18 Қыркүйек 2013, 03:03
1970 жылы «Партизьен Либерінің» өз ішіндегі шиеліністі жағдайды түзету қанша жүргізілсе де, Эмильен Аморидің басласы Филиптің өз үлесіне тиесілі әкесінің артынан қалған мұраны дұрыс бөліспеуінен туындаған мәселе шешімін тапқан жоқ. Нәтижесінде сот үкімімен Филипп Амори «Партизьен либере» капиталының негізгі қожайыны болып, газетгі білімді аудиторияға арналган жаңа басылм пішінімен шығара бастайды. Осыдан кейін газет таралымы өседі. 1981 жылы 342000. 1985 жылы 339000, 1988 жылы 382 000,1989 жылы 400 000 данага жетті. 1980 жылдың ортасынан газет түрлі-түсті офсетті (бояудың резина цилиндірінен келетін баспа тәсіті) әдіспен шығарыла бастайды. 1993 жылы газет «Партизьен» деген атпен шығады. Онын таралымы 423 000 данаға дейін жетіп, Парижден 60 шақырымнан аспайтын қашыктыққка тарайды. Оның бағасы аумактық газетгермен тең, ал аумақтық газетгер Париж газеттеріне қарағанда арзан болып келеді. 1993 жылы шыққан «Инфо-Матэн» арзан күңделікті газетін сатып алып, үлен бәсекелестер қатарына айналғаннан кейін, «Партизьен» редакциясы жаңадан «Ожурдюи ан Франс» газетін шығарып, оны басқа ұлттық газеттерден арзан бағамен сатады. «Инфо-Матэн» газеті екі жыддан кейін жабылып, ал «Ожурдюи ан Франс» газеті ғұмырын жалғастырады. «Партизьен» мен «Ожурдюи» таблоидтық пішінде жасалған, суреті көп басыпымға айналды. Екі басылым да спорт ойындарының түрлері туралы сенсациялык материаддарды көптеп жазды. Мұндай басылымды қарапайым газетке жатқызуға болмайды, себебі, бұл газетте жоғары дәрежелі саясат пен мәдениетке қатысты ақпараттар мен сараптамалық материалдар көптеп басылып тұрды. 1999 жылы Амори «Ашетг Филиппаки медиа» тобынан «Эко коммуникасьон» тобының 96,5%-ын сатып алады. «Эко коммуникасьон» Шартрде «Эко Репюбликен» газетін шығарды (Еске сала кетейік, Лагардер тобы «Ашетгің» иелігіне Амори тобы капитальіньің 25%-ы кіреді). Филипп Аморидің бүл кадамы оның <<Паршзьеңді>> аймактық басылым топтарының орталығы етуін көздегенін дәлелдейді. Сонғы он жыл ішінде Француз күнделікті басылымдары өз таралымын тек 1 %-ға ғана көтерді, егер «Ожурдюи» газеті болмағаңда бұл көрсеткіш 6% төмен түсетін еді.
«Призма-пресс». Немістің «Групф унд Франс» концфнінің Франниядағы филиалы. 1990 жылдың басыңда пайда болып «Ашеттен» кейінгі басылымдарды тарату жөнінен (230 000000 дана жылына) екінші орынды алады. Топ тек кана француз басылымдарын сатып алып қоймай, өзінің «Фан актюэль» басылымын да шығарып тұрды.
Дереккөз: Меңдігүл Шындалиева
"Шетел журналистикасы"