Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен дәстүрлі брифинг кезінде ҚР Парламенті Сенатының баспасөз қызметі бөлімінің жетекшісі Талғат Жұмағұлов мәлімдеді.
«Әлемдік және дәстүрлік діндер лидерлері Съезінің Хатшылығы және Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігінің қолдауымен «Дінтұтқа» кітабы жарық көрді», - деп мәлімдеді бөлім жетекшісі.
Кітаптың тұсаукесері 23 қыркүйекте Астанадағы Бейбітшілік және келісім сарайында өтеді. Аталған кітап Әлемдік және дәстүрлік діндер лидерлері Съезінің 10 жылдығына арналып отыр. Кітапта дінаралық байланыстар мен діндердің рухани құндылықтары жайлы еңбектер топтастырылған.
Нұрсерік ЖОЛБАРЫС
Baq.kz