Тұңғыш құрастырылмалы смартфон шықты

13 Қыркүйек 2013, 05:11

Нидерландылар елінің дизайнері Дейв Хаккенс ең бірінші құрастырылмалы смартфон жасап шыққан. Құрал бөлек блок-модульдерден тұрады. Phonebloks деп аталған смартфон прототипінің ерекшеліктері мен мүмкіндіктері туралы төмендегі видеороликте толықтай сипатталып айтылған. Хаккенс телефонының әрбір бөлшегі: аккумулятор, дисплей, камера және Wi-Fi-модульдер өз бетінше жұмыс жасай да береді екен. Ал оны құрастыру үшін арнайы базалық платаға коннекторлардың көмегімен қондыруыңыз керек. Телефонның негізгі ерекшеліктерінің қатарында – істен шыққан бөлшектерді оңай ауыстыру, жеке қолданушының қызығушылықтарына байланысты түрлі мүмкіндіктермен қамтамасыз ету (кастомизация) сияқты апгрейдтер бар. Хаккенстың айтуы бойынша, аппараттың бөлшектерін ендігіде оларды жасайтын компаниялар ұсынып отыратын болған. Дейв Хаккенс қазірде көптеген қолданушылардың құрастырылмалы смарфтон туралы ой-пікірлері мен концептісінің дұрыс-бұрыстығын сұрап, сауалнама жасауда. Құралға оң немесе теріс бағаңызды сіз де 29 қазанға дейін бере аласыз. Егер қолданушылар мұндай аппаратты сатып алуға зауқы жоқ болса, өнертабушы өз өндірісін бірден тоқтатамын деп кесіп айтыпты. Дәл осындай Phobloks жобаны 2007 жылы израильдік modu компаниясы да шығарған болатын. Құрастырушылар кішігірім ұялы телефонға қосымша мүмкіндіктер мен опциялар қосуды жоспарлаған. Дайындаған: Ардақ Құлтай http://massaget.kz

Нидерландылар елінің дизайнері Дейв Хаккенс ең бірінші құрастырылмалы смартфон жасап шыққан. Құрал бөлек блок-модульдерден тұрады.

Phonebloks деп аталған смартфон прототипінің ерекшеліктері мен мүмкіндіктері туралы төмендегі видеороликте толықтай сипатталып айтылған. Хаккенс телефонының әрбір бөлшегі: аккумулятор, дисплей, камера және Wi-Fi-модульдер өз бетінше жұмыс жасай да береді екен. Ал оны құрастыру үшін арнайы базалық платаға коннекторлардың көмегімен қондыруыңыз керек.

Телефонның негізгі ерекшеліктерінің қатарында – істен шыққан бөлшектерді оңай ауыстыру, жеке қолданушының қызығушылықтарына байланысты түрлі мүмкіндіктермен қамтамасыз ету (кастомизация) сияқты апгрейдтер бар. Хаккенстың айтуы бойынша, аппараттың бөлшектерін ендігіде оларды жасайтын компаниялар ұсынып отыратын болған.

Дейв Хаккенс қазірде көптеген қолданушылардың құрастырылмалы смарфтон туралы ой-пікірлері мен концептісінің дұрыс-бұрыстығын сұрап, сауалнама жасауда. Құралға оң немесе теріс бағаңызды сіз де 29 қазанға дейін бере аласыз. Егер қолданушылар мұндай аппаратты сатып алуға зауқы жоқ болса, өнертабушы өз өндірісін бірден тоқтатамын деп кесіп айтыпты.

Дәл осындай Phobloks жобаны 2007 жылы израильдік modu компаниясы да шығарған болатын. Құрастырушылар кішігірім ұялы телефонға қосымша мүмкіндіктер мен опциялар қосуды жоспарлаған.

Дайындаған: Ардақ Құлтай

http://massaget.kz

Бөлісу: