Қазақстан клубы Голландия чемпионатына қатыспақ

14 Қыркүйек 2013, 06:50

Регбиден Қазақстанның ең үздік клубы алдағы уақытта Голландия чемпионатына қатысуы мүмкін. Келесі жылы Францияда өтетін әйелдер арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы үздік алтылықтан көрінуді көздейді. Сондай-ақ регбишілеріміз 2016 жылғы Рио-де-Жанейро Олимпиадасына да дайындықтарын бастап кетті. Бұл туралы кеше Алматыда өткен баспасөз мәслихатында Қазақстан регби федерациясының өкілдері мәлімдеді.  Әлқисcа. Таяуда оңтүстік астанамыз Ал­матыда регби-15 әйелдер арасындағы Азия біріншілігі өтіп, Қазақстан ұлттық құ­ра­масы «Сары құрлық» чемпионы атан­ған болатын. Сондай-ақ келесі жылы Франция астанасы Парижде өтетін дүниежүзілік до­даға берілер жалғыз жолдаманы жеңіп ал­ған. Міне, кеше Қазақстанның регби фе­де­рациясының Алматыда өткізген бас­па­сөз мәслихаты негізінен осы додаға арналды. Естеріңізге сала кетейік, Халықаралық регби федерациясының (IRB) ережесі бо­йынша, әлем чемпионатына жолдама бе­ре­тін Азия біріншілігіне «Сары құрлықтың» рейтингі жоғары төрт елі ғана қатыса ала­ды. Осыған сәйкес, Алматыда әлем чем­пио­натының жолдамасын Қазақстан, Жа­пония, Гонг-Конг және Сингапур құрама­лары өзара сарапқа салған. Нәтижесінде, жартылай финалда Сингапурді 97:7 есе­бімен ойсырата жеңген. Ал Жапония Гонг-Конгті 82:0 есебімен тізе бүктірді. Сөйтіп, финалда жерлестеріміз Күншығыс елінің өкілдерімен кездесіп, аса тартысты өткен матчта 25:23 есебімен жеңіске жетті. – Негізі, бұған дейін жапондықтарды 40 ұпай айырмашылығымен де жеңіп жүр­генбіз. Бірақ бұл жолы барынша да­йын­­дық­пен келіпті. Оның үстінде ойынның ал­ғашқы минуттарында біздің қыздар жа­пондарды әдеттегідей қалпақпен қайырып аламыз деп ойлап, босаңсып қалды. Тек үзілістен кейін ғана естерін жинап, тізгінді қолдарына алды, – деді финалдық матч туралы Қазақстан регби федерациясының бас директоры әрі ұлттық құрамамыздың бас жаттықтырушы­сы Станислав Кнорр. Енді Қазақстан құрамасы келесі жыл­дың 1-17 тамызы аралығында Франция ас­танасы Парижде өтетін әлем біріншілігіне қатысады. Бес құрлықтың 12 командасы қатысатын дүниежүзілік додада өнер көр­сетуге Азияның бір-ақ командасы құқылы. Міне, сол жолдаманы біздің қыздар жеңіп алды. Ал Қытай қайда? Тайландтың да рег­биі жақсы дамыған, Үндістанда да спорт­тың бұл түріне жақсы көңіл бөлінеді? Ол­ардың рейтингі қалайша басқалардан төмен? Бұл сұраққа Станислав Влади­ми­рович былай деп жауап береді. – Өздеріңіз білесіздер, регби Олимпиа­да ойындарының бағдарламасы­на қайта ен­ді. 82 жылдық үзілістен кейін 2016 жы­лы регби додасын Олимпиада ойындары­нан қайта тамашалайтын боламыз. Бірақ Ха­лықаралық Олимпиада комитеті Рио до­дасының бағдарламасына спорттың осы түрінің регби-15-ін емес, регби-7 деп ата­латын ойынын қосқандықтан, қазір көп­теген елдер регби-7-ге барынша көңіл бөлуде. Қытай да, Тайланд пен Үндістан да сол секілді. Сондықтан бұл елдерде рег­би-15 кенжелеп қалды. Дегенмен жа­қын­да (IRB) жаңа ережелер енгізді. Енді регби-15 ойыны дамымаған елдер Олим­пиада ойындарының іріктеу додасына қа­тыса алмайды. Сондықтан бүгінде әлгі ел­дердің бастары қатып жүр. Ал негізінде ең бірінші осы регби-15 пайда болған. Бұл екеуінің айырмашылығы – ойыншылары­ның санында және ойынның ұзақтығында, – деді Станислав Кнорр. Жалпы, регби 1900, 1908, 1920 және 1924 жылғы жазғы Олимпиада ойында­ры­ның бағдарламасына енген. Алғашқы үшеуіне екі-ақ командадан қатысқан бол­са, соңғысында жүлдеге үш құрама қаты­сып, үшеуі де жеңіс тұғырына шыққан. Сон­дықтан спорттың бұл түрінің тартым­ды­лығы болмай, Олимпиада бағдарлама­сынан алынып тасталған. Ал 2014 жылғы әлем чемпионатын өз жерінде ұйымдас­тырудан әу баста Қазақстан да үмітті бо­лыпты. Бізден бөлек, Жаңа Зеландия, Самоа аралдары және АҚШ-та 2014 жыл­ғы әлем чемпионатын өз жерінде өткізгісі келген. Алайда Халықаралық регби феде­ра­циясы Францияның кандидатурасын құптаған екен. – Дегенмен, шыны керек, біздің еліміз­де спорттың бұл түрі көпшілікке таңсық. Рег­биді өмірлік серік ететіндер көп емес. Қа­зақ­стан регби федерациясының прези­денті Бексұлтан Сәрсековтің айтуынша, Қа­зақстанда регби тек үш-төрт қалада ға­на аздап дамыған. Ел біріншілігінде де бә­секелестікке қабілетті командалар аз. Де­генмен кейбір аймақтар регбиді дамытуды қолға ала бастапты. Федерация басшылығына келгенімен көп болған жоқ. Бұған дейін 10 жылдай елі­міздің қоян-қолтық төбелес федера­ция­сын басқардым. Енді, міне, спорттың осы түріне ауысып отырмын. Жалпы, рег­би өзінің бойына спорттың бірнеше түрінің элементтерін жинақтаған. Мұнда күрес те бар, доп та бар, тартыс та, талас та – бәрі бар. Өте қызық. Қазір еліміздегі регбидің жағ­дайымен 80 пайызға танысып шық­тым. Алматы, Астана, Талдықорған, Қос­та­най, Шымкент қалаларында жақсы дамыған екен. Жақында Өскеменде де спорттың осы түрінен кәсіпқой клуб ашылмақ. Ал басқа қалалар әзірге үнсіз, – деді Бексұлтан Сәрсеков. – Әлем чемпионатында қай орын­нан көрінуді жоспарлап отырсыздар? Жал­пы, Рио Олимпиадасына дайын­дық­та­рыңыз қалай? – Негізі, дүниежүзілік додаға 12 коман­да қатысады. Біз топтан шығып, үздік ал­ты­лық­тан көрінгіміз келеді. Одан кейін Олим­пиада ойындары күтіп тұр. Әлбетте, ол жақта командалар мүлдем басқаша ой­найды. Қытайың да, Жапонияң да ба­рын салады. Сондықтан барынша дайындалуы­мыз керек. Алдымен өзіміз­ден бастап, ішкі біріншіліктің дәрежесін көтеру қажет. Де­меушілерден көмек сұрай­мыз. Бізде «Форбстың» ең бай адамдар тізіміне енген азаматтар бар. Солар регбиге де көз қы­рын салып, көмектессе екен дейміз. Ішкі чемпионатта бәсекелестік тым нашар. Сон­дықтан еліміздің ең үздік клубын Гол­лан­дия чемпионатына қатыстыру ойы­мызда бар. Олардың федерациясымен ке­лісіп те қойдық. Енді қаржы табу жағы ғана қалды. «Эйр Астана» компаниясы жол шығындарымызды өтеуге келіскендей болды. Құдай бұйыртса, Голландия чем­пионатында өнер көрсетіп, ойыншылары­мыз­дың шеберліктерін шыңдайтын бола­мыз. Балжан ҚОЙШЫБАЕВА, регбиден Қазақстан ұлттық құрамасының ойыншысы: – Қазір регби елімізде жақсы қар­қын­мен дамып жатыр. Азияның алдын бермей келе жатқанымызға да бірнеше жылдың жүзі болды. Өзіме регби қатты ұнайды. Есеңді жібермеуге тәрбиелей­тін ойын ғой. Кейбірі қыздарға жарас­пайды, жарақат алу қаупі жоғары деп жатады. Мұның барлығы бос сөз. Өз басым жарақат алған кезім көп болған да жоқ. Қайта спорттың басқа түрле­рі­не қарағанда аса қауіпті емес. Тек шап­шаң болып, дер кезінде пас беріп үл­гер­сең болды.   Әзиз ЖҰМАДІЛ Baq.kz

Регбиден Қазақстанның ең үздік клубы алдағы уақытта Голландия чемпионатына қатысуы мүмкін. Келесі жылы Францияда өтетін әйелдер арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы үздік алтылықтан көрінуді көздейді. Сондай-ақ регбишілеріміз 2016 жылғы Рио-де-Жанейро Олимпиадасына да дайындықтарын бастап кетті. Бұл туралы кеше Алматыда өткен баспасөз мәслихатында Қазақстан регби федерациясының өкілдері мәлімдеді. 

