«Қазақстанның бас редакторлары клубы» Астанада мемлекеттік орган және БАҚ өкілдері үшін «Зейнетақы жүйесін жаңғыртудың гендерлік аспектілері» тақырыбында семинар ұйымдастырды, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.
Семинарды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы әйелдер ісі және отбасы-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссиясы ұйымдастырып отыр.
«Қазақстан Республикасындағы БҰҰ даму бағдарламасы өкілдерінің аталмыш семинарды ұйымдастыруға атсалысқандығы үшін, осы шараға қатысып отырған Қазақстан бас редакторлар клубы өкілдерінің бүгінгі кездесудегі ашық әңгімесі үшін өз ризашылығымды білдіремін. Менің ойымша, бүгінгі кездесуден кейін, Қазақстан Республикасы Үкіметінің әлеуметтік саясат мәселелері бойынша кез келген сұрақтары мен оның жауаптары жайында ел азаматтары толықтай ақпараттандырылатын болады», - деді отырыста ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова.
Тамара Дүйсенова кездесу барысында әлеуметтік жаңғырту, әлеуметтік қызметтерге байланысты зейнетақы жүйесін жетілдіру және оның бағыттарын гендерлік аспектіде дұрыс түсінудің қыр-сырына ерекше тоқталды.