Маман кеңесі: Безеу мен әжімді кетіру жолдары

13 Қыркүйек 2013, 05:04

Ине терапиясы арқылы беттегі безеу мен әжімді қалай кетіруге болады? Ал, беттегі қара дақтарды қалай тазартамыз? Ол жайлы Сіздерге Жоғары дәрежелі дәрігер, косметолог, инетерапевт Әлия Әлиханқызының кеңестерін ұсындық.   Әжімді кетіру Бетке ерте әжім түсу – бет бұлшық еттерінің босауының нәтижесі. Сондықтан ине емін қаншалықты ерте қабылдасаңыз әжім түсуден соншалықты ерте сақтануыңызға болады. Әжімді жоғалту үшін бұлшық ет тарамыстарының орналасуы бойынша беттегі нүктелерге қойылған ине бет терісіндегі 12 жұп меридиянын (қуат каналы) ашып, бет терісі астындағы қызметін жойған клеткаларды тітіркендіріп, олардың қуатын қалпына келтіреді. мимикалық бұлшық еттердің жиырылу, босау қабілетін арттырады. Егер терепияны қабылдаушылар тұрақты түрде белгіленген мезрізмде үзбей ем қабылдаса беттегі әжімдер жоғалады, мұрын сызығы таяздайды. Иек астындағы май тартылады. Көз астындағы терінің ісініп қалталануы кетеді. Сонымен қатар қартайған, бұшық ет клеткаларын жақсартады Қара дақты(пигментация) емдеу Бетте дақ пайда болу ішкі организімдегі қан айналыстың бұзылуынан болғандықтан инені денедегі қажетті нүктелерге қою арқылы меридияндық каналдарды ашып, ағзалардың қызмет қуатын қалпына келтіріп, денедегі қан айналысты жақсартып, сол арқылы дақты ыдыратамыз. бұл ішкі азғзалық ем. Сонымен қатар бұған даққа жағылатын шөптен жасалған арнаулы емдік майлар арқылы дақтың түсін біртіндеп өзгертеміз әрі ине терепиясы арқылы беттегі қан айналысты тездетіп, бет терісінің иммунитеттік қуатын артырамыз. Осы үш жақты ем кешенді түрде қатар жүргізілгенде беттегі дақ тез кетеді. Алайда бетінде қара дағы бар ханымдарға ерекше ескертеріміз дақты кетіру үшін ағартатын кремдерді көп жаға бермеңіз. Себебі мұндай кремдер терідегі су құрамын сіміріп алады әрі беттегі тесіктерді бекітіп тастайды. Нәтижеде ауа алмасу қиындап, қан айналыс тежелетіндіктен дақтардың саны тіпті де арта түседі. Егер дер кезінде қажетті емдік шаралар қолданылмаса бұл асқынып, оңайлықпен кетпейтін даққа айналады. Беттегі қара дақтың пайда болуы созылмалы болғандықтан оны емдеу уақыты да 3-4 айға созылуы мүмкін. Безеу кетіру Безеу – бетте майдың шамадан тыс көп болуынан пайда болады. Майлы бет бет кенесі мен микробтардың өсіп-өнуі үшін өте қолайлы орта. Егер бетіңіз микробтанып бет кенесінің саны артса беттегі түтіктер тосылып қалады, нәтижеде ауа алмасу тежеліп, беттің иммунитеттік қуаты төмендейді. Бұл бет терісінің түрлі ауруларына алып келеді. Беттің түтіктері (поралары) кеңейеді, бет қызарады, қышиды бөртіп безеу шығады. Кей адамдарда бұл май мен дымқылдықтың тең болмауының әсерінен де болады.  Baq.kz  

Ине терапиясы арқылы беттегі безеу мен әжімді қалай кетіруге болады? Ал, беттегі қара дақтарды қалай тазартамыз? Ол жайлы Сіздерге Жоғары дәрежелі дәрігер, косметолог, инетерапевт Әлия Әлиханқызының кеңестерін ұсындық. 

 Әжімді кетіру
Бетке ерте әжім түсу – бет бұлшық еттерінің босауының нәтижесі. Сондықтан ине емін қаншалықты ерте қабылдасаңыз әжім түсуден соншалықты ерте сақтануыңызға болады. Әжімді жоғалту үшін бұлшық ет тарамыстарының орналасуы бойынша беттегі нүктелерге қойылған ине бет терісіндегі 12 жұп меридиянын (қуат каналы) ашып, бет терісі астындағы қызметін жойған клеткаларды тітіркендіріп, олардың қуатын қалпына келтіреді. мимикалық бұлшық еттердің жиырылу, босау қабілетін арттырады. Егер терепияны қабылдаушылар тұрақты түрде белгіленген мезрізмде үзбей ем қабылдаса беттегі әжімдер жоғалады, мұрын сызығы таяздайды. Иек астындағы май тартылады. Көз астындағы терінің ісініп қалталануы кетеді. Сонымен қатар қартайған, бұшық ет клеткаларын жақсартады
Қара дақты(пигментация) емдеу
Бетте дақ пайда болу ішкі организімдегі қан айналыстың бұзылуынан болғандықтан инені денедегі қажетті нүктелерге қою арқылы меридияндық каналдарды ашып, ағзалардың қызмет қуатын қалпына келтіріп, денедегі қан айналысты жақсартып, сол арқылы дақты ыдыратамыз. бұл ішкі азғзалық ем. Сонымен қатар бұған даққа жағылатын шөптен жасалған арнаулы емдік майлар арқылы дақтың түсін біртіндеп өзгертеміз әрі ине терепиясы арқылы беттегі қан айналысты тездетіп, бет терісінің иммунитеттік қуатын артырамыз. Осы үш жақты ем кешенді түрде қатар жүргізілгенде беттегі дақ тез кетеді.
Алайда бетінде қара дағы бар ханымдарға ерекше ескертеріміз дақты кетіру үшін ағартатын кремдерді көп жаға бермеңіз. Себебі мұндай кремдер терідегі су құрамын сіміріп алады әрі беттегі тесіктерді бекітіп тастайды. Нәтижеде ауа алмасу қиындап, қан айналыс тежелетіндіктен дақтардың саны тіпті де арта түседі. Егер дер кезінде қажетті емдік шаралар қолданылмаса бұл асқынып, оңайлықпен кетпейтін даққа айналады. Беттегі қара дақтың пайда болуы созылмалы болғандықтан оны емдеу уақыты да 3-4 айға созылуы мүмкін.

Безеу кетіру
Безеу – бетте майдың шамадан тыс көп болуынан пайда болады. Майлы бет бет кенесі мен микробтардың өсіп-өнуі үшін өте қолайлы орта. Егер бетіңіз микробтанып бет кенесінің саны артса беттегі түтіктер тосылып қалады, нәтижеде ауа алмасу тежеліп, беттің иммунитеттік қуаты төмендейді. Бұл бет терісінің түрлі ауруларына алып келеді. Беттің түтіктері (поралары) кеңейеді, бет қызарады, қышиды бөртіп безеу шығады. Кей адамдарда бұл май мен дымқылдықтың тең болмауының әсерінен де болады.

 Baq.kz

 

Бөлісу: