16 Қыркүйек 2013, 03:00
Эссе французша «essai» сөзі «тәжірибе» деген мағына береді екен. Бұл философиялық, әдеби-сыни, эстетикалық публицистика авторының жеке көзқарасын еркін кейде, парадоксалды, ауызекі сөйлеуге бағытталып берілуін қамтитын жанр. Жанрдың негізін қалаушы ХҮІ ғасырда өзінің әйгілі «Тәжірибелер» атты кітабын жазған француз философы, гуманисі Мишель Монтешь санадады. Орыс әдебиетінде эссеистиканың тамаша үлгілерін Ф.М.Достоевскийдің «Жазушының күнделігі» атты шығармасынан табамыз.
Ресей журналистикасында эссе жанрының пионері болып «Көрермен» («Зритель») журналы саналады. Ол ХҮІІІ ғасырда авторлардың басынан кешкен түрлі оқиғаларды, жеке хаттарды жариялауға кірісті. Бастапқыда эссе жанрында тақырыптық шектеулер болмаған. Эссе ауыл шаруашылығы, театр қойылымдарының тұсаукесерлері, саясатты, мәдениет пен әдебиетті қамтыды. Алайда, біздің ғасырымыздың басында эссе жанрында тек әдебиет және өнерге қатысты тақырыптар жазыла бастады, эссе кейінен өзіндік рецензия өлеңдер немесе пьесса, вернисаж, не фильм пішініне айналды.
Теледидардьщ пайда болып, дамуымен эссе жаңа сипатқа ие болды. Теледидар коммуникациясының тұлғалық, лирикалық сипаты эссе жанрындағы көркем публицистикалық хабарлама дайындауға бейім. Бұл жанр құрылымы автормен, тұлғамен тікелей қарым-қатынасты талап етеді. Эссе терең тұлғаландырылған журналистика жанры.
Алайда, теледидардағы эссе жолында үлкен бір кедергі бар. Бұл жанрдағы туындылар аудиторияға, яғни көрермендерге тек авторы атақты, шеберлігімен көрермендерге танымал және олардың құрметіне бөленген жағдайда ғана қабылданады. Орыс телеэссеис-тикасының шебері И. Андроников - актер, жазушы, ғалым теледидарда бірнеше телеэссенің классикалық үлгісін жасауымен тарихта қалды. Оның «Үлкен зал жайлы естеліктер», «Невский проспект» және тағы басқа эсселері рессейлік телехабарламалардың алтын қорына енді. Бұл жерде Г.Шергованың «Дошкова жайлы аңыз бен ақиқат» жэне «Дэл сол Таня ма?», А.Габриловичтің «Біздің балалықтың футболы», «Біздің балалықтың циркі», «Біздің балалықтың киносы» эсселерін атап өтуге болады.
Эссе жанры авторларға үлкен тақырыптық, мағыналық, пішіндік, көркемдік, бейнелік, сонымен қатар, теледидардың табиғи талаптарына сай келетін мүмкіндіктер береді. Бүгінгі теледидар тәжірбиесі жанрдың барлығы емес эссеистиканың - өзіндік стилі, мәнері, тілдік ерекшеліктері жайлы сөз қозғауға мүмкіндік береді.
Дереккөз: Меңдігүл Шындалиева
«Публицистика жанрлары мен пішіндері» Астана,2012.