Кеше Республика Сарайының алдына ІХ Халықаралық «Еуразия» кинофестивалінің ашылу салтанаты өтті.
Дәстүр бойынша қызыл кілемнен қазақстандық және әлем киноматографиясының жұлдыздары жүріп өтті: әлемдік сахна мен киноматографияның тірі аңызы Шарль Азнавур, америкалық режиссер және продюсер Чак Рассел, кеңес және ресейлік актер Борис Смолкин, қазақстандық киноның аңызы Асанәлі Әшімов, актерлер Санжар Мәдиев, Асылхан Төлепов, Аян Өтепберген, Қарлығаш Мұхамеджанова, Әсел Сағатова, Құралай Анарбекова, Айсұлу Әзімбаева, әнші Қайрат Нұртас және т.б.
Салтанатты іс-шара Мәдениет және ақпарат министрі Мұхтар Абрарұлы Құл-Мұхаммед пен Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімовтың құттықтау сөзімен ашылды.
Артынша сахнаға кинофестивальдің әділ-қазылары Джейн Кэмпион, Брильянте Мендоса, Дэвид Францони, Филипп Жалладо және Эмир Байгазин шығып құттықтауларын айтып, халықаралық «Еуразия» кинофестивалінің президенті Ермек Аманшаев шығып тоғызыншы кинофестивальді ашық деп жариялады.
Кинофестивальдің ашылу салтанаты «Сәтті күндер алда» атты француз фильмді көрумен аяқталды.
ІХ халықаралық «Еуразия» кинофестивалінің жүлдегерлері 2013 жылдың 20 қыркүйегінде жарияланады.
Baq.kz