Әлқисcа. Таяуда оңтүстік астанамыз Ал­матыда регби-15 әйелдер арасындағы Азия біріншілігі өтіп, Қазақстан ұлттық құ­ра­масы «Сары құрлық» чемпионы атан­ған болатын. Сондай-ақ келесі жылы Франция астанасы Парижде өтетін дүниежүзілік до­даға берілер жалғыз жолдаманы жеңіп ал­ған. Міне, кеше Қазақстанның регби фе­де­рациясының Алматыда өткізген бас­па­сөз мәслихаты негізінен осы додаға арналды.

Естеріңізге сала кетейік, Халықаралық регби федерациясының (IRB) ережесі бо­йынша, әлем чемпионатына жолдама бе­ре­тін Азия біріншілігіне «Сары құрлықтың» рейтингі жоғары төрт елі ғана қатыса ала­ды. Осыған сәйкес, Алматыда әлем чем­пио­натының жолдамасын Қазақстан, Жа­пония, Гонг-Конг және Сингапур құрама­лары өзара сарапқа салған. Нәтижесінде, жартылай финалда Сингапурді 97:7 есе­бімен ойсырата жеңген. Ал Жапония Гонг-Конгті 82:0 есебімен тізе бүктірді. Сөйтіп, финалда жерлестеріміз Күншығыс елінің өкілдерімен кездесіп, аса тартысты өткен матчта 25:23 есебімен жеңіске жетті.

– Негізі, бұған дейін жапондықтарды 40 ұпай айырмашылығымен де жеңіп жүр­генбіз. Бірақ бұл жолы барынша да­йын­­дық­пен келіпті. Оның үстінде ойынның ал­ғашқы минуттарында біздің қыздар жа­пондарды әдеттегідей қалпақпен қайырып аламыз деп ойлап, босаңсып қалды. Тек үзілістен кейін ғана естерін жинап, тізгінді қолдарына алды, – деді финалдық матч туралы Қазақстан регби федерациясының бас директоры әрі ұлттық құрамамыздың бас жаттықтырушы­сы Станислав Кнорр.

Енді Қазақстан құрамасы келесі жыл­дың 1-17 тамызы аралығында Франция ас­танасы Парижде өтетін әлем біріншілігіне қатысады. Бес құрлықтың 12 командасы қатысатын дүниежүзілік додада өнер көр­сетуге Азияның бір-ақ командасы құқылы. Міне, сол жолдаманы біздің қыздар жеңіп алды. Ал Қытай қайда? Тайландтың да рег­биі жақсы дамыған, Үндістанда да спорт­тың бұл түріне жақсы көңіл бөлінеді? Ол­ардың рейтингі қалайша басқалардан төмен? Бұл сұраққа Станислав Влади­ми­рович былай деп жауап береді.

– Өздеріңіз білесіздер, регби Олимпиа­да ойындарының бағдарламасы­на қайта ен­ді. 82 жылдық үзілістен кейін 2016 жы­лы регби додасын Олимпиада ойындары­нан қайта тамашалайтын боламыз. Бірақ Ха­лықаралық Олимпиада комитеті Рио до­дасының бағдарламасына спорттың осы түрінің регби-15-ін емес, регби-7 деп ата­латын ойынын қосқандықтан, қазір көп­теген елдер регби-7-ге барынша көңіл бөлуде. Қытай да, Тайланд пен Үндістан да сол секілді. Сондықтан бұл елдерде рег­би-15 кенжелеп қалды. Дегенмен жа­қын­да (IRB) жаңа ережелер енгізді. Енді регби-15 ойыны дамымаған елдер Олим­пиада ойындарының іріктеу додасына қа­тыса алмайды. Сондықтан бүгінде әлгі ел­дердің бастары қатып жүр. Ал негізінде ең бірінші осы регби-15 пайда болған. Бұл екеуінің айырмашылығы – ойыншылары­ның санында және ойынның ұзақтығында, – деді Станислав Кнорр.

