ХІХ-ХХ ғасырдағы қазақтың мерзімді баспасөзінде суреттеме деген атқа ие болган жанр қалыптасты. Бұл сөздің терминологиялық мағынасы «сурет», «сурет салу» дегенді білдіреді. Суреттеме - бұл адам портретінің, оқиғаның, өмірдегі құбылыстардың әдеби-көркем құралдармен суреттелуі. Суреттеме жанры қазақ және кеңес журналистикасында кездеседі. Суреттеме жанрдың ізашары болып табылған. Суреттеме жанрлардың кіші пішіні ретінде танылған. Ол нақты және өз мағынасы жағынан салыстырмалы түрде жергілікті оқиғаға арналады: өндірістік, не мәдени объектінің іске қосылуы, цех, не бригаданың еңбек күні, оқу жылының басталуы, оқушылар мен студенттердің еңбек жазының жұмыс күндері, спорттық сайыстар, туристердің слеті және т.б. тақырыптарды қамтуы мүмкін. Қазақ баспасөзінде суреттеме ең ұнамды жанр болған. Жанр эталоны болып табылатын суреттемелер Ғабит Мүсірепов, Ғабиден Мүстафин, Қапан Сатыбалдин, Зейін Шашкиннің шығармаларында кездеседі.
Суреттеме - бұл көркем-публицистикалық және репортаждық тәсілдер үйлесетін аралық жанр. Публицистикашылдық, бейнелілік, әдеби-стильді тәсілдердің байлығы суреттемені очеркке ұқсатып, суреттемені очерктің кіші формасы ретінде қарастыруға мүмкіндік береді. Суреттеме жанрьш зерттеушісі, профессор В.П.Владимирцев газет жолдарында кездесетін суреттеменің алуан түрлерін былай бөледі:
Портреттік суреттеме.
Оқиғалық немесе репортаждық суреттеме.
Табиғат суреттемесі.
Осы тұста біздің ойымызша, суреттеме түрлерінің бірнешеуін атап көрсетуге болады. Соның ішінде:
Табиғат туралы этюдтер.
Портреттік суреттемелер.
Публицистикалық суреттемелер.
Табиғат туралы этюдтар дегеніміз - ландшафттарды, табиғи объектілерді, табиғаттағы кез келген құбылыстарды сипаттау. Табиғат туралы этюдтар әдетте пейзаждық сипаттаудың ықшамды түрін және суреттеліп отырған құбылыс, не оқиғаға автордың қатынасын көрсетеді. Табиғат туралы этюдтар жарық лиризмге боялып, нақты және шағын сипаттауға ие болады. Табиғат туралы этюд жазудың шебері, орыс жазушысы Михаил Пришвин шығармашылығындағы «Незабудки», «Фацелия» кітаптарына кірген қойын дәптер мен күнделіктен алынған заттың суреттемелері нақтылығымен, ықшамдылығымен құнды және терең философиялық идеяларьшен таң қалдырады.
Суреттемеде публицист алдындағы мақсат көбінде мэселенің басын ашатын өмірдің көріністеріне көңіл аударуды талап етеді. Журналист суретші секілді белгілі бір нүктені тауып алып суреттейді, егерде жазушы дұрыс бағытта жүріп, шығармашылық қиялы бай болса, ол өмір шындығын білуге, құбылыстарға әлеуметтік мағына беруге қол жеткізеді. Бірақ, мұнда да тақырыптың тың, өзекті болуы бірінші орында, ал олай болмаған жағдайда, сурет өзінің танымдық, тәрбиелік мәнін жоғалтады. Публицистің өмірге қаншалықты бейім екендігін осыдан байқауға болады.
Дереккөз: Меңдігүл Шындалиева
«Публицистика жанрлары мен пішіндері» Астана,2012.

-