Шаңды бронхиттің кезеңдері

12 Қыркүйек 2013, 11:14

         1 кезең – бронхтардың қарапайым шаңды катары, тітіркену бронхиті немесе аз айқындылықтағы тұрақсыз бронхит. Шағымдары: аз мөлшерде шырышты немесе шырышты-іріңді қақырығы бар кезеңді түрде күшейетін  құрғақ жөтел, тамағының жыбырлауы, аз мөлшердегі күш түскен кездердегі ентігу. Науқастар өздерін жақсы сезінеді. Аурудың өршуі жылына 1-2 рет қайталанады.          Аускультативті: қатқыл тыныс, тұрақсыз құрғақ сырылдар. Перкуторлы – төменгі бөліктеріндегі қораптық, айқын өкпелік дыбыс. Сыртқы тыныс қызметтерінде айтарлықтай өзгерістер болмайды. Аурудың басында айтарлықтай өзгерістер болмайды және жұмыс қабілеті сақталынады.          2 кезең – шамалы айқындықтағы бронхитте бронхоспазм көріністері мен бронх ағашына инфекциялар қосылады. Жөтел ұстама түріндегі сипатта күшейе түседі, кеуде қуысында ауырсыну және ентігу үдей түседі. Қарағанда: диффузды сипаттағы эмфизема күшейеді. Фиброз және бронхэктаз түріндегі сүлелі процестердің дамуымен баналды инфекция қосылады. Перкуторлы қораптық дыбыс, аускультацияда қатқыл тыныс, жайылмалы, құрғақ, ысқырықты сырылдар. Сыртқы тынысты тексеру кезінде бронх өтімділігінің бұзылу белгілері, ТЖ І-ІІ дәрежесі. Рентгендегі өзгерістері: өкпе суретінің деформациясы мен өкпе алаңының мөлдірлігінің жоғарлауы, диффузды перибронхиалды пневмосклероз. Бронэктазға күдіктенген кезде бронхографияны жүргізеді. Бронхит өкпелік жүрекпен асқынған кезде өкпе артериясының конусы білеуленеді.          3 кезең —  сүлелі бронхиттің ауыр түрі асқынулармен. Науқастарда обструкциялық көріністермен жұқпалы қабынбалы процесс белгілері, айқын өкпе эмфиземасы, бронхтық пневмосклероздың қалыптасуы анықталынады. ағымында жиі асқынулар және тұрақсыз ремиссиялар болады.ең бастысы тұрақты және өршімелі өкпелік жүректің жетіспеушілігімен сипатталады.          Шаңды бронхит диагнозын қоюға мүмкіндік беретін негізгі критерилерге, келесі белгілер жатады: 1) жоғарғы деңгейдегі шаң жағдайында кем дегенде 5-10 жыл жұмыс істеу; 2) аурудың клиникасы – бастапқы кезеңінің ұзақ латентімен біріншілік сүлелі ағым; ерте және жиі демікпелік синдромның қосылуы, диффузды обструктивті өкпе эмфиземасы; қабынбалы өзгерістердің аз байқалуы, эндоскопиялық симптомдардың ерекшеліктері. Еңбек ету қабілетінің сараптамасы. Шаңды бронхиттері бар науқастардағы еңбек ету қабілеті процестің кезеңіне, аурудың ағымына, өкпе және жүрек жетіспеушілігінің айқындылық деңгейіне, сонымен қатар аурудуың мамандығына, оның квалификациясына, біліміне, жасына, еңбек жағдайларының санитарлық-гигиеналық сипатына байланысты. Еңбек ету қабілетін тұрақты төмендету кезінде клиникалық диагнозымен қатар   аурудың жасын, квалификациясын, еңбек жағдайын ескере отырып аурудың болжамының маңызы зор.          Шаңды бронхиттің бірінші кезеңіндегі еңбек ету қабілетін анықтау кезіндегі науқастың жағдайы тыныс қызметінің бұзылыстарына әкелмейді, сондықтан жұмысшылар динамикалық  бақылау және профилактикалық ем алып,  жұмыстарын жалғастыра береді. Аурудың өршу кездерінде басқа жұмысқа ауыстырылады. Демікпелік синдромның пайда болуы, өкпенің жетіспеушіліктерінің дамуы процестің өршуі кезіндегі жиі асқынуларға жатады. Демікпелік синдромның дамуы жұмысты жалғастыруға   болмайтын тура қарсы көрсеткіш болып табылады. Кейбір жағдайларда жоғары маманданған стажы үлкен адамдарға, әсіресе егер «пенсияның алдындағы» кезеңде болса науқастарды шаңдануы аз цехтарға  дәрігердің бақылауымен және емдік сауықтыру шараларын жүргізе отырып, жұмысын жалғастыра беруге рұқсат етіледі. Ал жастарға келетін болсақ, оларды жеке жұмыстарға орналастыру керек және еңбек ету қабілетін жоғалтуына байланысты қайта квалификациядан өтеді немесе жаңа мамандық алған кезде 3 топтың мүгедектігін береді. Өкпелік жетіспеушіліктің 1-2 және 2 деңгейі, демікпелік синдром, жиі асқынулардың болуы(жылына 2-3 рет және оданда көп)орташа ауырлық бронхит кезіндегі кәсіптік мүгедектікті анықтаудың 3 тобының критерилеріне жатады. Бұл науқастар жеңіл жұмыстар ғана атқара алады. Шаңды бронхитпен ауыратын науқастарда еңбек ету қабілетінің сұрақтарын  шешу  кезінде науқастың барлық ауруларын ескеру керек. Қосымша аурулардың болуы жиі сарапшылардың қорытындысын өзгертіп отырады. Айқын морфологиялық өзгерістері  және ауыр функционалдық бұзылыстары бар, бронхиттің ауыр ағымында науқастарға кәсіптік аурулардың себептеріне байланысты  2 топтың немесе 1 топтың  мүгедектігін береді.

         1 кезең – бронхтардың қарапайым шаңды катары, тітіркену бронхиті немесе аз айқындылықтағы тұрақсыз бронхит. Шағымдары: аз мөлшерде шырышты немесе шырышты-іріңді қақырығы бар кезеңді түрде күшейетін  құрғақ жөтел, тамағының жыбырлауы, аз мөлшердегі күш түскен кездердегі ентігу. Науқастар өздерін жақсы сезінеді. Аурудың өршуі жылына 1-2 рет қайталанады.

         Аускультативті: қатқыл тыныс, тұрақсыз құрғақ сырылдар. Перкуторлы – төменгі бөліктеріндегі қораптық, айқын өкпелік дыбыс. Сыртқы тыныс қызметтерінде айтарлықтай өзгерістер болмайды. Аурудың басында айтарлықтай өзгерістер болмайды және жұмыс қабілеті сақталынады.

         2 кезеңшамалы айқындықтағы бронхитте бронхоспазм көріністері мен бронх ағашына инфекциялар қосылады. Жөтел ұстама түріндегі сипатта күшейе түседі, кеуде қуысында ауырсыну және ентігу үдей түседі.

Қарағанда: диффузды сипаттағы эмфизема күшейеді. Фиброз және бронхэктаз түріндегі сүлелі процестердің дамуымен баналды инфекция қосылады. Перкуторлы қораптық дыбыс, аускультацияда қатқыл тыныс, жайылмалы, құрғақ, ысқырықты сырылдар. Сыртқы тынысты тексеру кезінде бронх өтімділігінің бұзылу белгілері, ТЖ І-ІІ дәрежесі.

Рентгендегі өзгерістері: өкпе суретінің деформациясы мен өкпе алаңының мөлдірлігінің жоғарлауы, диффузды перибронхиалды пневмосклероз. Бронэктазға күдіктенген кезде бронхографияны жүргізеді. Бронхит өкпелік жүрекпен асқынған кезде өкпе артериясының конусы білеуленеді.

