Келесі жылы Бразилияда өтететін футболдан әлем чемпионатына баратын командалардың алғашқылары белгілі бола бастады. Әлемнің үздік 32 құрамасы қатыстатын доданы жанкүйерлер асыға күтуде. Әрине алаң иелері Бразилия ешқандай іріктеусіз өз елдеріндегі біріншілікке қатысады, деп жазады alasharena.kz спорт порталы
Азия елдерінен бірінші болып, Жапония құрамасы жолдама алды. Олар Азиядағы іріктеу матчында өз тобында бірінші орынмен шықты. Сондай-ақ, Иран құрамасы да өз тобынан үздік шығып, Оңтүстік Америкаға баратындардың қатарына қосылды. Екінші орын алған Оңтүстік Корея мен Австралияны да әлем чемпионатының финалдық кезеңінде көретін боламыз. Ал бесінші жолдаманың тағдырын Иордания Оңтүстік Америкада өтіп жатқан іріктеу кезеңінде бесінші орын алған ұжыммен сарапқа салатын болады. Бұл жолдамадан басында Өзбекстан құрамасы үмітті болған. Бірақ, өзбек ағайындарымыз Иорданияға жол беріп қойды. Қос кездесуде де тең түсіп, тек ойын соңындағы футбол лотериясында 8:9 есебімен ұтылып, бармақтарын шайнап қалды.
Еуропа елдерінен алғаш болып қызғалдақтың отаны саналатын Голландия мен Апенин түбегін мекендеген Италия жолдама алды. Қос құрама да іріктеу матчтары аяқталмай жатып, әлем чемпионатына аттанатындардың қатарына қосылды. Қазан айында қалған он бір жолдаманың тағдыры шешіледі.
Солтүстік Америкадан АҚШ пен Коста-Рика суырылып шықты.Енді қос елдің футболшыларына келесі жылға дейін алаңсыз дайындалуға болады.
Оңтүстік Америкадан алаң иелері Бразилияның қатарына Месси бастаған Аргентина қосылды. Алдағы уақытта Аргентинаның қатарына Колумбия мен Чилидің сондай-ақ, Эквадор және Ургувайдың мүмкіндіктері бар.