Қазақстан бақытты елдердің қатарына енді

18 Қыркүйек 2013, 10:44

Біріккен Ұлттар Ұйымының соңғы жариялаған рейтингіне сәйкес, қазақстандықтар Орталық Азия аумағындағы елдерде тұратын халықтар арасындағы ең бақуаттысы болып шықты. Өткен аптада БҰҰ мамыражай қалыпта, бақытты жағдайда өмір сүріп жатқан елдердің әлем­дік рейтингін жариялады.­ Оны жасауда әрбір жеке алынған елдің күтілетін өмір сүру ұзақ­ты­ғы, ішкі жалпы өнімінің жан басына шаққандағы көлемі, қо­ғам­дағы сенімділік деңгейі, сай­лау еркіндігі, жемқорлық пен жомарттықтың мөлшері секіл­ді көрсеткіштер есепке алына­ды. Қорытынды көрсеткіш Аме­риканың Гэллап қоғамдық пікір­лер институты 2010-2012 жыл­дар аралығында жүргізген сауал­дама мәліметтері негізінде түзілген. Кестеге барлығы 156 ел енгізілген. Қазақстан солардың арасында 57-ші болып тұр. Ал Орталық Азиядағы қалған мемлекеттердің бәрі одан кейін орналасқан. Айталық, рейтинг түзушілер Түркіменстанды 59-шы позицияға қойса, Өзбекстан 60-шы, Қырғызстан 89-шы, ал Тәжікстан 125-ші болып келеді. Бізбен көрші және аралас-құраластығы бар бірқатар қуатты елдер де төменге жайғасыпты. Мәселен, Ресей 68-ші қатарға қоныс тепсе, Түркия 77-ші, Қытай 93-ші сатыға табан тіреген. Сондай-ақ World Happiness Report баяндамасында Қазақстан­ның соңғы жылдары әлеуметтік ахуалының жақсара түскенін ай­ғақтайтын көрсеткіштер кел­тірілген. Мұндай үрдіс Тропи­ка­лық Африка және Латын Аме­рикасы елдерінде де байқалады екен. Сонымен бірге, өмірге қанағаттанғандық дәрежесі Египет пен АҚШ-та төмендеп кеткен. Ал Испания, Грекия, Италия және Португалия елдерінде тіпті нағыз статистикалық құлдыраулар орын алған. Бұл – аймақтарда экономикалық дағдарыстың орын алуы мен осыған байланысты табыстың азайып кетуінен туындап отырған нәтиже. Баяндамада айтылғандай, жұмыссыздар қатарын арттыра түсуге сеп болатын психикалық аурулардың саны да көбейіп келеді. БҰҰ сарапшыларының пікірлерінше, бұл жағдайды тек тиісті алдын алу жұмыстары мен қолжетімді терапия ғана түзей алады. Мұндай деректер, әсіресе, индустриялық жағынан дамыған елдерде көбірек орын алуда. Соған қарамастан, жоғарыдағы рейтингіде тап осындай жоғары дамыған елдер көш бастаушылық тізгінді қолдарына ұстап отыр. Олар кестенің ең жоғарғы жағына мына ретпен орналасқан: Дания, Норвегия, Нидерланды, Швеция. Ал кестенің соңын Қара континенттің Того, Бенин және Орталық Африка Республикасы секілді мемлекеттері аяқтайды. Baq.kz

Біріккен Ұлттар Ұйымының соңғы жариялаған рейтингіне сәйкес, қазақстандықтар Орталық Азия аумағындағы елдерде тұратын халықтар арасындағы ең бақуаттысы болып шықты.

Өткен аптада БҰҰ мамыражай қалыпта, бақытты жағдайда өмір сүріп жатқан елдердің әлем­дік рейтингін жариялады.­ Оны жасауда әрбір жеке алынған елдің күтілетін өмір сүру ұзақ­ты­ғы, ішкі жалпы өнімінің жан басына шаққандағы көлемі, қо­ғам­дағы сенімділік деңгейі, сай­лау еркіндігі, жемқорлық пен жомарттықтың мөлшері секіл­ді көрсеткіштер есепке алына­ды. Қорытынды көрсеткіш Аме­риканың Гэллап қоғамдық пікір­лер институты 2010-2012 жыл­дар аралығында жүргізген сауал­дама мәліметтері негізінде түзілген. Кестеге барлығы 156 ел енгізілген. Қазақстан солардың арасында 57-ші болып тұр. Ал Орталық Азиядағы қалған мемлекеттердің бәрі одан кейін орналасқан. Айталық, рейтинг түзушілер Түркіменстанды 59-шы позицияға қойса, Өзбекстан 60-шы, Қырғызстан 89-шы, ал Тәжікстан 125-ші болып келеді. Бізбен көрші және аралас-құраластығы бар бірқатар қуатты елдер де төменге жайғасыпты. Мәселен, Ресей 68-ші қатарға қоныс тепсе, Түркия 77-ші, Қытай 93-ші сатыға табан тіреген.
Сондай-ақ World Happiness Report баяндамасында Қазақстан­ның соңғы жылдары әлеуметтік ахуалының жақсара түскенін ай­ғақтайтын көрсеткіштер кел­тірілген. Мұндай үрдіс Тропи­ка­лық Африка және Латын Аме­рикасы елдерінде де байқалады екен.
Сонымен бірге, өмірге қанағаттанғандық дәрежесі Египет пен АҚШ-та төмендеп кеткен. Ал Испания, Грекия, Италия және Португалия елдерінде тіпті нағыз статистикалық құлдыраулар орын алған. Бұл – аймақтарда экономикалық дағдарыстың орын алуы мен осыған байланысты табыстың азайып кетуінен туындап отырған нәтиже. Баяндамада айтылғандай, жұмыссыздар қатарын арттыра түсуге сеп болатын психикалық аурулардың саны да көбейіп келеді. БҰҰ сарапшыларының пікірлерінше, бұл жағдайды тек тиісті алдын алу жұмыстары мен қолжетімді терапия ғана түзей алады. Мұндай деректер, әсіресе, индустриялық жағынан дамыған елдерде көбірек орын алуда.
Соған қарамастан, жоғарыдағы рейтингіде тап осындай жоғары дамыған елдер көш бастаушылық тізгінді қолдарына ұстап отыр. Олар кестенің ең жоғарғы жағына мына ретпен орналасқан: Дания, Норвегия, Нидерланды, Швеция. Ал кестенің соңын Қара континенттің Того, Бенин және Орталық Африка Республикасы секілді мемлекеттері аяқтайды.

Baq.kz

Бөлісу: