Павлодар облысында Қазақстан халқы тілдерінің фестивалі басталды

19 Қыркүйек 2013, 02:26

«Тіл – достықтың құралы» атты XV республикалық фестивальдің салтанатты ашылуы «Достық» үйінде өтті. Бұл туралы pavlodarnews.kz сайты хабарлайды. Облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқарма түрлі әдістемелік құралдар мен көркем шығармалар көрмесін ұйымдастырған. Шараның мақсаты – мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру ғана емес, сондай-ақ Қазақстандағы басқа тілдерді де дамыту. Фестивальге қатысушылар мен қонақтарды құттықтаған облыс әкімінің орынбасары Н. Әшімбетов аталмыш шара ұлт арасындағы бірлік пен келісімнің негізі екенін атап өтті. «Өңіріміздегі барлық этнос өкілдері қатысқан бұл фестивальдің маңызы зор. Еліміздегі әрбір ұлт қазақстандық қоғамның үйлесімді бір бөлігі болып саналады. Олардың әрқайсысы рухани құндылықтары мен тілін, салт-дәстүрін сақтап, мемлекеттің іргетасын қалау мүмкіндігіне ие. Облыста қазақ тілімен қатар барлық ұлттың тілін игеруге жағдай жасалған», - деді Н. Әшімбетов. BNews.kz

«Тіл – достықтың құралы» атты XV республикалық фестивальдің салтанатты ашылуы «Достық» үйінде өтті. Бұл туралы pavlodarnews.kz сайты хабарлайды.

Облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқарма түрлі әдістемелік құралдар мен көркем шығармалар көрмесін ұйымдастырған. Шараның мақсаты – мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру ғана емес, сондай-ақ Қазақстандағы басқа тілдерді де дамыту.

Фестивальге қатысушылар мен қонақтарды құттықтаған облыс әкімінің орынбасары Н. Әшімбетов аталмыш шара ұлт арасындағы бірлік пен келісімнің негізі екенін атап өтті. «Өңіріміздегі барлық этнос өкілдері қатысқан бұл фестивальдің маңызы зор. Еліміздегі әрбір ұлт қазақстандық қоғамның үйлесімді бір бөлігі болып саналады. Олардың әрқайсысы рухани құндылықтары мен тілін, салт-дәстүрін сақтап, мемлекеттің іргетасын қалау мүмкіндігіне ие. Облыста қазақ тілімен қатар барлық ұлттың тілін игеруге жағдай жасалған», - деді Н. Әшімбетов.

BNews.kz

Бөлісу: