12 Қыркүйек 2013, 10:55
Уильям Томсон (Thomson, william), лорд Кельвин (1824 - 1907) - ағылшын физигi, термодинамиканы қалаушыларының бiрi. 1824 ж. 26 маусым айында Белфастта (Ирландия) дүниеге келдi. Джеймс Томсонның жетекшiлiгiмен бастауыш бiлiм алды. 1834 ж. Томсон Глазго университетiне түседi, одан Кембридж университетiнiң Святой Петр (Питерхаус) колледжiне ауысады. 1845ж. универститеттi тәмамдағаннан кейiн, Париждегi Анри Виктор Реньоның лабораториясында бiрнеше ай жұмыс iстеп тәжiрибе жинайды 1846 ж. Глазго университетiнiң жаратылыстану кафедрасын иеленедi. Физика кафедрасын 53 жыл бойы басқарып, өмiрiнiң соңғы жылдарында университеттiң президентi болады. 22 жасында Томсон Глазго университетiнiң табиғи философия, яғни физика ғылымының профессоры болып тағайындалады. Глазгода Томсон Ұлыбританиядағы алғашқы физикалық лабораторияны ашты. Томсонның тәжiрибелерi жылудың динамкалық теориясын жасауға мүмкiндiк бердi. Термодинамиканың ең басты принциптерi Томсон (Кельвин) температурасының абсолют шкаласына және оның тапқан энергия диссипациясының принципiне негiзделген.
Томсон көзқарасына термодинамика, гидродинамика, электромагнетизм, серпiмдiлiк теориясы, жылу, математика, техника салалары кiрдi. Студенттiк кезiнде Томсон Фурье қатарының физика салаларында қолданылуы жайлы бiрнеше статьяларды жариялады. Парижде стажер болып жүрiп, «айналы бейнелеу» атын алған, электростатиканың есептерiн шығару әдiсiн тапты(1846). 1851 жылы (Р.Клаузиустан тәуелсiз) темродинамикның екiншi бастамасы теориясын тұжырымдады. Энергияның диссипациясы түсiнiгiн енгiздi. Электромагниттiк тербелiс теориясының негiзiн және 1853 жылы контурдың өзiндiк тербелiсінiң периодының оның сыйымдылығы мен индуктивтiлiгiнен тәуелдiлiгiн қалады (Томсон формуласы). 1856 жылы үшiншi термодинамикалық эффектiсiн ашты (алғашқы екеуi – Электр Қозғаушы Күшiнiң (ЭҚК) пайда болуы мен Пельтье жылуының бөлiнуi), температура градиентi бар кезiндегi өткiзгiш бойымен тоқтың өтуiнiң нәтижесiнде «Томсон жылуының » бөлiнуiнен тұратын, Томсон эффектiсi.
Алғашқы трансатлантикалық кабельдердi төсеуде бас ақыл берушi ғалым болды. Бiрқатар электрометрлiк құралдарды ойлап тапты: «кабельдiк» гальванометр, квадратты және абсолютты электрометрлер, мареограф (теңiздер мен өзендер суының биiктiгiн тiркейтiн құрал).
1892 жылы Томсонға барон титулы берiлдi. 1896 жылы Санк-Петербургтағы Ғылым Академиясына мүше болып сайланды.
Уильям Томсон Ларгсте (Шотландия) 1907 жылы 17 желтоқсанда қайтыс болады.
sanatez.ucoz.ru