17 Қыркүйек 2013, 04:16
Жас экономист қыз тігін фабрикасында жұмыс істейді. Маман шаруашылықтығы қаржыға байланысты ірі заң бұзушылықтарды байқап қалады. Дария фабрикадағы әріптестерінің мұндай заң бұзушылығына көз жұмып қарай алмады. Осылайша әріптесетерінің бұл әрекетіне тосқауыл қоюға әрекеттенді. Басшылығы оған қысым жасамақ болады. Оған қарамастан Дария бұл жағдайға күресуге бел буады. Қарапайым фабрика жұмысшылары Дарияға қолдау көрестеді. Дарияның шындықты іздеп, дәлелдер таба бастағанын байқаған, басшылар фабриканы өртемекке бел буады. Өрттың шыққанын тоқтатамын деп өртпен арпалысқан Дария сол жерде көз жұмады. Дария Қаратаева шындықты іздеп, әділдікті орнатуға бар күшін балады. Дария өмірімен қоштасқанымен, әділдікті орнатамын деген мақсатына жол жеткізеді.
«Адамдық болмыс» фильмінің ресжиссері Сергей Шутов. Аталған фильм 1984 жылы түсіріледі. 79 минуттан тұратын фильм адамдық болмыстың бейнесін толық аша білген. Жарны крималды-өндірістік драма. Фильмнің аты орыс тілінде «Человеческий фактор» деп аталады. Өндіруші: «Қазақфильм» киностудиясы. Рөлдерде Гульнара Дусматова, Аман Камчибеков, Римма Маркова, Виктор Шульгин, Николай Скоробогатов, Нуржуман Ихтымбаев, Досхан Жолжаксынов. Композиторы: Тлес Кажгалиев Оператор - Абильтай Кастеев. Сценарий авторлары: Александр Иванов, Еркен Абишев. Қоюшы режиссер: Александр Дериганов. Дыбыс режиссері Лилия Разгоняева.
Басты рөлдердің бірінде сомдаған Досқан Қалиұлы 1987 жылдан Қазақстанның еңбек сіңірген артисі, Қырғызстанның еңбек сіңірген артисі (1996).1971 жылдан Қазақ жастар мен балалар театрының актері. 1995 – 2001 жылдары осы театрдың директоры әрі көркемдік жетекшісі болды. Бұдан кейін орындаған рөлдері қатарында Сыматбек (Ж.Тәшенов пен И.М. Саввиннің “Қаладан келген қылжақбасында”), Сырым (Р.Сейсенбаев пен Е.Обаевтың “Өзімді іздеп жүрмінінде”), Қазақбай (Ә.Тарази мен Қ.Ысқақовтың “Апа, апатайында”), Сәмет, Ақан (Ғ.Мүсіреповтің “Қазақ солдаты” мен “Ақан сері – Ақтоқтысында”), Глумов (А.Н. Островскийдің “Адам аласы ішіндесінде”), Әзберген (Ә.Таразидің “Қндетінде”, Қазақстанның Мемлекет сыйлығын, 1996; Түркі тілдес халықтар театрлары байқауының бас жүлдесі, Қазан, 1998), т.б. бар. Жолжақсыновтың актерлік өнеріне сезім тереңдігі, сахналық әрекет шынайылығы тән. Актер халық әндері мен қазіргі композиторлар әндерін шебер орындаушы ретінде де танымал. Жолжақсынов – ұлттық кино өнерінің дамуына елеулі үлес қосқан актерлердің бірі. Әскербек (“Гаһартаста”, 1976), Хамит (“Даладағы қуғында”, 1979), Мұрат (“Алтын күзде”, 1979), Мұндызбай (“Ақ барыстың ұрпағында”, 1984, соңғы екеуі “Қырғызфильмде”), Дәуір (“Омпада”, 1997), т.б. рөлдері арқылы Жолжақсынов дарынды киноактер ретінде кеңінен танымал болды. Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығының иегері (1982) атағын алды.