Бүгін Тайландта басталған әйелдер арасындағы волейболдан 17-ші Азия чемпионаты аясында Қазақстан құрамасы алғашқы ойынын өткізіп, жеңіске жетті.
Тай елінің құрама командасымен өткен ойында біздің волейболшылар алғашқы екі сетте де (26:24, 26;24) жеңіске жетті. Бірақ үшінші сетте (25:17) қарсыластарына жол беріп қойды. Есеп - 2:1. Ал төртінші сетте Қазақстанның әйелдер құрамасы барын салып, Тайланд командасын 25:20 есебімен ұтып кетті. Сөйтіп, қазақстандық волейболшылар алғашқы ойында 3:1 есебімен жеңіске жетті.
Айта кетейік, Тайландта өтіп жатқан волейболдан 17-ші Азия чемпионаты аясындағы Қазақстан құрамасының барлық ойындарын «KAZsport» телеарнасы тікелей эфир арқылы көрсетеді.
Baq.kz