18 Қыркүйек 2013, 03:18
1980 жылдары Париж газеттерінің ішіңде өз таралымын он жыл көбейткен басылымдардың бірі. Үлкен өзгерістер мен жарнаманың БАҚ-на келуімен I газет классикалық капиталистік басылымға айналды. Газет бетінде ең көп жазылатын жанрлар - репортаж бен журналистік зерттеу. Оның таралымы күрт өскен (1982 жь 70 000 дана, 1985 жылы 138 000 дана, 1986 жылы 165 000 дана). 1988 жылы «Ли»ерасьон" таралымынан өз шыңына жетеді (195 000 дана). Бұл Миттеранның халық сайлауындағы екінші жеңісі мен социалистердің билік басына келуімен байланысты еді. Миттеран жақтаушылары «Либерасьоңды» өзінің бейресми өкілше айналдырмақ болады, бірақ «Либерасьонның» өзі онымен келіспейді, өз наразылығын ашық айтпайды. 1984 жылы «Эко де ля пресс э де ля пюблисите» журналы былай деп жазады: «Либерасьон» - қазіргі үкіметтің ресми газеті қатарында». 1990 жылдың бірінші жартысында басталған газет жаңартылуы қосымша қаражатты талап етті. Бұл үрдіс әлемдегі техникалық жарылыспен түспа-түс келді. 1995 жылы қағаз бағасының өсуі газетгің жаңа қиыншылыққа тап болуына септігін тигізді. 1995 жылы «Либерасьон» баспагерлері газет парақтарының санын 60-пен шектейді. «Либерасьон» ірі индустриалдық топтың иелігіне өтеді. «Шаржер» «Жеррома Сейду» ұжымы мен «Либерасьон» тобының арасындағы қол қойылған акт бойынша басылым стратегиясы жөніңдегі маңызды мәселелерде «Либерасьон» журналистерінде «вето» кұқығы, статусты өзгерту, акцияларды сату және бас директорды таңдау құқығы беріледі. 1999 жылы «Либерасьон» таралымы тұрақты болып қала береді (170000 данаға жуық). Газет өзінің Интернетегі сайтын жақсы қолдана білді. «Либерасьон» басылымдардың арасынан алғашқылардың бірі болып 1995 жылы көктемде Интернетте сайт ашады. Журналистердің айтуы бойынша «Либфасьон» сайтындағы тегін кеңестер газеттің қағаз пішініндегі үлгісін сатып алуына кедергі келтіреді, алайда, «Либерасьон» дағдарысқа тап болды, оның жарнамадан түсетін пайдасының үлесі 45%-дан 35%-ға дейін төмендеп, таралымы азаяды. Газет жетекшілері ашықтан ашык серіктес іздестіруі туралы жария етеді. «Либерасьонның» талабы - газет бетін және тәуелсіздікті сақтау еді.
«Котидъен де пари». 1974 жылы бұл басылымның негізін Филипп Тессон қалаған. Талдамалы хрониканың тереңдігі мен қызғылықтылығын және мәдениетке шолуды бағалайтын аудитория үшін шығарылған басылым. Оның алғашқы таралымы - 20 000 дана болған. 1977 жылы Парижде «Матен» пайда болған кезде «Котидьен» жағдайы күрт төмендеп кетеді. 1978 жылдың ортасынан бастап шығуды уақытша тоқтатады, ал 1979 жылы қайтадан басылып, сол бұрынғы таблоидтық пішіндегі ғұмырын жалғастырады. 1980 жылдың басыңда басылым тобын құрастыруға мүмкіңдік туады. Бұл топқа «Котидьен де Пари», «Котидьен де Медсен» және «Журнал Нувель Питеерф» кірген. Газеттің экономикалық тепе-теңдігі топтың басқа басылымдары арқасыңда ғана орнап, газет провинцияларда өз таралымын көбейтеді, ел саясатын тиімді пайдалана біледі. Алайда экономикалық қиындықтаргазеттің шығуын тоқтатуға мәжбүр етеді, 1995 жылы ол кайтадан аяғынан тұрып, сапалы газет болып қала береді.
Дереккөз: Шындалиева Меңдігүл
"Шетел Журналистикасы"