13 Қыркүйек 2013, 04:43
Жергілікті вибрацияның әсерінен пайда болған, вибрациялық ауруды 4 кезеңге бөледі. І-кезеңінде, қол саусақтарындағы ауыспалы ауырсынулар, парестезиялар, жансызданулар болады. ІІ-кезеңде, ауырсыну және парестезия сезімдері айқын және тұрақты болады, тамырлар тонусындағы өзгерістер анықталынады, нақты сезімталдықтардың бұзылыстары болады. Вегетативті дисфункция және астения көріністері дамиды. ІІІ-кезеңінде вазомоторлы және трофикалық бұзылыстар айқын болады, ауырсыну ұстамалары, жансыздану және парестезиялар, айқын вазоспазм- саусақтардың ағаруы, аралас бұзылыстар сезімі пайда болады. Вибрациялық сезімталдықтың толығымен жойылуы тән, сіңір рефлекстерінің тежелуі немесе жойылуы тән, артериялды қысымның жоғарлауымен вегетативті дистония, гипергидроз пайда болады. Асқазан ішек жолдарының бұзылыстары анықталынады, рентгенде сүйек және буындардағы өзгерістер анықталынады. ІҮ-кезеңінде, жергілікті органикалық зақымдангулар, мысалы, энцефаломиелопатия дамиды(сирек кездеседі). Айқын трофикалық және сезімталдықтың бұзылыстары болады. Нерв бағаны бойындағы және саусақтардағы, буындардағы ауырсыну синдромдары тұрақты сипатта болады. Ангиодистониялық криздер қолдың шеткі тамырларын ғана емес, сонымен қатар коронарлы және ми тамырларының аймақтарында қамтиды.
Вибротығыздықтағы бетонмен жұмыс істейтін адамдарда, вибрацияның жергілікті және жалпы әсерлерінен пайда болған, вибрациялық ауру дамиды. Ангиополиневропатия синдромының осы түрі невростения синдромының дамуымен қатар жүріп, гиперстениялық түрін құрайды, ал астения тежелу процестерінің күрт әдсіреуімен жүреді. Шағымдарының ішінде, басының ауырсынуы, бас айналу, сезімталдықтың жоғарлауы, тітіркендіргіштік, аяқтарының сыздап ауырсынуы, жансыздануы, парестезиялары басым болады. Соңғы кезеңдерінде басының аурулары тұрақты және вегетативті криздер(өзін нашар сезіну, тахикардия, ауаның жетіспеушілігі, қоқыныш, терморегуляцияның бұзылыстары) қосылады. Неврологиялық симптомдарға есте сақтау қабілетінің төмендеуі, жылауықтық, ұйқысының бұзылуы жатады. Сирек табан саусақтарының бозаруымен, диффузды тер бөлінулер байқалады. Аяқтарда ангиополиневропатиялық симптомдар басымырақ анықталынады: вибрациялық сезімталдықтың бұзылыстары, парестезиялар және т.б. анықталынады. сіңір рефлекстерінің басында кідіруі, соңынан тежелуі дамиды, трофикалық бұзылыстар (табан саусақтарындағы терінің жұқаруы, бұлшық еттердің гипотрофиясы), қан өысымының шамалы жоғарлауы, оның ассиметриясы, ЭКГ өзгерістер болады. ЭЭГ эпилептиформды белсенділік ошақтары анықталынады.айқындылық деңгейлеріне байланысты, кезеңдерге бөледі, ол еңбек ету қабілетінің сараптамасында маңызды.
Жалпы вибрацияның әсерлерінен пайда болған вибрациялық ауру – вестибулопатия (жүйелі емес бастың айналуы) мен бас ауруларымен көрінеді. Естудің және көрудің өзгерістері, бағаналық және жұлындық симптомдар, асқазан-ішек дискинезиясы, іштегі ауырсынулар, арқада көбінесе, бел-сегізкөз аймақтарындағы түбірлік ауырсынулар байқалынады.
Диагностикасы және салыстырмалы диагнозы. Диагнозды қояр алдында ең алдымен кәсіптік анамнезіне, жұмыс орнының санитарлық гигиеналық жағдайына көңіл аударады. Науқасты қазіргі кездегі клиникалық-фармакологиялық әдістермен тексеру керек. Комплексті тексерулердің ерекшеліктері аурудың бастапқы ерте клиникалық көріністерін анықтауда және ағзаның қызметінің мүмкіндіктерін анықтауда маңызды. Қараған кезде қолдың, аяқтың тері жабындыларының түсіне көңіл аударады, терінің температурасын өлшейді; әсресе сезімталдықты тексеруге аса көңіл аударады (вибрациялық, ауырсыну). Сонымен қатар, сүйек-буын, бұлшық ет және жүрек тамыр жүйесіде тексеріледі. Суық сынамаларын, капилляроскопияны, термометрияны, электроэнцефалографияны, электротопометрияны, поликардиографияны қолданады, жүрек тамыр жүйесін тексереді.
Вибрациялық ауруды басқа себептен пайда болған аурулардан ажырату керек (Рейно ауруы, сирингомиелия, вегетативті полиневрит, миозит және т.б).
Тербеліс ауруының емі. Себебі мен патогенезіндегі факторларды ескере отырып, емді ерте бастау керек. өзін өзі күту, көп физикалық күш түсірмеу, ағзаға вибрацияның әсерін уақытша немесе тұрақты шектеу этиологиялық принциптерді құрайды. Патогенездік ем комплексті болу керек, онда дәрілік және физио емді қолдану керек. Дәрілік заттардың ішінде ганглиблокаторлы заттарды аз мөлшердегі холинолитиктермен және тамырды кеңейтетін препараттармен бірге қолданған нәтижелі. 3-4 күндік үзіліспен, 2-3 курстық емммен, күнара 10 мл 1% бұлшық етке спазмолитинді қолданады. Спазмолитинді бұлшық етке 0,5% 3-10 мл новокаин ертіндісімен кезектестіріп отырады. Амизилді 0,001 г таблетка түрінде тағайындайды. Метамизилді ұнтақ түрінде береді 0,001 г тамақтан соң 10-15 күн бойы. Цинаризин және белласпонмен қосып никотин қышқылын беру жақсы нәтиже көрсеткен. Вегетативті параксизмдер кезінде пирроксанды қолданады. Витаминдік ем көрсетілген.
Физиоем ішінде дәрілік препараттармен (5% новокаин ертіндісі немесе 2% бензогексонидің сулы ертіндісі)қол саусаұтарымен табанға электрофарезді қолданады. Тоқтың күші 10-15 Ма, процедураның ұзақтығы 10-15 минут.
Полиневриттік синдромдар кезінде жоғарғы жиіліктегі электротерапияны қолдану нәтижелі. Сонымен қатар инемен рефлексті ем қолданады.