18 Қыркүйек 2013, 03:06
«Байяр-пресс». Католиктік басылымдарды шығаратын маңызды фруанцуздык топ. 1980 жылдың соңына қарай бұл басылымның өнімін үш миллионға жуык адам сатып алатын болған. «Байяр-пресс» тобы қарт адамдарга арналған ең әйгілі журналдардың бірі -«Нотр тан» (бір миллионға жуық дана) басылымын сатып алды. Бұл топ балаларға және жастарға арналған басылымдарды да шығарып тұрды. 1980 жылдың басында «Байяр-пресс» иелігіне 40-қа жуық басылым кірді. Олардың жалпы таралымы 40 000 дананы құрады. Белгілі кешкі газеттердің бірі «Круа», «Плерен», «Нотр-тан», «Панорама Д. Оксордьюн» журналдары, балалар мен жастар үшін «Пом Д Ани», «Юни» басылымдары да «Байяр-пресс» баспасынан шығып тұрған. Жастар басылымдары арқылы «Байяр-пресс» халықаралық нарықта әйгілі болады. Өзінің алғаш филиальын ол Гонконгта ашты. Топ таза діни мазмұндағы басылымдармен қатар («Библь э терр сеш») зиялы қауымға арналған газеттерді шығарады. <<Байяр-іірестін>> «Сентюрьон» кітап басатын кәсіпорны, «Ренст Промосьон» жарнама агенттігі, екі баспаханасы, журналдар мен газеттерді тарату, аудиовизуалды бөлімдері бар.
«Экспансъон». «Экспансьон» тобының негізін 1967 жылы Жан Луи Севар-Щребеймен құрған. 1988 жылы бұл топ «Трибюн» күнделікті экономжалық газетін, Брицио Бфцетпен бірігіп шығаратын журналдарға иелік етті. Осы уақытқа дейін «Экспансюн» тобы экономика жөніндегі 80 басылымның иесі болып, жалпы қаржы жағынан күшейіп, 4700 000 дана таралыммен газет-журналдар шығарып тұрады («Журналь де финанс»). «Экспансьон» тобы экономика саласы бойынша шығатын басылымдардың ішінде бірінші орынға ілікті. Топтың сәпі жұмыс істеуі көпшіліктің жаппай экономикаға кызығуымен, салымшылардың көбеюімен, биржадағы түрақсыздықпен түсіндірілді. 1988 жылы «Экспансьон» АКЦІ-тың «Уол стрит джорнал» ірі қаржы газетінің баспагері «Доу Джонс» компаниясымен серіктестік орнатады. Осыңдай келісім нәтижесінде «Экспансюн» Амфиканың «Доу Джонстың» ақпараттық қызметін қолына алды. Топтың беделді басылымына экономика туралы зиялы қауымға арналған тоқсандық «Ог финанс» журналы қосылды. Журналдың мақсаты - Франция экономикасының өңдіріске ықпал етуі, қаржы кеңістігінде саясатты жазу болды. Бұл топтың БАҚ-тары қаржы мен экономика саласын баскаратын адамдарға арналды. 1990 жылдың басында жарнамадан түсетін пайданың азаюына байланысты «Экспансьонда» экономикалық қиыңдық туындайды. Мұндай жағдай топ жетекшілерінің кейбір басылымдардан бас тартуына әкеліп соғады. 1991-1992 жылдары «Дефоссе» тобына «Ажефи» мен «Трибюн» газетін сатады. 1993 жылы капитал іздестіру мақсатыңда «СЕП Коммюникасюн» тобымен келісімшарт жасасады. Нәтижесіңде «Экспансюн» тобы 175 000 дана «Экспансюннан», «Ви Франсезден» 83 000 дана жоғалтады. Бұл келісімшарпан кейін «Экспансюн» тобының негізгі қаржы бөлігін «СЕП Коммуншсасюн» тобы иеленеді.
Дереккөз: Шындалиева Меңдігүл
"Шетел Журналистикасы"