13 Қыркүйек 2013, 04:48
Очерк - негізінен әдебиет пен журналистиканың қоғамдагы көкейкесті, өткір мәселелерін қозғайтын жанр. Очерктің мақсатының өзі - нақтылы саяси, экономикалық, әлеуметтік, философиялық мәселелерді көтере отырып, өз кезеңіндегі қоғамға ықпал етуге талпынады. Очерк түрлерінің әр қилы мақсатқа орай өзіндік стилі бола отырып, сендіру, ұйымдастыру, иландыру тәсілдерін де пайдаланады.
Көркем очерк жанрының негізгі түрлерінің бірі - лирика-философиялық үлгісінің қозғайтын мәселесі - замана тынысы, көзқарас қайшылығы, өзекжарды мәселелерді арқау етеді. Сонымен қатар, лирика-философиялық очерктерде автордың көңіл-күйі, сезім әсері байқалып, ойшылдық сарыны басым келеді. Бұл көркем очерк түріңде лирикалық кейіпкерлердің тебіреніс-толғаныстарына сәйкес очеркші ой-тұжырымдарға елеулі орын беріп, баяндалатын оқиға немесе құбылыс жайында өзінің дүниетанымы, қоғамдық өмірге, болған жайға көзқарасы тұрғысынан баяндайды. Лирика-философиялық көркем очерктерде өмір көріністері лирикалық кейіпкер көзімен суреттеле отырып, көбінде танымдық тұжырымдама, әлем, қоғам заңдылықтары түсіндіріліп, талдауға ұмтылыс жасалады. Лирика-философиялық көркем очерктерде адамдардың әртүрлі қарым-қатынасы, өзі өмір сүрген қоғамдағы қайшылықты жағдайлар, саяси-әлеуметтік өзгерістер бір-бірімен астасып, жалғаса келе, оқиға желісін де құрайды. Бірақ бұл үлкен желілі оқиға, іс-әрекеттер болмаса да тұтас тұлға, көркем бейнені айқын көз алдымызға елестете алады. Лирика-философиялық көркем очерктерде көбінде автордьщ өз бейнесі тұтас тұлға ретінде көрінуі мүмкін. Бұл түста очеркші қоғамдық-эстетикалық, мәдени-тарихи мұраттарды, дәуір тынысын, халық тағдырын қалай түйсінсе, солай суреттейді.
Лирика-философиялық көркем очерктерде көбінде қаһарман -автордың өзі болғандықтан, баяндалып келе жатқан оқиға, не құбылыс жайлы әңгімесін кілт тоқтатып, өзі жайлы, не басқа бір мәселе төңірегінде де айтып бере кетуге бел буатын тұстар кездеседі. Қазақ әдебиетіндегі лирика-философиялық көркем очерктер үлгісі толық қалыптасып болмаса да, жекелеген жазушылар шығармаларында осы очерк түрінің поэтикасына тән, көркемдік ерекшеліктері айқын көрініс тапқан туындылар баршылық. Олардың қатарында Саттар Ерубаев, Әбіш Кекілбай, Оралхан Бөкейдің очерктік туындыларын атауға болады.
Кез келген очеркші қогамның, өмір сүріп отырған адамдардың рухани өсіп, өркендеп, өзгеруіне кайткенде де нақтылы пайда келтіруді көздейтіні сөзсіз. Очерк жанрының өзі қоғамдық-әлеуметтік қажеттіліктерден туындағанын ескерсек, кез келген очеркші шындықты жазуға ұмтыльш, уақыттың рухына сайма-сай мәселелерді көтеретіні де сөзсіз.
Лирика-философиялық көркем очерктер өткен шақтың да, осы шақтың да шындығынан құралатын, жазушының нәзік көңіл-күйімен, сезім әсерлерінен тұратын, танымдық концепцияларды, әлем, қоғам, адам заңдылықтарын түсіндіруге ұмтылыс жасайтын, әлі жеткілікті дәрежеде қалыптасып үлгермеген көркем очерк түрлерінің бірі, бірақ оның поэтикасына тән ерекшеліктер бірқатар жазушылар көркем очерктерінде орын алғанын аңғардық.
Дереккөз: Меңдігүл Шындалиева
«Публцистика жанрлары мен пішіндері» Астана,2012.