«Болашақ» бағдарламасының шарттары жеңілдетілді

13 Қыркүйек 2013, 03:01

ҚР Білім және ғылым министрлігі жергілікті жерлерде құжаттар қабылдай отырып, барлық облыс орталықтарында, Қазақстанның моноқалаларында құжаттар қабылдау ережесін түсіндіру бойынша кең ауқымды ақпараттық кампания өткізеді.  Мекеме кадрларды шетелде даярлаудың бағдарламалық-мақсаттық әдісі бойынша іске асырады. Оның маңызы мынада – «Болашақ» бағдарламасының барлық стипендиаттары жұмыс орнын сақтай отырып, білімін шетелдерде жетілдіріп қайтады. «Болашақ» стипендиясын тағайындау конкурсына қатысуға қолжетімділікті кеңейту мақсатында электронды мемлекеттік қызмет енгізілген. Қазақстан азаматтары конкурсқа қатысу үшін құжаттарын Қазақстанның кез келген жерінен Электронды Үкімет порталы арқылы тапсыра алады. Сонымен қатар кепіл мүлкіне қойылатын талаптар да алынып тасталды, кепілгерлік өлшемдері нақты бекітілді. Бұл шаралар ауыл тұрғындары үшін қолжетімділікті айтарлықтай кеңейтуге мүмкіндік берді. Өңірлерден үміткерлердің қатысуы 2011 жылы - 39% және 2012 жылы 47% өсті. Құжаттарды қабылдау 2013 жылғы 18 ақпаннан бастап 1 қазанға дейін магистратура, докторантура, ғылыми, педагогикалық, медициналық және инженерлік-техникалық тағылымдамалар бағдарламалары бойынша жүзеге асырылады. Конкурсқа шетелдік жоғары оқу орнына өз бетімен түскендер, мемлекеттік қызметшілер, ғылыми-педагог қызметкерлер, өңірлердегі жоғары оқу орындарының ағымдағы жылғы түлектері, медицина және инженерлік-техникалық қызметкерлер қатыса алады. Магистратураға үміткерлер үшін шетелде 18 айға дейін 6 айлық тілдік курстар өткізіледі. Сонымен қатар, стипендия алуға барлық кандидаттардың жасына шектеу қойылмайды. Үміткерлерді іріктеу шет тілдерін және мемлекеттік тілді білу, психологиялық даярлық, интеллектуалдық және кәсіби даярлық деңгейін анықтау арқылы конкурстық негізде жүргізіледі. Ғабит ҚАРАБАЙ Baq.kz

ҚР Білім және ғылым министрлігі жергілікті жерлерде құжаттар қабылдай отырып, барлық облыс орталықтарында, Қазақстанның моноқалаларында құжаттар қабылдау ережесін түсіндіру бойынша кең ауқымды ақпараттық кампания өткізеді. 

Мекеме кадрларды шетелде даярлаудың бағдарламалық-мақсаттық әдісі бойынша іске асырады. Оның маңызы мынада – «Болашақ» бағдарламасының барлық стипендиаттары жұмыс орнын сақтай отырып, білімін шетелдерде жетілдіріп қайтады.

«Болашақ» стипендиясын тағайындау конкурсына қатысуға қолжетімділікті кеңейту мақсатында электронды мемлекеттік қызмет енгізілген. Қазақстан азаматтары конкурсқа қатысу үшін құжаттарын Қазақстанның кез келген жерінен Электронды Үкімет порталы арқылы тапсыра алады.

Сонымен қатар кепіл мүлкіне қойылатын талаптар да алынып тасталды, кепілгерлік өлшемдері нақты бекітілді. Бұл шаралар ауыл тұрғындары үшін қолжетімділікті айтарлықтай кеңейтуге мүмкіндік берді. Өңірлерден үміткерлердің қатысуы 2011 жылы - 39% және 2012 жылы 47% өсті.

Құжаттарды қабылдау 2013 жылғы 18 ақпаннан бастап 1 қазанға дейін магистратура, докторантура, ғылыми, педагогикалық, медициналық және инженерлік-техникалық тағылымдамалар бағдарламалары бойынша жүзеге асырылады.

Конкурсқа шетелдік жоғары оқу орнына өз бетімен түскендер, мемлекеттік қызметшілер, ғылыми-педагог қызметкерлер, өңірлердегі жоғары оқу орындарының ағымдағы жылғы түлектері, медицина және инженерлік-техникалық қызметкерлер қатыса алады. Магистратураға үміткерлер үшін шетелде 18 айға дейін 6 айлық тілдік курстар өткізіледі.

Сонымен қатар, стипендия алуға барлық кандидаттардың жасына шектеу қойылмайды. Үміткерлерді іріктеу шет тілдерін және мемлекеттік тілді білу, психологиялық даярлық, интеллектуалдық және кәсіби даярлық деңгейін анықтау арқылы конкурстық негізде жүргізіледі.

Ғабит ҚАРАБАЙ
Baq.kz
Бөлісу: