Германия концерндерінің қалыптасуы

19 Қыркүйек 2013, 03:20

Неміс баспасөз тарихы өте қызықты, әрі күрделі. Оның барлығын сығымдап ұсыну немесе көрсету мүмкін емес. Басын сонау Иохан Гутенбергтен бастап осы күнгі баспасөз магнаттарына айналған Ахсель Шпрингер Ферлагтың алып концерндеріне дейін Германияның баспасөз тарихы талай шарықтау мен өтпелі кезендерден өтті. Германиядағы газет-журнал концернінің негізін қалаушы - Леопольд Ульштайн (1826-1899ж.ж). Ол атақты қағаз саудагерінің отбасында дүниеге келген. 1848 жылы Берлин қаласында өзінің қағаз ісімен маманданған жеке фирмасын ашқан. Мұнда "солшыл" демократтарымен: Франц Дункф, Людвиг Лёве және Рудольер Вирхомен тағыз қарым-қатынаста болады. Ульштайн тек баспагерлік бизнеспен айналысып қана қоймай, сонымен бірге саясатқа да қатты қызығушылық танытады. 1871 жылы Ульштайнды Берлин халықтық жиналысына депутат етіп сайлайды. Алты жыл бойы саясатпен айналысып, кейіннен өмірлік кәсібі мен мақсатына айналған баспагерлік ісіне қайтып оралады. Оның ойынша, газет - халықтық, қоғамдық ойдың қальштасуына әсер ететін, қоғамға, мемлекетке ықпал етудің бірден-бір құралы. 1877 жылы Моссеге үлкен бәсекелестік туғызып, "Шталь жэне Асеманн" фирмасынан "Нойс Берлинер таиблатт" ("Берлиндік күнделікті жаңа парақша") газетін сатып алады. Сол газеттің бұрынғы журналистерінің барлығын өзіне жұмысқа шақырып алады. Дәл сол жылы Ульштайн әріптесі Иозеер Найсермен бірге жауапкершілігі шектеулі "Ульштайн и Ко" атты серктестік құрады. Аталған уақыттан бастап Ульштайн қызыққан баспагерлік ісі өз нәтижесін бере бастайды. 1877 жылы бірінші қазанында "Дойче Унион" ("Германдық кеңес") атты кешкілік және таңертеңгілік газеттің тұсауын кеседі. Оның бас редакторы Бойтнер болады. Біраз жылдардан кейін қаржылық қиындықтарға байланысты "Дойче Унионды" Лангманн және Коллинға береді. Карбалас сәтте 1878 жылдың бірішпі қаңтарыңда Ульштайн күйреуге жақын қалған таңертеңгілік "Берлинер Цайтунг" газетін сатып алады. Ульштаинның жеке бастамасы бойынша аталмыш газеттің өте қызықты қосымшалары шыға бастайды. 1880 жылы заң тақырыбына арналған     "Дойчес  хайм"   (Тфман  үйі")  атты  жексенбілік,  қызықты  "Берлинер Гартенлаубе" («Берлиңдік әңгіме") атты түрлі-түсті қосымша шығарады. 1879 жылы жазылушылар саны 25000 толып, жалпы таралымы 40000 жетті. Мұндай көрсеткіш аталмыш уақыт үшін өте үлкен жетістік еді. 1880-1882 жылдар арасында "Берлинер Цайтунг" газетінің либеральды-демократиялык бағытты, өткір қөзқарасы үшін Прус парламенті пен канцлер тарапынан бірнеше рет кәмпескелеуге ұшырап, айыппұл төлеуге мәжбүр болады. Ульштайн әрдайым белгілі, үздік журналистерді өзінің айналасына жинай білді. Олардың қатарыңда әйгілі фельетонист, әрі меценат Филипп Штейн, саясаткер Густав Адальф Фишер және Исидор Леви бар еді. Ульпггайн және оның карамағындағы қызметкерлері мен әріптестері арасында "бастық пен қызметкер" қарым-қатьшасы болмаған екен. Керісінше, бірге, біртұтас шығармашылық ұжым кұрған. Бұл ұжымда кеңес, жиналыс, пікір алмасу, бір-бірімен санасу секілді қатынастар қалыптасады.  Осы үлкен істің иесі Ульштайнның екі үлкен ұлы -Ханс пен Луи әкесіне көмектесіп, қолқабыс етіп, мұрагерлер ретінде жұмыстың қыр-сырымен танысады. 1881жылы Ульштайн Берлинде үлкен жер сатып алып, жаңа баспахана кешенін салады. Ол кейіннен оңдаған жылдар бойы неміс астанасыңдағы ең ірі баспагерлік кешенге айналады. Жаңа технологиялар мен техникалық жегістіктер жұмыс қарқынын көтеруге септтігін тигізеді. Ульштайнның кіші ұлы Луидің бастамасымен кешкілік, жексенбілік, таңертеңгілік қосымшалар шығару қолға алынады. Мұндағы мақсат халықтың әр тобына, яғни, барлық әлеуметтік топтарға арнап газеттер шығару. Мысалы, зиялы қауымға, шаруаға, бизнесменге, үй шаруасыңдағы әйелдерге, жастарға арнап бөлек-бөлек басылым шығарып, сол сарынмен әрі қарай жұмыс істей бастайды. Дереккөз: Шындалиева Меңдігүл "Шетел Журналистикасы"

Неміс баспасөз тарихы өте қызықты, әрі күрделі. Оның барлығын сығымдап ұсыну немесе көрсету мүмкін емес. Басын сонау Иохан Гутенбергтен бастап осы күнгі баспасөз магнаттарына айналған Ахсель Шпрингер Ферлагтың алып концерндеріне дейін Германияның баспасөз тарихы талай шарықтау мен өтпелі кезендерден өтті.

Германиядағы газет-журнал концернінің негізін қалаушы - Леопольд Ульштайн (1826-1899ж.ж). Ол атақты қағаз саудагерінің отбасында дүниеге келген. 1848 жылы Берлин қаласында өзінің қағаз ісімен маманданған жеке фирмасын ашқан. Мұнда "солшыл" демократтарымен: Франц Дункф, Людвиг Лёве және Рудольер Вирхомен тағыз қарым-қатынаста болады. Ульштайн тек баспагерлік бизнеспен айналысып қана қоймай, сонымен бірге саясатқа да қатты қызығушылық танытады. 1871 жылы Ульштайнды Берлин халықтық жиналысына депутат етіп сайлайды. Алты жыл бойы саясатпен айналысып, кейіннен өмірлік кәсібі мен мақсатына айналған баспагерлік ісіне қайтып оралады. Оның ойынша, газет - халықтық, қоғамдық ойдың қальштасуына әсер ететін, қоғамға, мемлекетке ықпал етудің бірден-бір құралы. 1877 жылы Моссеге үлкен бәсекелестік туғызып, "Шталь жэне Асеманн" фирмасынан "Нойс Берлинер таиблатт" ("Берлиндік күнделікті жаңа парақша") газетін сатып алады. Сол газеттің бұрынғы журналистерінің барлығын өзіне жұмысқа шақырып алады. Дәл сол жылы Ульштайн әріптесі Иозеер Найсермен бірге жауапкершілігі шектеулі "Ульштайн и Ко" атты серктестік құрады. Аталған уақыттан бастап Ульштайн қызыққан баспагерлік ісі өз нәтижесін бере бастайды. 1877 жылы бірінші қазанында "Дойче Унион" ("Германдық кеңес") атты кешкілік және таңертеңгілік газеттің тұсауын кеседі. Оның бас редакторы Бойтнер болады. Біраз жылдардан кейін қаржылық қиындықтарға байланысты "Дойче Унионды" Лангманн және Коллинға береді. Карбалас сәтте 1878 жылдың бірішпі қаңтарыңда Ульштайн күйреуге жақын қалған таңертеңгілік "Берлинер Цайтунг" газетін сатып алады. Ульштаинның жеке бастамасы бойынша аталмыш газеттің өте қызықты қосымшалары шыға бастайды. 1880 жылы заң тақырыбына арналған     "Дойчес  хайм"   (Тфман  үйі")  атты  жексенбілік,  қызықты  "Берлинер Гартенлаубе" («Берлиңдік әңгіме") атты түрлі-түсті қосымша шығарады. 1879 жылы жазылушылар саны 25000 толып, жалпы таралымы 40000 жетті. Мұндай көрсеткіш аталмыш уақыт үшін өте үлкен жетістік еді.

1880-1882 жылдар арасында "Берлинер Цайтунг" газетінің либеральды-демократиялык бағытты, өткір қөзқарасы үшін Прус парламенті пен канцлер тарапынан бірнеше рет кәмпескелеуге ұшырап, айыппұл төлеуге мәжбүр болады. Ульштайн әрдайым белгілі, үздік журналистерді өзінің айналасына жинай білді. Олардың қатарыңда әйгілі фельетонист, әрі меценат Филипп Штейн, саясаткер Густав Адальф Фишер және Исидор Леви бар еді. Ульпггайн және оның карамағындағы қызметкерлері мен әріптестері арасында "бастық пен қызметкер" қарым-қатьшасы болмаған екен. Керісінше, бірге, біртұтас шығармашылық ұжым кұрған. Бұл ұжымда кеңес, жиналыс, пікір алмасу, бір-бірімен санасу секілді қатынастар қалыптасады.  Осы үлкен істің иесі Ульштайнның екі үлкен ұлы -Ханс пен Луи әкесіне көмектесіп, қолқабыс етіп, мұрагерлер ретінде жұмыстың қыр-сырымен танысады. 1881жылы Ульштайн Берлинде үлкен жер сатып алып, жаңа баспахана кешенін салады. Ол кейіннен оңдаған жылдар бойы неміс астанасыңдағы ең ірі баспагерлік кешенге айналады. Жаңа технологиялар мен техникалық жегістіктер жұмыс қарқынын көтеруге септтігін тигізеді. Ульштайнның кіші ұлы Луидің бастамасымен кешкілік, жексенбілік, таңертеңгілік қосымшалар шығару қолға алынады. Мұндағы мақсат халықтың әр тобына, яғни, барлық әлеуметтік топтарға арнап газеттер шығару. Мысалы, зиялы қауымға, шаруаға, бизнесменге, үй шаруасыңдағы әйелдерге, жастарға арнап бөлек-бөлек басылым шығарып, сол сарынмен әрі қарай жұмыс істей бастайды.

Дереккөз: Шындалиева Меңдігүл

"Шетел Журналистикасы"

Бөлісу: