16 Қыркүйек 2013, 03:05
Памфлет - нақты, азаматтық, әлеуметтік-саяси мақсаты бар көкейтесті публицистикалық шығарма. Бұл жанрдың фельетонмен ұқсастығы айқын және сын әшкерелеуші, жоюшы қасиетке ие.
Памфлет - грек тілінің «Рап» - «барлығы», «флего» - «өртеймін» сөздерінен шыққан, әшкерелеу сипатындағы шығарма, мүнда сатиралық бастау сарказмды, патетиканы және ашулы экспрессив-тілікті, ал публицистикалық - көкейкестілікті, дәлдікті, құжаттылықты және әшкерелеудің ірі масштабын (ірі әлеуметтік құбылыс, мемлекеттік және қоғам қайраткерлері) құрайды. Памфлет - әдебиет пен журналистикадағы сирек құбылыс. Ол Эразм Роттердамскийден «Письма темных людей» (1515 ж.), Франсуа Рабленің «Гаргантюра и Пантагрюэль» (1534 ж.). Даниэль Дефоның «Кратчайший путь расправы с диссертерами» памфлеті үшін масқара бағанасында тұрды. Дени Дидродың «Философиялық ойлары» өртке оранды. «Философиялық хаттар» үшін А.Чаадаев жарым ес деп танылды. В.Г. Белинскийдің «Гогольге хаттары» қара тізімге еніп таралды.
Пародия - мазақтау-жанры. Пародия мақсаты - сыналатын құбылыстың ерекшеліктеріне, оның мазмұнына, нысандарына нұсқау. Пародиялар көркем әдебиетке, театр қойылымдарына, кинофильм-дерге, өлеңдерге, музыкаға және тұрмыстық жағдайларга жазылады.
Эпиграмма - грек тілінен аударғанда «тастағы жазуі - бұл сипаттаманың, сынау ауқымының, мазақтың шекті тығыздығымен ерекшеленетін сатиралық миниатюра. Ол нақты объектіге, кейбір жағдайларда жағымсыз құбылысқа бағытталған. Эпиграмма карикатураға мәтін ретінде жиі қолданылады.
Мысал - нақыл сипатындағы сатиралық шығарма, кейіпкерлі жануарлар болады. Мысал әдеби және публицистикалық шығарМІ ретінде үш бөліктен тұрады, әр түрлі стильге және тіл ерекшеліктеріне ие. Бірінші бөлім немесе бастама оқырманды әрекетке келтіретін орташа стильге ие. Екінші негізгі бөлім - мұнда кейіпкерлердің негізгі әрекеттері, үшішнісінде жоғары стильмсн жазылған нақыл бейнеленеді.
Ежелгі фек мысалшысы Эзоптың мысалдары біздің күнімізгс дейін жетті және қазіргі уақытта оларда көтерілген мәселелер өзекті болып табылады. Француз мысалшысы Лафонтен оның дэстүріи жалғастырып, кейін олар орыс мысалшысы И.А. Крыловпен қосталды. А. Байтұрсынов Эзоптың, Лафонтеннің және Крыловтың көптеген мысалдарын қазақ тіліне аударды және өзі де бірқатар мысалдарды жазды, олардың ішіндегі атақтысы «Маса» жинагы болып табылады.
Карикатура - бұл сыналатын құбылыстың, оқиғаның, адамиың гротекст бейнесі. Карикатуралар сөздік және бейнелі болады. Заманауи Қазақстан БАҚ-тарында карикатураның екі түрі де кездеседі. Мысалы, Ресей теледидарында «Куклы» бағдарламасын карикатураға жатқызуға болады.
Шарж - француз сөзі «ауырлық», адамның, оқиғаның құбылыстың сынамалы бейнесі. Карикатурадан шарж дененің немесе құбылыстың қандай да бір бөлігінің гипертрофиялық, гротекстілі бейнесімен ерекшеленеді. Достық және сатиралық шарждар қазіргі басылымдарда көп кездеседі.
Анекдот - көкейкесті өткір сын мазмұндалатын нақыл сипатындағы шағын сатиралық шығарма. Анекдот мәтіні «төңкерілген пирамида» қағидасы бойынша құрылады, яғни, нақтылығы ең соңында айтылады.
Дерекөз: Меңдігүл Шындалиева
«Публицистика жанрлары мен пішіндері» Астана,2012.