Этнографиялық очерктер

13 Қыркүйек 2013, 04:57

Этнография (гректің etoz- тайпа, халық, gгарһо - жазамын)- қоғамдық ғылымның тайпалар мен халықтарды зерттейтін бір саласы. Этнография қазіргі халықтарды және ертеде өмір сүрген көне этностық топтардың шығу тегін, ру-тайпалық құрамын, қонысын, олардың өзіндік ерекшеліктері мен бәріне бірдей ортақ жайларды, тарихи және мәдени қарым-қатынастарын, күнделікті тұрмысын, кәсібін, қоғамдық және мәдени қарым-қатынастарын, рухани мәдениетін жан-жақты зерттейтіп ғылым саласы. Ал, этнографиялық очерктер - белгілі бір халықтардың материалдық, қоғамдық, рухани мәдениетінің өзгешеліктері мен солардың шығу тегін егжей-тегжейлі көркем тілмен жазатын шағын прозаның бір түрі. Этнографиялық очерктер халық өмірін тікелей бақылаудың нәтижесінде көзбен көріп, қолмеп ұстап, сан алуан деректер жинап барып, өткен өмір мағұлматтарын қазіргі деректермен салыстырыла отырып жазылады. Әр халықтың тұрмысы мен мәдени дамуының тарихи процесінде бақыланган негіздерге сүйенген жағдайда ғана толыққанды этнографиялық очерктер жазылады. Этнографиялық очерктерге тән төмендегідей ерекшеліктерді атауга болады: қазақ өмірі мен тіршілігіндегі, мәдениеті мен өнері, тұрмыс-салты, әдеті мен ішетін асы, қолөнері барлыгы келіп этнографияны құраса, этнографиялық очерктер осы туралы көркем тілмен айтуды мақсат етеді; қазақтың болмыс-бітіміне, қадір-қасиетіне ауадай қажетті осы таным мен сенімдерді жазып, зерттеп қоюмен ғана шектелмей, келешекке аманат етіп тастау; қазақ халқының материалдық, қоғамдық, рухани мәдениетінің өзгешеліктерін, солардың шығуын зерттеп, зерделеп, келешекке аманат етіп, аман сақтап қалу міндеті де осы очерктер үлесінде көрініс табады. Ұлттық салт-сана мен дәстүрді анықтайтын факторлар туралы С.Қалиев: "Әр ұлттың өзіне тән тіршілік кәсібі, тарихы мен мәдениеті бар. Ол мәдениет сөйлеу тілінен, ойлау жүйесінен айқын көрініс табады. Сондай-ақ, ұлттық мәдени ерекшелік сол халықтың өмір сүру тәсілінен, діни наным-сенімінен, әдет-ғұрпынан, салт-санасы мен дәстүрінен өзекті орын алады" [71,53-6],-дейді. этнографиялық очерктерде ұлттық салт-дәстүрлер, ұлттық өнер түрлері, ұлттық ойындар мен спорттың түрлері, ұлттық тағам түрлері, ұлттық мерекелер, тарихи ескерткіштер т.б. туралы кеңінен жазылады. Бұл очерктерде нақтылы этнографиялық деректерді молынан пайдалана отырып, публицистикалық корксм тілмен жазылса ғана оқушы зердесінде қалады. Дереккөз: Меңдігүл Шындалиева «Публцистика жанрлары мен пішіндері» Астана,2012.

Этнография (гректің etoz- тайпа, халық, gгарһо - жазамын)- қоғамдық ғылымның тайпалар мен халықтарды зерттейтін бір саласы. Этнография қазіргі халықтарды және ертеде өмір сүрген көне этностық топтардың шығу тегін, ру-тайпалық құрамын, қонысын, олардың өзіндік ерекшеліктері мен бәріне бірдей ортақ жайларды, тарихи және мәдени қарым-қатынастарын, күнделікті тұрмысын, кәсібін, қоғамдық және мәдени қарым-қатынастарын, рухани мәдениетін жан-жақты зерттейтіп ғылым саласы. Ал, этнографиялық очерктер - белгілі бір халықтардың материалдық, қоғамдық, рухани мәдениетінің өзгешеліктері мен солардың шығу тегін егжей-тегжейлі көркем тілмен жазатын шағын прозаның бір түрі. Этнографиялық очерктер халық өмірін тікелей бақылаудың нәтижесінде көзбен көріп, қолмеп ұстап, сан алуан деректер жинап барып, өткен өмір мағұлматтарын қазіргі деректермен салыстырыла отырып жазылады. Әр халықтың тұрмысы мен мәдени дамуының тарихи процесінде бақыланган негіздерге сүйенген жағдайда ғана толыққанды этнографиялық очерктер жазылады. Этнографиялық очерктерге тән төмендегідей ерекшеліктерді атауга болады:

этнографиялық очерктерде ұлттық салт-дәстүрлер, ұлттық өнер түрлері, ұлттық ойындар мен спорттың түрлері, ұлттық тағам түрлері, ұлттық мерекелер, тарихи ескерткіштер т.б. туралы кеңінен жазылады. Бұл очерктерде нақтылы этнографиялық деректерді молынан пайдалана отырып, публицистикалық корксм тілмен жазылса ғана оқушы зердесінде қалады.

Дереккөз: Меңдігүл Шындалиева

«Публцистика жанрлары мен пішіндері» Астана,2012.

Бөлісу: