13 Қыркүйек 2013, 04:55
Саяхат туралы әңгімелер - әдебиеттің ең көне формасы. Ол адамның көзі көретін көкжиегін кеңейту, тәжірибе жинақтау, адамзаттың қысқа өмірінде көре алатын барлық нәрселерін білуге деген құштарлығын қанағаттандырады.
Жол-сапар очерктерінде кәбінде алыстағы елдерді, олардың тұрғындарын, сол жердің табиғатының әсемдігін, саяхаттың ерекшелігі мен кездейсоқтықтар және тағы басқа саяхатшының көрген-білгенін, қандай да болмасын қаламмен суреттеу барлык жастағы оқырман үшін қызықтылығын жоймайды. Оқырмандардьщ әрбір буыны ұлы саяхатшылардың қолжазбаларын - Марко Поло, Магеллан, Ч.Дарвин, Аф.Никитин т.б. жазғандарын оқумен әуестенген. Кәсіби жазушылардың саяхат туралы жазбаларын да оқырмандар қызығушылықпен оқи отырып, әлемдегі адам аяғы баспаған жерлер жайлы энциклопедиялар мен арнайы басылымдардан мәлімет табылмайтын әлемнің бірде-бір бұрышы қалмағанын ұмытпау керек. Саяхат - қызығушылықтың әр түрлілігімен, әдеби талғамның әр түрлі дәрежеде екендігіне қарамастан барлық оқырмандарды біріктіретін әдебиет түрі. Н.Г.Чернышевский: «Саяхат-жартылай роман, жартылай анекдоттар жинагы, жартылай тарих, саясат, табиғаттану болғандығын, оқырман кітаптан тапқысы келетін барлық мәліметті ала алады»,- деп бағалайды.
Бірақ мұнда біз оқырмандар арасында танымал географиялық әдебиет жайлы емес, тек оның ерекше бір бөлігі-замандастарымыздың жол-сапар очерктері жайында әңгіме қозғамақпыз. Тақырыбына, танымдық материалдардың көлеміне байланысты жол-сапар очерктері географиялық әдебиеттерге жатуы мүмкін. Бірақ мұнда көркем очерк, ең алдымен, әзінің көркемдік міндетін орындайды. Саяхатты баяндауда автордың тірі тұлғасы көрінетіндігі - заңды құбылыс. Жол-сапар очеркі - жазушының тұлғасын, оның дүниетанымын, өз дәуірінің қоғамдық мәселесіне көзқарасын көрсететін қасиеттер тән әдебиет формасы.
Әдеби процесс жоспарга бағынбайтын және бір калыпты, жүйелі түрде жүреді. Қазақ әдебиетіндегі жол-сапар очерктері XIX ғасырда пайда болғандығын ескерсек, XX ғасырдың 60-70 жылдары ол туралы үздік кітаптар жарық керіп, газеттер мен журналдарда жол-сапар очерктерін өндіріп басып, оқырмандар қызығушылығын тудырған жанрлар сапында тұрған. Ал, жол-сапар очеркіндегі лирикалық леп қазіргі әдебиеттегі гуманизация тенденциясымен тікелей байланысты, бұл туралы академик Д.Лихачев пен жазушы Н.Атар иланатын пікірлер айтқан.
Дереккөз: Меңдігүл Шындалиева
«Публцистика жанрлары мен пішіндері» Астана,2012.