Қазақстанда Қырғызстанның мәдениет күндері өтеді

18 Қыркүйек 2013, 07:51

Қазақстан және Қырғызстанның халық жазушысы Шыңғыс Айтматовтың 85 жылдығына орай қыркүйектің 21-і мен қазанның 21-і аралығында елімізде Қырғызстанның мәдениеті күндері өтеді. Бұл туралы BNews.kz тілшісіне Қырғызстан Республикасының Мәдениет, туризм және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады. Негізгі шаралар Астана, Алматы, Тараз бен Шымкент қаласында өтеді. 21-27 қыркүйек аралығында Бейбітшілік және келісім сарайында қырғыз суретшілерінің көрмесі өтеді. Сонымен қатар 22 қыркүйекте ұлттық академиялық кітапханада екі елдің шығармашылық адамдарының кездесуі жоспарланған. Алматы, Тараз және Шымкент қалаларында бір ай бойы Қырғызстан театрлары мен мемлекеттік филармониясының гастролі өтеді. «Еуразия» халықаралық кинофестивалі аясында қырғыз киносы апталығы өтпек. 21-ші қазанда Алматыдағы Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрында Қырғызстанның Мәдениет күндері қорытындыланады.

Қазақстан және Қырғызстанның халық жазушысы Шыңғыс Айтматовтың 85 жылдығына орай қыркүйектің 21-і мен қазанның 21-і аралығында елімізде Қырғызстанның мәдениеті күндері өтеді. Бұл туралы BNews.kz тілшісіне Қырғызстан Республикасының Мәдениет, туризм және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Негізгі шаралар Астана, Алматы, Тараз бен Шымкент қаласында өтеді.

21-27 қыркүйек аралығында Бейбітшілік және келісім сарайында қырғыз суретшілерінің көрмесі өтеді. Сонымен қатар 22 қыркүйекте ұлттық академиялық кітапханада екі елдің шығармашылық адамдарының кездесуі жоспарланған.

Алматы, Тараз және Шымкент қалаларында бір ай бойы Қырғызстан театрлары мен мемлекеттік филармониясының гастролі өтеді. «Еуразия» халықаралық кинофестивалі аясында қырғыз киносы апталығы өтпек.

21-ші қазанда Алматыдағы Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрында Қырғызстанның Мәдениет күндері қорытындыланады.

Бөлісу: