Әдеби рецензия

12 Қыркүйек 2013, 09:08

Көркем әдебиетті халыққа насихаттаудың бірден-бір әдісі - әдеби рецензия. Баспасөз бұл іске, тіпті, бүкіл халық бұқарасы болып, кең араласып, ол жөніндегі өз пікірлерін білдіруге ұмтылады. Көркем әдебиеттің жеке шығармалары туралы пікір айту, олар туралы көпшілік пікірін білдіру - баспасөз орындары үшін жауапты да, құрметті міндет. Ал, мақала-рецензияда көркем шығарма жан-жақты терең талданады және шығарманың әдебиеттен алатын орнына баға беріледі. Шығармадағы басты кейіпкерлерге талдау жасалады. Шығарманың жалпы идеясы, тақырыбы, тілі жөнінде де толық пікірлер білдіріледі. Жалпы әдеби сын атаулыға қатысты сипаттардың, принциптердің, қызметтердің бәрі де рецензияның бойынан табылады. Біздің негізге алып отырған «Қазақ әдебиеті» газетінде ел тәуелсіздік алғалы бергі сандарына көз жүгіртсек, рецензия жанрының жаңаша беталысын аңғарамыз. Әсіресе, газеттің 1990 жылдардан бергі сандары қазақ тіліндегі ғылыми маңызы бар оқулықтар мен әдебиеттердің жарық көріп жатқандығын айғақтайтын сын мақалаларды үздіксіз басып отырған. Т.Кәкішев айтқандай, жаңа кітаптың шыққандығы туралы хабарлайтын жарнама-сынды, аннотацияны (қысқаша мазмұн) «Қазақ әдебиеті» газетінен кездестіреміз. Мысалы, Бекқүлы Бердігожиннің жаңа кітап айдарына жазған «Берекелі бетбұрыс» атты мақаласы Серік Қирабаевтың «Жүсіпбек Аймауытов» дейтін еңбегіне арналган. Бұл мақаланың құрылымьша қарай аннотацияға жақындығын аңғару қиын емес. Көлемі жағынан еңбектің тарауларын жеке-жеке талдауы жағынан алғанда рецензияға жақындайды. Алайда, Б.Бердіғожин ғалым еңбегіне жоғары баға беріп кітапты жарнамалайын деп емес, «алыптар тағдырына деген берекелі бетбұрыстың басы» екенін айтуды мақсат етіп жазғанға ұқсайды. Демек, баспасөз бетінде жарық көретін әдеби сын, пікірлердің қатып қалған ережесі жоқ дейтін қорытьшдыға келуге болады. Қарап отырсақ, рецензия жанрын кейде рецензия - мақала, рецензия - хат т.с.с. атаумен қатар рецензия - пікір деп те бөлген дұрыс. "Қазақ әдебиеті" газетінен "Пікір" деп қана немесе "Жаңа кітап" деп, не болмаса "Рецензия орнына" деп айдар тағылып жазылған рецензиялар көп кездеседі. Әдеби сын жазушы қаламгер кез-келген кітаптан алған әсерін оқырманға толық, әрі дәлме-дәл жеткізе білуі тиіс. Осыған орай, Несіпбек Айтұлыньщ авторлығымен шыққан Оразалы Сұлтан Шәріпұлының "Жүректің көзі ашылса" атты кітабына жазылған "Кітап - ғұмыр" дейтін рецензиясын өз кезегінде сәтті шыққан деуге болады. Себебі, әдебиет саласында еңбек сіңіріп жүрген Несіпбек Айтұлының бұл кітапқа білдірген пікірі толық талдаумен, дәлелдеумен ашылған. Автор өзінің кітап авторының жазу шеберлігіне айтқан әрбір көзқарасын дәлелдеп, мысалдар келтіреді: "Сұлтан Оразалинов теледидарда шебер ұйымдастырушы, білікті басшы ғана емес, өзі де қалам қайратын сарқа жұмсаған жазушы, сценарист ретінде кеңінен танылды. Бұған осы кітапқа кірген үш жүзге жуық әдеби сценарий мен ой толғамдары айғақ" немесе "Кітаптың келесі бөлімі «Телепьесалар» өзіндік көркем ерекшеліктерімен С. Оразалиновтың қаламгерлік қырының тағы бір жарқын бетін ашқандай көңіл оятады. Автордың теледрама табиғатын жете білетіндігі осында топтасқан әр шығармадан шырай береді",-дейді. Біз бұл материалдан рецензияға да, пікірге де лайық талаптарды көрдік. Сондықтан рецензия-пікір деп те айдарлауға болатьш еді. Рецензия жанрын зерттеу барысында рецензентке қойылатын талаптарға тоқталдық жэне рецензия жазуға кіріспес бұрын жоспар құру, бір кітапты толығьмен зерттеп оқу, оны бағалауыштық көзқараспен баяндау ескертілген.     Дереккөз: Меңдігүл Шындалиева «Публицистика жанрлары мен пішіндері» Астана,2012.

Көркем әдебиетті халыққа насихаттаудың бірден-бір әдісі - әдеби рецензия. Баспасөз бұл іске, тіпті, бүкіл халық бұқарасы болып, кең араласып, ол жөніндегі өз пікірлерін білдіруге ұмтылады. Көркем әдебиеттің жеке шығармалары туралы пікір айту, олар туралы көпшілік пікірін білдіру - баспасөз орындары үшін жауапты да, құрметті міндет. Ал, мақала-рецензияда көркем шығарма жан-жақты терең талданады және шығарманың әдебиеттен алатын орнына баға беріледі. Шығармадағы басты кейіпкерлерге талдау жасалады. Шығарманың жалпы идеясы, тақырыбы, тілі жөнінде де толық пікірлер білдіріледі. Жалпы әдеби сын атаулыға қатысты сипаттардың, принциптердің, қызметтердің бәрі де рецензияның бойынан табылады. Біздің негізге алып отырған «Қазақ әдебиеті» газетінде ел тәуелсіздік алғалы бергі сандарына көз жүгіртсек, рецензия жанрының жаңаша беталысын аңғарамыз. Әсіресе, газеттің 1990 жылдардан бергі сандары қазақ тіліндегі ғылыми маңызы бар оқулықтар мен әдебиеттердің жарық көріп жатқандығын айғақтайтын сын мақалаларды үздіксіз басып отырған. Т.Кәкішев айтқандай, жаңа кітаптың шыққандығы туралы хабарлайтын жарнама-сынды, аннотацияны (қысқаша мазмұн) «Қазақ әдебиеті» газетінен кездестіреміз. Мысалы, Бекқүлы Бердігожиннің жаңа кітап айдарына жазған «Берекелі бетбұрыс» атты мақаласы Серік Қирабаевтың «Жүсіпбек Аймауытов» дейтін еңбегіне арналган. Бұл мақаланың құрылымьша қарай аннотацияға жақындығын аңғару қиын емес. Көлемі жағынан еңбектің тарауларын жеке-жеке талдауы жағынан алғанда рецензияға жақындайды. Алайда, Б.Бердіғожин ғалым еңбегіне жоғары баға беріп кітапты жарнамалайын деп емес, «алыптар тағдырына деген берекелі бетбұрыстың басы» екенін айтуды мақсат етіп жазғанға ұқсайды. Демек, баспасөз бетінде жарық көретін әдеби сын, пікірлердің қатып қалған ережесі жоқ дейтін қорытьшдыға келуге болады.

Қарап отырсақ, рецензия жанрын кейде рецензия - мақала, рецензия - хат т.с.с. атаумен қатар рецензия - пікір деп те бөлген дұрыс. "Қазақ әдебиеті" газетінен "Пікір" деп қана немесе "Жаңа кітап" деп, не болмаса "Рецензия орнына" деп айдар тағылып жазылған рецензиялар көп кездеседі.

Әдеби сын жазушы қаламгер кез-келген кітаптан алған әсерін оқырманға толық, әрі дәлме-дәл жеткізе білуі тиіс. Осыған орай, Несіпбек Айтұлыньщ авторлығымен шыққан Оразалы Сұлтан Шәріпұлының "Жүректің көзі ашылса" атты кітабына жазылған "Кітап - ғұмыр" дейтін рецензиясын өз кезегінде сәтті шыққан деуге болады. Себебі, әдебиет саласында еңбек сіңіріп жүрген Несіпбек Айтұлының бұл кітапқа білдірген пікірі толық талдаумен, дәлелдеумен ашылған. Автор өзінің кітап авторының жазу шеберлігіне айтқан әрбір көзқарасын дәлелдеп, мысалдар келтіреді: "Сұлтан Оразалинов теледидарда шебер ұйымдастырушы, білікті басшы ғана емес, өзі де қалам қайратын сарқа жұмсаған жазушы, сценарист ретінде кеңінен танылды. Бұған осы кітапқа кірген үш жүзге жуық әдеби сценарий мен ой толғамдары айғақ" немесе "Кітаптың келесі бөлімі «Телепьесалар» өзіндік көркем ерекшеліктерімен С. Оразалиновтың қаламгерлік қырының тағы бір жарқын бетін ашқандай көңіл оятады. Автордың теледрама табиғатын жете білетіндігі осында топтасқан әр шығармадан шырай береді",-дейді. Біз бұл материалдан рецензияға да, пікірге де лайық талаптарды көрдік. Сондықтан рецензия-пікір деп те айдарлауға болатьш еді.

Рецензия жанрын зерттеу барысында рецензентке қойылатын талаптарға тоқталдық жэне рецензия жазуға кіріспес бұрын жоспар құру, бір кітапты толығьмен зерттеп оқу, оны бағалауыштық көзқараспен баяндау ескертілген.

 

 

Дереккөз: Меңдігүл Шындалиева

«Публицистика жанрлары мен пішіндері» Астана,2012.

Бөлісу: