18 Қыркүйек 2013, 12:11
1939 жылдың қыркүйегінде Ұлыбританияда соғыс басталғаннан кейін, «Би-Би-Си» құрылымында Еуропалық қызмет бөлімі құрылды. Оның негізгі міндеті антигитлерлік елдерді ақпараттық-насихаттық бағдарламалармен қамтамасыз ету болды. Еуропа аудиториясына арналған бағдарламалар неміс, француз, португал және де Еуропаның өзге де елдерінің тілінде тарады. 1938 жылдың ақпанында қызметін бастаған «Би-Би-Сидің» неміс тілді хабар тарату арналары бағдарламалардың көлемін арттырып, олардың мазмұнын жаңартты. Британдық хабар таратудың алдын алу үшін Германия «Би-Би-Си» желілерін тұншықтырып отырды. Британ басшылығы гитлерлік насихат жмыстарының тиімсіздігіне көз жеткізіп, оны тұншықтырып, әлек бола қоймады. Нацистік басқыншылықтан кейін оның насихаттық бағдарламаларына белсеңді түрде қарсы шыкқан Мәскеу радиохабар тарату арнасы болды. Сонымен қатф, Мэскеуден немістің антифашистік гдадиостанциялфының трансляциялары берілді.
Соғыс колониялардағы радиохабар таратуға қатты әсер етті. Еуропа державалары өзінің Африкадағы иеліктеріне қожайын болып қалу үшін, екінші дүние жүзілік соғыс кезінде де жаңа арналарды ашуын тоқтатпады. Соғыстың аяқталған уақытында, колонизаторлардың қол астындағы радиостанциялар Африканың 15 елінде жұмыс істеп тұрды. 1946 жылы «Голос Амфики» радиосынан бір жыл ерте «Би-Би-Си» Кеңес Одағына хабар таратуды бастады. 1948 жылы радиохабарларды тарату ұйымдарының қайта құрылуынан кейін Теңздің ар жағындағы және Еуропалық ұйымдардың бірігуінен «Би-Би-Си» әлем халықтарының 40-тан астам тіліңде хабарларын тарата бастады. 1950 жылдары Кеңес Одағында хабар тарату үшін радиостанция салынды. Шығыс Еуропа мен Балтика мемлекеттеріне хабар тарату үшін КСРО радаостанциясын жарақтандырды. 1970 жылдардың ортасына дейін штаб-пәтері Мюнхевде орналаскан қос станция ақпараттық тәуелсіз мекемелер ретінде қызмет істеді. 1976 жылы АҚШ олардың статусын мойындауымен <<Еркіндік>> («Свобода»), «Еркін Еуропа» («Свободная Еуропа») КСРО мен Кеңес Одағы елдерінің блогына қалықаралық радио ретіңде танылды.
1948 жылы Сталиннің бұйыруымен КСРО мен Шығыс Еуропа территориясына тарайтын «Би-Би-Си» мен «Америка даусы» («Голоса Америки») радиостанциясының хабарларын тұншықтыру басталды. Әлемдік қатынастарда жылы қабақ орнағаннан кейін, хабарларды тұншықтыру да азая түсті. Эфирде жасанды кедергілер жасалып, батыстағы қызметінің хабары таратуына тыйым салған социалистік мемлекеттер өз мақсатына жетпеді. 1963 жылы «Еркін сөз» («Свобода слова») радиосының хабарларын тұншықтыруды Румыния, 1964 жылы Венгрияда аяқталды. 1956 -1970 жылдары Польша шетелдік хабарларды тұншықтыруды тоқтатты. Кейін Балтық жағалауындағы польшалықтардың толқынысынан кейін тұншықтыру қайтадан қолға алынды. 1986 жылы Полына, Чехославакия КСРО-мен бірге «Би-Би-Си» мен «Америка даусы» («Голоса Америки») радиотолқынын тұншықтыруды ресми түрде тоқтататынын хабарлап, <<Еркіңдік>> («Свобода»), «Еркін Еуропа» («Свободная Еуропаны») тұншықтыру құқығын алып қалды. Өзге арналарды тұншықтыру кезінде халықаралық конвенцияның 48 бабы бұзылды. Онда ешкаңдай радиохабар тарату арнасы екіншісіне бөгет бола алмайды. Соған қарамастан, КСРО қаншама материалдық шығыңдарды елеместен, моральдық-психологиялық шығынмен болсын Батыстық арналардытұншырықтыруды тоқтатпадц. 1980 жылдардың екінші жартысыңда КСРО-ның тұншықтыру құрылғыларының 70%-ы <<Еркіндік>> («Свобода»), «Еркін Еуропа» («Свободная Еуропаны») тұншықтыруға, ал сол уақьпта «Америка даусы» («Голоса Амфики») радиосын тұншықтыруға 10%, ал қалған құрылғылардың 20%-ы өзге арналарды тұншықтыруға бағьпталды.
М.С. Горбачевтің өзгертулер енгізген сәтінде 1987 жылдың қантарында Кеңес Одағы «Би-Би-Сиді» тұншыктыру тоқтады. Осы жылдың мамырында КСРО «Америка даусы» («Голоса Америки») радиосын тұншықтыруды да тоқтатты. Ал, босаған тұншықтыру құралдары <<Еркіндік>> («Свобода»), «Еркін Еуропа» («Свободная Еуропаны») тұншықтыруға бағытталды. Осыған жауап ретінде берілетін радиосигналдардың көшілігін арттыру үшін олар хабар таратудың модернизациясын жүргізді. 1980-1990 жылдары Берлин қабырғасының кұлауы, КСРО-ның ыдырауы және өзге де геосаяси өзгерістерден кейін суық соғыс аякталып, трансшекаралық радиохабар таратудың жаңа кезені басталды.
Дереккөз: Шындалиева Меңдігүл
"Шетел Журналистикасы"