12 Қыркүйек 2013, 09:12
Публицистиканың теоретиктері бұл жанрды ұзақ уақыт бойы байқамай келген. Оны репортаж, корреспонденция, мақала жанрына да жатқызылуы заңды құбылыс. Журналистік зерттеудің қазақ журналистикасында қалыптасуы мен дамуы XX ғасырдың екінші жартысынан бастау алады. Әсіресе, 1980-90 жылдары жылдары соттық отырысты мұқият зерттейтін корреспонденциялар көбейді. Тэжірибе көрсеткендей, эр жанрдың қалыптасуы мен дамуы ондаған жылдарды талап етеді. Журналистиканың жанр теориясы тэжірибеден туындайды жэне тэжірибеге негізделеді. Қазақстандағы журналистік зерттеудің қалыптасуы да ондаган жылдарга созылған.
Америкада журналистік зерттеудің пайда болуы 1930 жылдармен, яғни Америкадағы экономикалық дағдарыс кезеңімен тұспа-тұс келеді. Сол кезде газеттің тәжірибесі газеттік публицистиканың жаңа жанрын журналистік зерттеуді өмірге алып келген.
Кеңес журналистикасында жаңа жанрдың пайда болуы мен қалыптасыу М.Е.Кольцовтың шығармашылығында байқалған. 1980 жылы шыққан «Теория и практика советской периодической печати» атты оқу құралында журналистік зерттеу ұғымы әлі аталмайды, Ол КСРО мен Ресей аумағында 1990 жылдардың басында пайда болғаны белгілі.
Зерттеу жанрының америкалық үлгісі мен ресейлік үлгісінің арасында біршама өзгешеліктер бар. Дэвид Вейер, Дэн Нойес журналистік зерттеу туралы былай дейді: «Зерттеуді бастай отырып жақсы дерек жинау қажет. Журналистік зерттеу жанры әлеуметтік тұрақсыздық пен түрлі революциялар кезеңінде дамиды. Журналистік зерттеуде дерек өте құнды болып келеді. Алайда репортер осы деректерді жинап, әрі реттегенде, мақалада автордың бағасы пайда болады. Ол оқырманның қабылдауына зор ықпал етеді»,-дейді. Осындай туындының авторы өз пікірінің объективтілігін дәлелдейді.
Журналист эрқашан өз пікірі мен дерегіне қайшы келетін жағдайлардан аулақ болуы тиіс. Журналистер үшін ең басты ереже -мақала зерттеу субъектісі жарияланбас, не тапсырмас бұрын кез-келген кінэлауға жауап беру мүмкіндігіне ие болу.
«Объективтілік» ұғымынан бас тарту «шындықтың» мақаладан алып тасталынуын не «объективтіліктің» журналистік зерттеуде маңызды рөл атқармағанын білдірмейді. Керісінше, зерттеуші-журналист бұл жағдайда ешқашан нүкте қоюға болмайтынын ескеріп, оқиға арқылы оның түп-тамырына жетіп, шындықты табуға талпынады»,- дейді зерттеушілер.
АҚШ журналистерінің әдістемесіне сәйкес, журналистік зерттеу әдісінің мәні - құрғақ дерек арқылы емес авторлық бағалау арқылы жетістікке жету. АҚШ-тағы журналистік зерттеудің концепциясы -қасақана еместік. Көріп отырғанымыздай, бұл АҚШ журналистикасының теориясы мен тәжірибесіндегі жаңашылдық. Отандық журналистикада деректерге шынайы мән беру арқылы, нақты, әрі тексерілген авторлық позиция көптеген талантты журналистердің шығармашылығында баршылық.
Журналистік зерттеу жанрында корреспонденция, мақала, очеркке сәйкес белгілер кездеседі. Журналистік зерттеудің басқа жанрлардан төмендегідей ерекшеліктері бар: зерттеудің мақсаты; зерттеудің пәні; зерттеудің әдісі; алынған материалды мазмұндау тәсілі өзгеше болуы тиіс.
Дереккөз: Меңдігүл Шындалиева
«Публицистика жанрлары мен пішіндері» Астана,2012.