12 Қыркүйек 2013, 09:10
Пресс-конференция - бірнеше интервьюерлердің белгілі бір саланы жақсы білетін бір, не одан да көп адамдарға сұрақ қоюы арқылы ерекшеленетін сұхбаттың түрі.
Брифинг - журналистерге айтулы оқиға туралы қысқа түсінік беріп, оның жалпы барысы туралы баяндап, талқылануға тиіс тақырыптарға тоқталып өтетін жиын. Егер тақырып жалпы халықтың қызыіушылыгын тугызатын болса, кез келген пресс-конференциясы бір уақытта телевизиялық бағдарламаға айналып шыға келуі әбден мүмкін.
Телевизияның талдамалы публицистикалық жанры ретінде пресс-конференцияны журналистердің өздері де өткізуі мүмкін. Мұндай телевизиялық пресс-конференциясы кейде дауға ұласып, көрермендерді еліктіре түседі. Мұндайда телеаудиторияның өзі шындықты бірлесе іздеуге қызу кірісіп кетеді. Телевизиялық пресс-конференциясына көбіне режиссуралық қысқартуларга түспейді. Кейде тікелей эфир арқылы таратылады. Бұл пресс-конференцияның да эрбір азамат сақтауга тиісті заңдылықтары болады.
Жүргізуші пресс-конференцияға қатысушыларды таныстырып, олардың аз-кем сөйлеуіне мүмкіндік тугызады. Кейде мэселе жалпыға бірдей түсінікті болған жағдайда бірден сұрақтарға жауап беруден басталады. Бірақ, сұрақ қою пресс-конференцияға төрағалық етуші адамның рұқсатымен жүзеге асады. Бұл жерде сұрақ қоюшы микрофон жеткенше шыдамдылық танытқаны дұрыс. Микрофон қолға тиген соң өзіңізді таныстырып, қай БАҚ-тан келгеніңізді айтып кеткеніңіз абзал. Сұрағыңызды жүйелі құрып, нақты, анық қоя білу де өнер. Бірнеше сұрақты бірінен соң бірін жаудыра берудің нәтижесі толымсыз жауап болмақ. Сондықтан, ой бір сұраққа сыйып тұрғаны абзал. Жауап берушімен жағаласып, жарысып сөйлеу - әдепсіздік.
Егер зал үлкен болса, сұрақты орныңыздан тұрып қойыңыз (бұл жауап беріп отырған адамның және камераға түсіріп жүрген оператордың сізді тез тауып алуына көмектеседі). Сіз жауап берушінің сезін дұрыс тыңдамай немесе оның айтқандарын қасыңыздағы әріптесіңізге қабаттаса түсіндіріп тұрсаңыз, не отырған қонақтарға басқа да жағымсыз қылықтарыңызбен әдепсіздік көрсетсеңіз бұл ісіңіз жайсыз атмосфера қалыптастырады. Оның үстіне сіз бұл кезде камераның «қарауылында» тұрасыз.
Пресс-конференциялар (міндетті түрде) жалпы халықтың қызығушылығын туғызатын маңызды мәселелерге арналады. Пресс-конференция экономикалық, саяси, ғылыми мәселелерді терең қаузауға, жан-жақты талдауға кұрылады.
Сырттай қарағанда журналистің пресс-конференцияға қатысуы қарапайым жұмыс. Ол отырады, тыңдайды, сұрақ қояды. Бірақ бұл телевидениедегі оңай жанр деп түсінуге болмайды. Себебі, журналист камера үлкен планда еркін ала алатындай қашықтықта отыруы керек. Еш нәрсені қалт жібермей мұқият тыңдау керек. Дұрыс сұрақ қою - бұл кез-келген адамға бірден беріле салмайтын шеберлік.
Дереккөз: Меңдігүл Шындалиева
«Публицистика жанрлары мен пішіндері» Астана,2012.