Жалпы, регби 1900, 1908, 1920 және 1924 жылғы жазғы Олимпиада ойында­ры­ның бағдарламасына енген. Алғашқы үшеуіне екі-ақ командадан қатысқан бол­са, соңғысында жүлдеге үш құрама қаты­сып, үшеуі де жеңіс тұғырына шыққан. Сон­дықтан спорттың бұл түрінің тартым­ды­лығы болмай, Олимпиада бағдарлама­сынан алынып тасталған. Ал 2014 жылғы әлем чемпионатын өз жерінде ұйымдас­тырудан әу баста Қазақстан да үмітті бо­лыпты. Бізден бөлек, Жаңа Зеландия, Самоа аралдары және АҚШ-та 2014 жыл­ғы әлем чемпионатын өз жерінде өткізгісі келген. Алайда Халықаралық регби феде­ра­циясы Францияның кандидатурасын құптаған екен.

– Дегенмен, шыны керек, біздің еліміз­де спорттың бұл түрі көпшілікке таңсық. Рег­биді өмірлік серік ететіндер көп емес. Қа­зақ­стан регби федерациясының прези­денті Бексұлтан Сәрсековтің айтуынша, Қа­зақстанда регби тек үш-төрт қалада ға­на аздап дамыған. Ел біріншілігінде де бә­секелестікке қабілетті командалар аз. Де­генмен кейбір аймақтар регбиді дамытуды қолға ала бастапты.

Федерация басшылығына келгенімен көп болған жоқ. Бұған дейін 10 жылдай елі­міздің қоян-қолтық төбелес федера­ция­сын басқардым. Енді, міне, спорттың осы түріне ауысып отырмын. Жалпы, рег­би өзінің бойына спорттың бірнеше түрінің элементтерін жинақтаған. Мұнда күрес те бар, доп та бар, тартыс та, талас та – бәрі бар. Өте қызық. Қазір еліміздегі регбидің жағ­дайымен 80 пайызға танысып шық­тым. Алматы, Астана, Талдықорған, Қос­та­най, Шымкент қалаларында жақсы дамыған екен. Жақында Өскеменде де спорттың осы түрінен кәсіпқой клуб ашылмақ. Ал басқа қалалар әзірге үнсіз, – деді Бексұлтан Сәрсеков.

– Әлем чемпионатында қай орын­нан көрінуді жоспарлап отырсыздар? Жал­пы, Рио Олимпиадасына дайын­дық­та­рыңыз қалай?

– Негізі, дүниежүзілік додаға 12 коман­да қатысады. Біз топтан шығып, үздік ал­ты­лық­тан көрінгіміз келеді. Одан кейін Олим­пиада ойындары күтіп тұр. Әлбетте, ол жақта командалар мүлдем басқаша ой­найды. Қытайың да, Жапонияң да ба­рын салады. Сондықтан барынша дайындалуы­мыз керек. Алдымен өзіміз­ден бастап, ішкі біріншіліктің дәрежесін көтеру қажет. Де­меушілерден көмек сұрай­мыз. Бізде «Форбстың» ең бай адамдар тізіміне енген азаматтар бар. Солар регбиге де көз қы­рын салып, көмектессе екен дейміз. Ішкі чемпионатта бәсекелестік тым нашар. Сон­дықтан еліміздің ең үздік клубын Гол­лан­дия чемпионатына қатыстыру ойы­мызда бар. Олардың федерациясымен ке­лісіп те қойдық. Енді қаржы табу жағы ғана қалды. «Эйр Астана» компаниясы жол шығындарымызды өтеуге келіскендей болды. Құдай бұйыртса, Голландия чем­пионатында өнер көрсетіп, ойыншылары­мыз­дың шеберліктерін шыңдайтын бола­мыз.

Балжан ҚОЙШЫБАЕВА, регбиден Қазақстан ұлттық құрамасының ойыншысы:

– Қазір регби елімізде жақсы қар­қын­мен дамып жатыр. Азияның алдын бермей келе жатқанымызға да бірнеше жылдың жүзі болды. Өзіме регби қатты ұнайды. Есеңді жібермеуге тәрбиелей­тін ойын ғой. Кейбірі қыздарға жарас­пайды, жарақат алу қаупі жоғары деп жатады. Мұның барлығы бос сөз. Өз басым жарақат алған кезім көп болған да жоқ. Қайта спорттың басқа түрле­рі­не қарағанда аса қауіпті емес. Тек шап­шаң болып, дер кезінде пас беріп үл­гер­сең болды.

 

Әзиз ЖҰМАДІЛ

Baq.kz

Бөлісу: