Баспасөз рецензиясы

12 Қыркүйек 2013, 09:07

Баспасөз беттерінде көбінесе әдеби сынның рецензия жанры жиі кездеседі. Рецензия дегеніміз не, оның талаптары мен міндеттері қандай? Бұл тұста қандай пікірлер бар дейтін сұрақтарға жауап беруге тура келеді. Рецензия жанры туралы түрлі оқулықтарда әртүрлі пікірлер жазылған. Рецензия әдебиет сынының жанры болғандықтан, әдебиеттанудың терминологиялық сөздігінде: «Рецензия - (лат. тілінен аударылған, «гесепвіо» - қарастыру, тексеру деген мағынаны береді) керкем өнер немесе әдебиет сынының жанры, коркем шығармаиы талдап, баға беру, пікір қорыту»,- деген анықтама берілген. Рецензия мақалаға өте ұқсас келеді, бірақ өзіндік айырмашылықтары бар. Рецензияда қоғам өмірінен алынған құбылыстар мен әдеби шығармалардың мәні, мазмұны, бейнелеу өзгешелігі жайлы сөз қозғалады. Талданып отырған шығармаға айқын баға беріліп, сол шығармада баяндалған өмір құбылысына сыншыл көзқарас білдіріледі. Рецензия авторға немесе редакторға олардың өзінің жетістіктері мен қателіктерін айтып, оқырманға керек кітаптарды табуға жол ашуға үлес қосады. Сонымен қатар, рецензия кітаптың, киноның, театр қойылымының насихатталуы мен таралуы үшін маңызды құрал. Ең алғаш баспасөз беттерінде шыққан рецензиялар публицистикалық сипатта болды. Оның негізгі мақсаты жақсы кітаптың жақсылығын жариялап, кемшілігі бар болса халыққа ескертуді мақсат етеді. Л.Соболевтің «Литература и наша современность» атты баяндамасында: «Рецензия ұсақ емес, ол - ұлы іс. Рецензияның көптеп басылуы, біріншіден, біздің кітаптардың оқылып жатқандығын, екіншіден, сол кітаптың түсінілуін, яғни оқырман санасына эсер қалдыруын білдіреді»,-деген ой айтады. Мақала-рецензияда көркем шығарма жан-жақты терең талданады және шығарманың әдебиеттен алатын орнына баға беріледі. Шығармадағы басты кейіпкерлерге талдау жасалады. Шығарманың жалпы идеясы, тақырыбы, тілі жөніңде толық пікірлер білдіріледі. Жалпы әдеби сынға қатысты сипаттардың, принциптердің бәрі де рецензияның бойынан табылады. Осы тұрғыдан келгенде, рецензия сын жанрларьшың ішінде ең жедел және «сегіз қырлы, бір сырлы» жанр болып есептеледі. Ол көркемдік дамумен бірге пішіндік, құрылымдық, мазмұндық жағынан жетік болуы керек. Бұл жанр әрбір шығарманың идеясын айқын ашып, оның тәлім-тәрбиелік мәні мен көркемдік жақтарын халыққа жеткізуі, құнды шығармаларды дер кезінде көпшілік окырманға таныта білуі қажет болып табылады. Яғни, рецензия мерзімді баспасөз үшін аса ыңғайлы жанр. Рецензент көркем туындылардағы образдарды, деректерді, оқиғалар мен құбылыстарды өмірдегі тәжірибелермен салыстырып отырады. Ғалым Д.Ысқақүлы сын туралы: «Сынның міндеті осы нақтылы деректі идеямен емес, басқа бір дерекпен салыстырып, теңдестіруі тиіс, сында екі деректің екеуі де мүмкіндігінше дэл зерттелуі қажет және бұл нақтылы деректер, бір-біріне карағанда, дамудың түрлі кезеңдерін көрсететін болуы қажет, оның бер жағында, әсіресе, түрмыстағы, бізге белгілі қалыптар түгелімен, олардың сабақтастығы және дамудың түрлі сатыларының арасындағы байланыс нақ осылай дәлдікпен зерттелуі қажет», - деген тұжырым айтады.   Дереккөз: Меңдігүл Шындалиева «Публицистика жанрлары мен пішіндері» Астана,2012.