         3 кезең сүлелі бронхиттің ауыр түрі асқынулармен. Науқастарда обструкциялық көріністермен жұқпалы қабынбалы процесс белгілері, айқын өкпе эмфиземасы, бронхтық пневмосклероздың қалыптасуы анықталынады. ағымында жиі асқынулар және тұрақсыз ремиссиялар болады.ең бастысы тұрақты және өршімелі өкпелік жүректің жетіспеушілігімен сипатталады.

         Шаңды бронхит диагнозын қоюға мүмкіндік беретін негізгі критерилерге, келесі белгілер жатады: 1) жоғарғы деңгейдегі шаң жағдайында кем дегенде 5-10 жыл жұмыс істеу; 2) аурудың клиникасы – бастапқы кезеңінің ұзақ латентімен біріншілік сүлелі ағым; ерте және жиі демікпелік синдромның қосылуы, диффузды обструктивті өкпе эмфиземасы; қабынбалы өзгерістердің аз байқалуы, эндоскопиялық симптомдардың ерекшеліктері.

Еңбек ету қабілетінің сараптамасы. Шаңды бронхиттері бар науқастардағы еңбек ету қабілеті процестің кезеңіне, аурудың ағымына, өкпе және жүрек жетіспеушілігінің айқындылық деңгейіне, сонымен қатар аурудуың мамандығына, оның квалификациясына, біліміне, жасына, еңбек жағдайларының санитарлық-гигиеналық сипатына байланысты. Еңбек ету қабілетін тұрақты төмендету кезінде клиникалық диагнозымен қатар   аурудың жасын, квалификациясын, еңбек жағдайын ескере отырып аурудың болжамының маңызы зор.

         Шаңды бронхиттің бірінші кезеңіндегі еңбек ету қабілетін анықтау кезіндегі науқастың жағдайы тыныс қызметінің бұзылыстарына әкелмейді, сондықтан жұмысшылар динамикалық  бақылау және профилактикалық ем алып,  жұмыстарын жалғастыра береді. Аурудың өршу кездерінде басқа жұмысқа ауыстырылады. Демікпелік синдромның пайда болуы, өкпенің жетіспеушіліктерінің дамуы процестің өршуі кезіндегі жиі асқынуларға жатады. Демікпелік синдромның дамуы жұмысты жалғастыруға   болмайтын тура қарсы көрсеткіш болып табылады.

Кейбір жағдайларда жоғары маманданған стажы үлкен адамдарға, әсіресе егер «пенсияның алдындағы» кезеңде болса науқастарды шаңдануы аз цехтарға  дәрігердің бақылауымен және емдік сауықтыру шараларын жүргізе отырып, жұмысын жалғастыра беруге рұқсат етіледі.

Ал жастарға келетін болсақ, оларды жеке жұмыстарға орналастыру керек және еңбек ету қабілетін жоғалтуына байланысты қайта квалификациядан өтеді немесе жаңа мамандық алған кезде 3 топтың мүгедектігін береді.

Өкпелік жетіспеушіліктің 1-2 және 2 деңгейі, демікпелік синдром, жиі асқынулардың болуы(жылына 2-3 рет және оданда көп)орташа ауырлық бронхит кезіндегі кәсіптік мүгедектікті анықтаудың 3 тобының критерилеріне жатады. Бұл науқастар жеңіл жұмыстар ғана атқара алады.

Шаңды бронхитпен ауыратын науқастарда еңбек ету қабілетінің сұрақтарын  шешу  кезінде науқастың барлық ауруларын ескеру керек. Қосымша аурулардың болуы жиі сарапшылардың қорытындысын өзгертіп отырады. Айқын морфологиялық өзгерістері  және ауыр функционалдық бұзылыстары бар, бронхиттің ауыр ағымында науқастарға кәсіптік аурулардың себептеріне байланысты  2 топтың немесе 1 топтың  мүгедектігін береді.

Бөлісу: