Колонка, Серия(цикл)

12 Қыркүйек 2013, 09:11

Колонка - қазақ журналистикасының қайта құру кезеңіңде кең таралған жанр түрі. Баспасөз тәжірибесіне ол сараптаманы берудің батыстық үлгісімен бірге келді. Газет бетіндегі колонканы жеңіл табуға болады. Колумнистердің мәтіндері (батыста колонка авторларын осылай атайды, ағылшынның «соіymn» деген сөзінен шыққан) үнемі бір бетте және сол орында шығып тұрады, тұрақты көлемі екі жүз жолды құрайды. Жанрлық жағынан колонка өзінің бойына эссе ерекшеліктерін (колонкаға қойылатын басты жанрлық талап - «бір ғана көзқарасты ұстану, тек өзінің «пікірімен, стилімен сипаттау»,- деген пікір бар. Фельетон элементтерін де (колонканың ирониялық, сыни үлгісі) бойына топтастырады. Кейде колонка тұтастай талдамалы (рецензия, шолу, түсініктеме) немесе көркем-публицистикалық (эссе, фельетон) жанрында жазылған туынды ретінде көрініс табады. Колонкадағы автор бейнесі жұртшылыққа колумнистің беделінің арқасында көрінеді. Батыста бұл рөл өте құрметті жэне тек редакциясының жетекші қызметкеріне беріледі, сондай-ақ саясаткерлерге, экономистерге, ғалымдарға, мәдениеттанушыларға, не болмаса, олардың таңдап алған типтік бейнесі арқылы қызғылықты болады. Серия (немесе цикл) - бұл бір-бірімен тақырыптары, тұжырымдамалары, ортақ жүргізушілері, негізгі қызмет етуші тұлғаларымен өте тығыз байланысты бағдарламалардың жиынтығы. Серия - белгілі бір уақыт аралығында эфирге шығып тұратын дербес бағдарламалардан тұрады. Мысалы, заманауи журналистика туралы «Коридори четвертой власти» атты 12 бағдарламалардан тұратын цикл «НТВ» телеарнасынан көрсетілді. Оның алғашқы бағдарламасында 1988 жылдан кейін 20 жыл ішінде орыс журналистикасында орын алған өзгерістер туралы айтылып, негізгі мәселелері қаралған болатын. Одан кейінгі шығарылымдарында журналист аттап өтпейтін жаңалықтардың құндылығы туралы, этникалық келіспеушіліктер жайында, содан кейін редакцияның камерадан тыс өмірі туралы, жергілікті БАҚ туралы айтылды. БАҚ пен мемлекет, қоғамның билікті масс-медия арқылы бақылап отыру құқығы жайындағы мәселелерге ерекше көңіл бөлінген. Қоғамды БАҚ-пен кері байланысты қамтамасыз ету - хаттан ток-шоуға дейін, баспасөздің рөлі, сайлау науқаны кезіндегі радио мен телеарнаның рөлі, БАҚ-тағы аудитория мүддесінің ұсынылуы, соғыстағы журналист, масс-медианы қаржыландыру көздері және тәуелсіздік мәселелері, БАҚ-қа жаңа технологиялардың ықпал етуі сияқты барлық сұрақтар бағдарламаның серияларында жан-жақты талқыланады. Оған белгілі отандық және шетелдік журналистер, саяси қайраткерлер, БАҚ-тың басшылары, тәуелсіз сарапшылар, қоғамдық бірлестік өкілдері, телерадио тындаушылары мен көрермендер қатысып отыруына болады.   Дереккөз: Меңдігүл Шындалиева «Публицистика жанрлары мен пішіндері» Астана,2012.

Колонка - қазақ журналистикасының қайта құру кезеңіңде кең таралған жанр түрі. Баспасөз тәжірибесіне ол сараптаманы берудің батыстық үлгісімен бірге келді. Газет бетіндегі колонканы жеңіл табуға болады. Колумнистердің мәтіндері (батыста колонка авторларын осылай атайды, ағылшынның «соіymn» деген сөзінен шыққан) үнемі бір бетте және сол орында шығып тұрады, тұрақты көлемі екі жүз жолды құрайды.

Жанрлық жағынан колонка өзінің бойына эссе ерекшеліктерін (колонкаға қойылатын басты жанрлық талап - «бір ғана көзқарасты ұстану, тек өзінің «пікірімен, стилімен сипаттау»,- деген пікір бар. Фельетон элементтерін де (колонканың ирониялық, сыни үлгісі) бойына топтастырады. Кейде колонка тұтастай талдамалы (рецензия, шолу, түсініктеме) немесе көркем-публицистикалық (эссе, фельетон) жанрында жазылған туынды ретінде көрініс табады.

Колонкадағы автор бейнесі жұртшылыққа колумнистің беделінің арқасында көрінеді. Батыста бұл рөл өте құрметті жэне тек редакциясының жетекші қызметкеріне беріледі, сондай-ақ саясаткерлерге, экономистерге, ғалымдарға, мәдениеттанушыларға, не болмаса, олардың таңдап алған типтік бейнесі арқылы қызғылықты болады.

Серия (немесе цикл) - бұл бір-бірімен тақырыптары, тұжырымдамалары, ортақ жүргізушілері, негізгі қызмет етуші тұлғаларымен өте тығыз байланысты бағдарламалардың жиынтығы. Серия - белгілі бір уақыт аралығында эфирге шығып тұратын дербес бағдарламалардан тұрады. Мысалы, заманауи журналистика туралы «Коридори четвертой власти» атты 12 бағдарламалардан тұратын цикл «НТВ» телеарнасынан көрсетілді. Оның алғашқы бағдарламасында 1988 жылдан кейін 20 жыл ішінде орыс журналистикасында орын алған өзгерістер туралы айтылып, негізгі мәселелері қаралған болатын. Одан кейінгі шығарылымдарында журналист аттап өтпейтін жаңалықтардың құндылығы туралы, этникалық келіспеушіліктер жайында, содан кейін редакцияның камерадан тыс өмірі туралы, жергілікті БАҚ туралы айтылды. БАҚ пен мемлекет, қоғамның билікті масс-медия арқылы бақылап отыру құқығы жайындағы мәселелерге ерекше көңіл бөлінген.

Қоғамды БАҚ-пен кері байланысты қамтамасыз ету - хаттан ток-шоуға дейін, баспасөздің рөлі, сайлау науқаны кезіндегі радио мен телеарнаның рөлі, БАҚ-тағы аудитория мүддесінің ұсынылуы, соғыстағы журналист, масс-медианы қаржыландыру көздері және тәуелсіздік мәселелері, БАҚ-қа жаңа технологиялардың ықпал етуі сияқты барлық сұрақтар бағдарламаның серияларында жан-жақты талқыланады. Оған белгілі отандық және шетелдік журналистер, саяси қайраткерлер, БАҚ-тың басшылары, тәуелсіз сарапшылар, қоғамдық бірлестік өкілдері, телерадио тындаушылары мен көрермендер қатысып отыруына болады.

 

Дереккөз: Меңдігүл Шындалиева

«Публицистика жанрлары мен пішіндері» Астана,2012.

Бөлісу: