Қазақстандық ғалымдардың Қытайдан алып келген мұрағат материалдарының көшірмелерінде Абылай хан мен Қытай императоры Цяньлуннің жазысқан хаттары бар. Ол өте бағалы құжат, деп санайды тарих ғылымдарының докторы, профессор, Халықаралық бизнес академиясы қоғамдық тәртіп кафедрасының меңгерушісі Айжан Қапаева, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.
«Абылай хан мен қытайлық императордың жазысқан хаттары – өте ағалы құжат. Қазір түрлі мәдени бағдарламалар ашылған шақта біздің тарихшылардың мұрағаттарды зерттеп, жаңа құжаттарды көтеруге мүмкіндіктері бар. Ғылым үшін Абылай хан хаттарының маңызы өте зор. Бұл сенсациялық материал», – деді А.Қапаева.
Оның айтуынша, аталған құжат екі мемлекеттің өзара қарым-қатынасындағы тың деректердің анықталуына септігін тигізеді.
«Біз Абылай ханның мінсіз саясаткер екенін білеміз. Бұл хаттар тарих үшін тың деректердің ашылуына септігін тигізетіні сөзсіз», – деді А.Қапаева.
Еске сала кетсек, ағымдағы жылдың қыркүйегінде қазақстандық ғалымдардың тобы Қытайдан 283 том тың құжаттар алып келген болатын. Ол құжаттардың Қазақ хандығының көрші мемлекеттермен сауда-экономикалық байланыстарына тікелей қатынасы бар.