Баспасөз беттерінде көбінесе әдеби сынның рецензия жанры жиі кездеседі. Рецензия дегеніміз не, оның талаптары мен міндеттері қандай? Бұл тұста қандай пікірлер бар дейтін сұрақтарға жауап беруге тура келеді. Рецензия жанры туралы түрлі оқулықтарда әртүрлі пікірлер жазылған. Рецензия әдебиет сынының жанры болғандықтан, әдебиеттанудың терминологиялық сөздігінде: «Рецензия - (лат. тілінен аударылған, «гесепвіо» - қарастыру, тексеру деген мағынаны береді) керкем өнер немесе әдебиет сынының жанры, коркем шығармаиы талдап, баға беру, пікір қорыту»,- деген анықтама берілген.

Рецензия мақалаға өте ұқсас келеді, бірақ өзіндік айырмашылықтары бар. Рецензияда қоғам өмірінен алынған құбылыстар мен әдеби шығармалардың мәні, мазмұны, бейнелеу өзгешелігі жайлы сөз қозғалады. Талданып отырған шығармаға айқын баға беріліп, сол шығармада баяндалған өмір құбылысына сыншыл көзқарас білдіріледі. Рецензия авторға немесе редакторға олардың өзінің жетістіктері мен қателіктерін айтып, оқырманға керек кітаптарды табуға жол ашуға үлес қосады. Сонымен қатар, рецензия кітаптың, киноның, театр қойылымының насихатталуы мен таралуы үшін маңызды құрал.

Ең алғаш баспасөз беттерінде шыққан рецензиялар публицистикалық сипатта болды. Оның негізгі мақсаты жақсы кітаптың жақсылығын жариялап, кемшілігі бар болса халыққа ескертуді мақсат етеді. Л.Соболевтің «Литература и наша современность» атты баяндамасында: «Рецензия ұсақ емес, ол - ұлы іс. Рецензияның көптеп басылуы, біріншіден, біздің кітаптардың оқылып жатқандығын, екіншіден, сол кітаптың түсінілуін, яғни оқырман санасына эсер қалдыруын білдіреді»,-деген ой айтады.

Мақала-рецензияда көркем шығарма жан-жақты терең талданады және шығарманың әдебиеттен алатын орнына баға беріледі. Шығармадағы басты кейіпкерлерге талдау жасалады. Шығарманың жалпы идеясы, тақырыбы, тілі жөніңде толық пікірлер білдіріледі. Жалпы әдеби сынға қатысты сипаттардың, принциптердің бәрі де рецензияның бойынан табылады. Осы тұрғыдан келгенде, рецензия сын жанрларьшың ішінде ең жедел және «сегіз қырлы, бір сырлы» жанр болып есептеледі. Ол көркемдік дамумен бірге пішіндік, құрылымдық, мазмұндық жағынан жетік болуы керек. Бұл жанр әрбір шығарманың идеясын айқын ашып, оның тәлім-тәрбиелік мәні мен көркемдік жақтарын халыққа жеткізуі, құнды шығармаларды дер кезінде көпшілік окырманға таныта білуі қажет болып табылады. Яғни, рецензия мерзімді баспасөз үшін аса ыңғайлы жанр. Рецензент көркем туындылардағы образдарды, деректерді, оқиғалар мен құбылыстарды өмірдегі тәжірибелермен салыстырып отырады. Ғалым Д.Ысқақүлы сын туралы: «Сынның міндеті осы нақтылы деректі идеямен емес, басқа бір дерекпен салыстырып, теңдестіруі тиіс, сында екі деректің екеуі де мүмкіндігінше дэл зерттелуі қажет және бұл нақтылы деректер, бір-біріне карағанда, дамудың түрлі кезеңдерін көрсететін болуы қажет, оның бер жағында, әсіресе, түрмыстағы, бізге белгілі қалыптар түгелімен, олардың сабақтастығы және дамудың түрлі сатыларының арасындағы байланыс нақ осылай дәлдікпен зерттелуі қажет», - деген тұжырым айтады.

 

Дереккөз: Меңдігүл Шындалиева

«Публицистика жанрлары мен пішіндері» Астана,2012.

Бөлісу: