміріңде алуан түрлі өзгерістер бола бастайды. Сол жылы Шерл Клара деген әпкесімен бірлесіп жауапкершілігі шектеулі серіктестік кұрады және көптеген жылдар бойы арман еткен идеясы жүзеге асып "Берлинер Локальанцайтер" атты жаңа газет шығарады. Бұл газеттің басқа газеттерден айырмашылығы - барлық, жан-жақтан келіп жаткан, әлем жаңалықтарын бірден телеграфтан алып жариялап отырды. Газеттердің сатылуын ойлап, Шерл газет тарататын екі мың адам жалдап, айлық бағасын еш өзгертпестей 10 пфеннинг етіп калдырады. 1885 жылы "Берлинер Локаль Анцайгердің'' таралым көрсеткіші 150000 данаға жетеді. Бастапкы уақытта Шерлді ешкім мойындамайды. Бірақ ол өзінің әсерін әр әлеуметтік топқа, атап айтқанда, әйелдерге арнап жазылған романдарды жариялауды машыққа айналдырып алады. 1888 жылы 15 маусымда "Берлинер Локал Анцайгер" бірінші болып Фридрих Хайзердің өлімі туралы хабарлаған газеттердің бірі болып, барлық бәсекелестерінен асып тұседі. Бұл газетке қаржылық табысы оң әсерін тигізгені белгілі болады. Шерлге нағыз атақ пен байланысты 1895 жылғы 3 сәуірде ең бірінші "Берлиңдік мекен-жайы кітабын" 30 мың данамен шығарып, «Берлинер адресс бух глебх" (Берлиндік мекен-жай кітабы") атты фирманы дүниеге әкеледі. Шерлге қарасты сол кезде шығып тұрған газеттерге: "Иллюстрифте Цайтунг", "Теглихе Берлиннр Ноихкайтен", "Нью Берлинер", "Берлинер Локал Анцайгер", "Берлинер Абденц Цайтунг", "Найсте Берлинер Хангельс" - "Уңд Берзеннахрихтен" (Берлиндік сауда және биржалық жаңалықтар таратады),"ДиВохе" ("Аігга"),"Дер Таг" ("Күн")жатады. Қарапайым, ұсақ баспагерден үлен концерн иесіне дейін көтерілген Шерлдің еңбегі аз болған жоқ. Германиядағы атақты баспагерлердің қатарына кіріп, кейіннен алып ақпараттық концерн иесіне айналған К.Ф.Фосс, В.Г.Корн, Ф.И. Бертуха, Й.К.Ф.Шпрингер т.б. неміс баспасөзінің дамуына қосқан үлесі зор. Бұлардың әрқайсысы өз ісіңде өпшес із калдырған қарапайымнан күрделіге ауыскан жандар еді. Әрқайсысы өзінен кейін қаншама газет-журналдарды қалдырып кетті. Өз заманында тендесі жоқ іскерлік танытып, баспасөз тарихта жаңа жол салады. Дереккөз: Шындалиева Меңдігүл "Шетел Журналистикасы"

Ульштайнға қарасты газеттерге: «Берлинер Цайтунг», "Дойчес Хайм", "Берлинер Гартенлаубе", "Дойче Уннон", "Берлинер Абеңдпост", "Берлинер Иллюстриерте Цайтунг", "Моргенпост - Нонес Берлиер Локальблатт", «БЦ ам Миттаг", "Фоссише Цайтунг", "Моде Вельт", ''Иллюстриерте фрауэнцайтунг", "Дизес блат гекерт Дф хауэзфрау", ''Практише Берлиннерин'', "Ульштайн-Шниттмустер" жатады.

Ульштайнның ең басты бәсекелесі - Авгут Гуго Фридрих Шерл болды (1849-1921жж). 1880 жыддан бастап әкесінен мұра ретінде калған "Иллюстрирте Цайтунг'' газетін басқару Шерлге тиеді. Кейіннен Лейпцигтік баспагер Генчпен бірлесіп "Тэглихе Берлинер Найихкайтен" (''Күңделікті Берлиндік жаңалықтар") атты газет шығарады. Бірақ, бұл газеттен ешқандай да түсім болмағаңдықтан олар тағы да жаңадан Берлинге қоныстаған қала тұрғындары үшін арнайы "Нью-Берлинер" ("Жаңа Берлиндік") атты "Чикаго Денли Трибюн" типтес газет шығарады. 1883 жылдан бастап Шерлдің өміріңде алуан түрлі өзгерістер бола бастайды. Сол жылы Шерл Клара деген әпкесімен бірлесіп жауапкершілігі шектеулі серіктестік кұрады және көптеген жылдар бойы арман еткен идеясы жүзеге асып "Берлинер Локальанцайтер" атты жаңа газет шығарады. Бұл газеттің басқа газеттерден айырмашылығы - барлық, жан-жақтан келіп жаткан, әлем жаңалықтарын бірден телеграфтан алып жариялап отырды. Газеттердің сатылуын ойлап, Шерл газет тарататын екі мың адам жалдап, айлық бағасын еш өзгертпестей 10 пфеннинг етіп калдырады. 1885 жылы "Берлинер Локаль Анцайгердің'' таралым көрсеткіші 150000 данаға жетеді. Бастапкы уақытта Шерлді ешкім мойындамайды. Бірақ ол өзінің әсерін әр әлеуметтік топқа, атап айтқанда, әйелдерге арнап жазылған романдарды жариялауды машыққа айналдырып алады. 1888 жылы 15 маусымда "Берлинер Локал Анцайгер" бірінші болып Фридрих Хайзердің өлімі туралы хабарлаған газеттердің бірі болып, барлық бәсекелестерінен асып тұседі. Бұл газетке қаржылық табысы оң әсерін тигізгені белгілі болады. Шерлге нағыз атақ пен байланысты 1895 жылғы 3 сәуірде ең бірінші "Берлиңдік мекен-жайы кітабын" 30 мың данамен шығарып, «Берлинер адресс бух глебх" (Берлиндік мекен-жай кітабы") атты фирманы дүниеге әкеледі. Шерлге қарасты сол кезде шығып тұрған газеттерге: "Иллюстрифте Цайтунг", "Теглихе Берлиннр Ноихкайтен", "Нью Берлинер", "Берлинер Локал Анцайгер", "Берлинер Абденц Цайтунг", "Найсте Берлинер Хангельс" - "Уңд Берзеннахрихтен" (Берлиндік сауда және биржалық жаңалықтар таратады),"ДиВохе" ("Аігга"),"Дер Таг" ("Күн")жатады.

Қарапайым, ұсақ баспагерден үлен концерн иесіне дейін көтерілген Шерлдің еңбегі аз болған жоқ. Германиядағы атақты баспагерлердің қатарына кіріп, кейіннен алып ақпараттық концерн иесіне айналған К.Ф.Фосс, В.Г.Корн, Ф.И. Бертуха, Й.К.Ф.Шпрингер т.б. неміс баспасөзінің дамуына қосқан үлесі зор. Бұлардың әрқайсысы өз ісіңде өпшес із калдырған қарапайымнан күрделіге ауыскан жандар еді. Әрқайсысы өзінен кейін қаншама газет-журналдарды қалдырып кетті. Өз заманында тендесі жоқ іскерлік танытып, баспасөз тарихта жаңа жол салады.

Дереккөз: Шындалиева Меңдігүл

"Шетел Журналистикасы"

Бөлісу: