«Қазгидромет» МКМ-і биыл күз Қазақстанда жылы әрі жауын-шашынсыз болады деп болжап отыр, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.
«Ұзақмерзімді болжамға сәйкес, биыл күз жайлы болмақ, яғни жылы әрі жауын-шашынсыз болады деп күтілуде. Алайда еліміздің солтүстігі, шығысы мен оңтүстік шығысында қалыпты саналатын салқын әрі жаңбырлы ауа-райы күздік орта тұсында келуі мүмкін», - деп отыр метеорологтар.
Осы ай бойы ауа райы құбылмалы. Күннің суытуы «мизам шуақ» жылылығы мен ауысып отырады.
«Күзгі суытуы түнгі ызғармен қабаттасып келеді. Республиканың солтүстігі мен шығысында термометр бағаны минус 5 градусқа дейін төмендейді, алған аумақтарда минус 3 градусқа дейін суытады», - деп хабарлайды «Қазгидромет».
Осы аптаға келсек, апта басында ауа температурасы батыс өңірлерде 20-25 градусқа, кей жерлерде 28 градусқа көтеріледі. Республиканың көп бөлігі осылай жылынады, тек солтүстік шығыста ғана ауа температурасы 10-15 градус шамасында болады.
«Еліміздің батысы, оңтүстік шығысы мен шығысында жауын шашын сақталады. Апта соңында күн ашық болады», - деп хабарлайды метеорологтар.